kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5 сынып?а арнал?ан тест тапсырмалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

ttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttttt

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5 сынып?а арнал?ан тест тапсырмалары»

Тақырыбы: «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру»

1. Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т. б. заттар қоюға болмайды?
А) Өте ауыр
В) Ауа алмасу (желдету) бұзылады
С) Ұнамсыз
Д) Экран жабылып қалады.
2. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?
А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау
В) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіру
С) Пернелерді ақырын басу
Д) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу.
3. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсіру үшін не істеу керек?
А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10 - 15 минут сайын жасап отыру
В) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу
С) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау
Д) Арасында мониторды өшіріп отыру.
4. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?
А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру
В) Компьютерді ажырату батырмасын басу
С) Тұрып, кабинеттен шығу
Д) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету.
5. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу... аспауы керек.
А) 6 сағаттан
В) 45 минуттан
С) 2 сағаттан
Д) 15 минуттан.
6. Егер копьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?
А) Мұғалімді шақырамын
В) Ақауды өз бетіммен жоямын
С) Компьютерді электр желісінен ағытамын
Д) Сыныптасымнан көмек сұраймын.
7. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?
А) 10 – 15 см
В) 20 – 30 см
С) 40 – 50 см
Д) 55 – 65 см.
8. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер:
А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуға мүмкін
В) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар
С) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін
Д) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды.


Тақырыбы: «Ақпараттың түрлері және қасиеттері»

1. Адам ең көп ақпаратты ненің қөмегімен алады?
А) сезу және көрудің
В) иіскеу мен естудің
С) есту мен көрудің
Д) көру және дәмін тату арқылы.
2. Сендер электронды хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?
А) есту
В) сезу
С) көру
Д) жазбаша.
3. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізінен ақпараттың қай түрінен жатады?
А) мәтіндік және графикалық
В) графикалық және естілетін
С) электромагниттік және көрінетін
Д) цифрлық және музыкалық.
4. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?
А) қағазды
В) дискіні
С) тасты
Д) суды.
5. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?
А) биді
В) суреттерді
С) қимылды
Д) дыбысты.
6. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жіткіземіз?
А) кітап
В) радио
С) журнал
Д) плакат.
7. Қайсысы ақпараттың қасиеттеріне жатады?
А) объективтілігі және толықтығы
В) барлық жауап дұрыс
С) жеткіліктігі
Д) қолжетімділігі және өзектілігі.

3. Тақырыбы: «Ақпаратты өңдеу тәсілдері»

1. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:
А) Теледидар көру
В) Дәптерге жазу
С) Кітап оқу
Д) Телефонмен сөйлесу.
2. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты:
А) Ақпаратты өңдеу
В) Ақпаратты сақтау
С) Ақпаратты жеткізу
Д) Ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу.
3. Ақпаратты іздеуге не жатады?
А) Электрондық поштамен ақпарат алу
В) Компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу
С) Кітап мазмұнымен жұмыс істеу
Д) Мәтіндерді басқа тілге аудару.
4. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үдеріс:
А) Кітапханадан кітап іздеу
В) Телефон арқылы сөйлесу
С) Музыка тыңдау
Д) Табиғат құбылысын бақылау.
5. Ақпарат алу – ол:
А) Үй жұмысын орындау
В) Ағаш көшеттерін отырғызу
С) Музыка тыңдау
Д) Математикадан есеп шығару.
6. Адам үшін ұялы телефон – ол:
А) Ақпарат көзі
В) Ақпарат қабылдаушы
С) Ақпаратты өңдеу құралы
Д) Байланыс құралы.
7. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үдеріс?
А) Ақпаратты тасымалдау
В) Ақпаратты іздеу
С) Ақпаратты өңдеу
Д) Ақпаратты сақтау.

Тақырыбы: «Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері»

1. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
А) Әріптер
В) Мәтіндер
С) Сандар
Д) Нөл мен бірлер.
2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) Бит
В) Байт
С) 1
Д) Әріп.
3. Бір байт – ол:
А) 10 бит
В) 16 бит
С) 8 бит
Д) 4 бит.
4. Бір символдық мәтін әдетте... кодталады:
А) 1 битпен
В) 1 байтпен
С) Әріппен
Д) Он битпен.
5. 1 Кбайт – ол:
А) 100 бит
В) 1000 байт
С) 1024 байт
Д) 1500 байт.
6. 1 Мбайт – ол:
А) 100 Кбайт
В) 1000 байт
С) 1024 Кбайт
Д) 1500 Кбайт.
7. 1 Гбайт – ол:
А) 1024 Мбайт
В) 100 Кбайт
С) 1000 Мбайт
Д) 1500 Мбайт.
8. «Information» сөзінде қанша бит бар?
А) Ақпаратты тасымалдау
В) Ақпаратты іздеу
С) Ақпаратты өңдеу
Д) Ақпаратты сақтау.
9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?
А) Мәтін
В) Сурет
С) Музыка
Д) Видео.
10. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?
А) Мәтін
В) Сурет
С) Музыка
Д) Видео.

5. Тақырыбы: «Компьютер - әмбебап есептеуіш машина»

1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу
В) Басқару
С) Ақпаратты іздеу
Д) Құжат құру.
2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет
В) Операциялық жүйе
С) Операциялық қабыршық
Д) Windows.
3. Артығын көрсет:
А) Суперкомпьютер
В) Үлкен компьютер
С) Дербес компьютер
Д) Кіші компьютер.
4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) Үйде
В) Офисте
С) Өндірісте
Д) Ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін.
5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер
В) Дербес компьютер
С) Суперкомпьютер
Д) Сервер.
6. Ноутбук компьютердің қай түріне жатады?
А) Суперкомпьютер
В) Үлкен компьютер
С) Дербес компьютер
Д) Сервер.
7. Нетбук деген не?
А) Шағын мөлшерлі ноутбук
В) Алақан компьютері
С) Интернетке қосылған дербес компьютер
Д) Оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі.
8. Сервер – ол:
А) Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер
В) Суперкомпьютер
С) Үлкен компьютер
Д) Ақпарат сақтауға арналған компьютер.


Тақырыбы: «Компьютердің құрылымы»

1. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?
А) Процессор
В) Принтер
С) Дискжетек
Д) Жедел жады.
2. Компьютерде деректерді сақтау үшін керек құрылғы:
А) Жады
В) Процессор
С) Дискжетек
Д) Монитор.
3. Нені өшірсек компьютер жұмыс істей алмайды?
А) Дискжетек
В) Жедел жады
С) Тышқан
Д) Принтер.
4. Ақпарат компьютердің қай құрылғысында өңделеді?
А) Пернетақта
В) Монитор
С) Сыртқы жады
Д) Процессор.
5. Ақпаратты енгізу құрылғысы?
А) Процессор
В) Принтер
С) Пернетақта
Д) Компьютердің жады.
6. Компьютерде дыбыстармен жұмыс істеу үшін... керек.
А) Дыбыс картасы
В) Желі картасы
С) Видеокартасы
Д) Процессор.
7. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:
А) Alt
В) Tab
С) CapsLock
Д) NumLock.
8. Орыс тілінде «,» белгісін жазу үшін нүктесі бар пернемен бірге қай пернені басу керек?
А) Shift
В) Alt
С) Tab
Д) Ctrl.
9. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?
А) Бос орын (пробел)
В) Alt
С) Tab
Д) Ctrl.
10. Enter пернесі не үшін керек?
А) Енгізу
В) Курсорды жылжыту
С) Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру
Д) Бас әріптер режимін алмастыру.

Тақырыбы: «Компьютердің қосымша құрылғылары»

1. Графикалық ақпаратты (суреттер, сызбалар және т. б.) қағаздан компьютерге енгізу құралы:
А) Сканер
В) Принтер
С) Монитор
Д) Пернетақта.
2. Төменде көрсетілгендердің қайсысы компьютердің шығару құрылғысы?
А) Сканер
В) Пернетақта
С) Тышқан
Д) Принтер.
3. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет?
А) Монитор
В) Колонкалар
С) Сканер
Д) Микрофон.
4. Артығын көрсетіңдер:
А) Сканер
В) Тышқан
С) Пернетақта
Д) Процессор.
5. Микрофон, Сканер, Тышқан қатарын төменде көрсетілген сөздердің бірімен (мазмұны бойынша) аяқтаңдар:
А) Пернетақта
В) Жүйелік блок
С) Дыбыс құлақтығы
Д) Монитор.
6. Винчестер дегеніміз:
А) Жұмсақ диск (дискета)
В) Қатты диск
С) Лазерлік диск
Д) Флешка.
7. Заманауи ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі ең үлкен?
А) Жұмсақ диск (дискета)
В) Қатты диск
С) Лазерлік диск
Д) Флешка.
8. Принтер қандай құрылғы?
А) Бір компьютерден басқасына ақпарат таситын
В) Графикалық ақпаратты енгізетін
С) Ақпаратты қағазға басып шығаратын
Д) Деректер мен программаларды ұзақ уақыт сақтайтын.
9. Орындалатын кезде программа қайда сақталады?
А) Видеожадыда
В) Жедел жадыда
С) Қатты дискіде
Д) ТСҚ - да.
10. Қайсысы ақпарат тасығыш емес?
А) Қатты диск
В) Лазерлік дискілер
С) Флеш - жады
Д) Процессор.
8. Тақырыбы: «Программалық жабдықтаманың сыныптамасы
мен жалпы сипаттамасы»

Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?
А) Аппараттық жабдықтаманы
В) Программалық жабдықтаманы
С) Жады құрылғысын
Д) Прцессорды.
2. Компьютердің программалық жабдықтамасы түрлерінің дұрыс тізімін табыңдар.
А) Басқару жүйелері, қосымшалар мен программалау жүйелері
В) Жүйелік ПЖ, қосымшалар мен программалау жүйелері
С) Программалар, ойындар, интернет - қосымшалар
Д) Жүйелік ПЖ, қосымшалар, дерек қорлары.
3. Мәтіндік процессор программалық жабдықтаманың қандай түріне жатады?
А) Жүйелік ПЖ
В) Қосымшалар
С) Программалау жүйелері
Д) Программалар.
4. Операциялық жүйелер қандай программалық өнімдердің құрамыны кіреді?
А) Қолданбалы программалық жабдықтаманың
В) Жүйелік программалық жабдықтаманың
С) Дерек қорларын басқару жүйесінің
Д) Программалау жүйелерінің.
5. Компьютер құрылғыларына қызмет көрсететін программалар қалай аталады?
А) Жүктеушілер
В) Драйверлер
С) Трансляторлар
Д) Интерпретаторлар.
6. Компьютерге қосылған принтермен жұмыс істеу үшін қандай программа керек?
А) Жүктеуіш
В) Драйвер
С) Утилита
Д) Интерпретатор.
7. ОЖ жүктелуідеген не?
А) ОЖ компьютердің жедел жадына орналасуы
В) Компьютер жұмысының басталуы
С) Сыртқы тасығыштан ақпарат оқу
Д) Винчестерден ақпарат оқу.

Тақырыбы: «Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару»

1. Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:
А) Саймандар тақтасы
В) Нысан белгішелері
С) Есептер тақтасы
Д) Бастау батырмасы.
2. Экранның сағаттағы көруге болатын аймағы:
А) Жұмыс үстелі
В) Есептер тақтасы
С) Бас мәзір
Д) Нысан белгішелері.
3. Компьютерді өшіру үшін... жеткілікті.
А) Бас мәзірдегі тиісті бұйрықты тандау
В) Компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу
С) Менің компьютерім белгішесің пайдалану
Д) Тілдер тақтасын қолдану.
4. Бас мәзірді шақыру үшін... керек.
А) Менің компьютерімді ашу
В) Бастау батырмасын басу
С) Есептер тақтасын ашу
Д) Қоржынды ашу.
5. Бас мәзірдің Құжаттар бұйрығы:
А) Музыкалар топтамасын ашады
В) Файлдарды іздетеді
С) Бейнелер топтамасын ашады
Д) Құжаттар топтамасын ашады.
6. Бас мәзірдің бейнелер бұйрығы:
А) Музыкалар топтамасын ашады
В) Құжаттар топтамасын ашады
С) Бейнелер топтамасын ашады
Д) Файлдар іздетеді.
7. Бас мәзірдің Басқару тақтасы бұйрығы:
A) Компьютердің параметрлерін баптайды
B) Файлдарды іздетеді
C) Бейнелер топтамасын ашады
Д) Принтерді баптау терезесін шығарады.

Тақырыбы: «Терезелер»

1. Windows - те қандай терезелер жоқ?
А) Бума терезелері
В) Қосымшалар терезесі
С) Сұхбаттық терезелер
D) Бас терезелер.
2. Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?
А) Терзені ашады
B) Терезені жабады
C) Барлық ашық терезелерді жабады
D) Келесі ашық терезеге ауыстырады.
3. Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жаю батырмалары жоқ?
A) Бума терезелерінің
B) Қосымшалар терезесінің
C) Сұхбат терезелерінің
D) Анықтама терезелерінің.
4. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
A) Тақырып жолында
B) Жүйелік мәзірде
C) Жай - күй жолында
D) Терезенің жұмыс аймағында.
5. Мына батырма қандай қызмет атқарады
A) Программамен жұмысты аяқтайды
B) Терезенің мөлшерін азайтады
C) Терезені толық экранға жаяды
D) Терезені жиырады.
6. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
A) Программамен жұмысты аяқтайды
B) Терезенің мөлшерін азайтады
C) Терезені толық экранға жаяды
D) Терезені жиырады.
7. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
A) Программамен жұмысты аяқтайды
B) Терезенің мөлшерін азайтады
C) Терезені толық экранға жаяды
D) Терезені жиырады.





















Тақырыбы: «Файлдар, бумалар және жарлықтар»

1. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) Файл
В) Бума
С) Программа
Д) Құжат.
2. Жарлық – ол:
А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме
В) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума
С) Арнайы түрде құрылған файл
Д) Мәтіні бар файл.
3. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
А) 100
В) 200
С) 50
Д) 255.
4. Буманы ашу үшін не істеу керек?
А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шерту
В) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шерту
С) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту
Д) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту.
5. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады?
А) Ішіне салынған
В) Ата - аналық
С) Каталог
Д) Түпкі.
6. Белгіше - ол:
А) Файл
В) Бума
С) Жарлық
Д) Компьютер.
7. Белгіше - ол:
А) Файл
В) Бума
С) Жарлық
Д) Компьютер.
8. Белгіше - ол:
А) Жүйелік бума
В) Жұмысшы бума
С) Жарлық
Д) Файл.
9. Файлға дейін толық жол: С:\кітап\әңгіме. txt. Файлдың аты қалай?
А) Кітап\әңгіме.
В) Кітап\әңгіме. txt.
С) txt.
Д) Әңгіме. txt.
10. Отправить Рабочий стол (Создать ярлык) бұйрығы:
А) Бумада көрсетілген нысан үшін жарлық құрады
В) Бумада көрсетілген нысан үшін жарлық құрады және оны Жұмыс үстеліне жөнелтеді
С) Көрсетілген нысанды жарлыққа ацыстырады
Д) Жаңа бума құрып, оның ішіне жарлық құрады.

12. Тақырыбы: «Нысандармен жұмыс істеу»

1. Windows нысандарына қолданылатын амалдардың артығын көрсетіңдер.
А) Көшіру
В) Жылжыту
С) Жою
Д) Сақтау.
2. Нысандарды көшірудің қандай тәсілі алмасу буферін қолданбайды?
А) Сtrl пернесін басып тұру, тышқанның сол жақ батырмасымен жалжытқанда
В) Пернетақталық
С) Көшірі, Кірістіру бұйрықтарымен
Д) Контекстік мәзір.
3. Пернетақтада Қиып алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады?
А) Ctrl+C
В) Ctrl+V
С) Ctrl+X
Д) Ctrl+Z.
4. Нысанды жойғаннан кейін дискіде орын босайтын тәсіл:
А) Нысанды тышқанмен Қоржынға жылжыту
В) Ерекшеленген нысанға Shift+Del пернелерін басқанда
С) Контекстің мәзірде Жою бұйрығын таңдау
Д) Нысанды ерекшелеп, Реттеу Жою бұйрығын таңдау.
5. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет:
А) Көшіру
В) Атын өзгерту
С) Жою
Д) Жылжыту.

13. Тақырыбы: «Ақпаратты іздеу, жазу және оқу»

1. Бумадағы «Құжат» файлын тез іздеу үшін не істеу керек?
А) Буманың терезесінде Д әрпі бар пернені басу
В) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу
С) Іздеуге кіріп, Д әрпі бар пернені басу
D) Іздеуге кіріп, Shift және Д пернелерін басу.
2. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:
А) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз
В) Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз
С) Tab пернесін басамыз
D) Бос орын пернесін басамыз.
3. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау
В) Ашу
С) Сақтау
D) Құру.
4. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау
В) Ашу
С) Сақтау
D) Құру.
5. Ctrl+O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау
В) Ашу
С) Сақтау
D) Құру.
6. Ctrl+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау
В) Ашу
С) Сақтау
D) Құру.
7. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімін қолдануға болады?
А) Ctrl+S
В) Ctrl+O
С) Alt+F4
D) Alt+Tab.

14. Тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы»

1. «Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) Жобалау
В) Оқу, кітап
С) Сурет, сурет салу
Д) Музыка, ән салу.
2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) Кішкене тіктөртбұрыштардан
В) Нүктелерден
С) Сызықтардан
Д) Символдардан.
3. Қандай пішіімдегі кескіндер ең сапалы болады?
А). bmp
В). jpg
С). png
Д). gif.
4. Paint программасын қалай іске қосамыз?
А) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
В) Бастау Стандарттық Paint
С) Менің құжаттарым Менің суреттерім Paint
Д) Жұмыс үстелі Қоржын Paint.
5. Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек?
А) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау
В) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетінде Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау
С) Тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту
Д) Esc пернесін басу.
6. Палитраның неше түсі бар?
А) 256
В) 2
С) 30
Д) Қанша керек болса да.
7. Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады?
А) Түстер тобы Түстерді өзгерту
В) Сурет Түстерді қайтару
С) Саймандар Түспен толтыру
Д) Файл Құру.
8. Палитрада жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?
А) Сары, сұр, қан қызыл
В) Көгілдір, қызыл, қара
С) Ақ, қызғылт сары, ақшыл көк
Д) Жасыл, қызыл, көк.
9. RGB (0, 0, 250) кодына қандай түс сәйкес келеді?
А) Қызыл
В) Жасыл
С) Көк
Д) Қара.

15. Тақырыбы: «Графикалық редактордың сурет салу құралдары»

1. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2
В) 1
С) 0
D) 4.
2. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt
В) Ctrl
С) Shift
D) Delete.
3. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті
В) Қарапайым және күрделі
С) Стандарттық және стандарттық емес
D) Жұмсақ және қатты.
4. Жай күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер
В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
С) Файлдың аты
D) Файлдың көлемі.
5. Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?
А) Бастау Басқару тақтасы
В) Paint Жұмыс үстелінің фоны ету
С) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
D) Бастау Басқару тақтасы Экранның шешімділігін баптау.
6. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба?
А) Сызуға болады
В) Болмайды
С) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
D) Адамның мүмкіндігіне байланысты.

16. Тақырыбы: «Сурет бөліктерімен жұмыс істеу»

1. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, онда:
А) Контекстік мәзір пайда болады
В) Ерекшеленген фрагмент жоғалады
С) Фрагмент басқа түске боялады
D) Ештеңе болмайды.
2. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар?
А) Қиып алу
В) Көшіру
С) Бейнелеу/бұру
D) Түсін алмастыру.
3. Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?
А) Экранның ортасына
В) Төменгі оң жақ бұрышына
С) Жоғарғы сол жақ бұрышына
D) Экранның төменгі жағына.
4. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?
А) Esc
В) Tab
С) Ctrl
D) Shift.
5. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
А) Өшіргіш
В) Мәтін
С) Қарындаш
D) Қылқалам.
6. Мәтіннің түсі?
А) Өзгертілмейді
В) Фонның түсімен бірдей
С) Палитра тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады
D) Әрқашан қара.

17. Тақырыбы: «Масштаб. Суреттің трансформациясы»

1. Егер алмасу буферінен мөлшері Paint - тегі сурет салу аймағынан үлкен суретті кірістірсек не болады?
А) Сурет қырқылады
В) Қате туралы хабарлама шығады
С) Сурет салу аймағы кеңейеді
D) Түк те болмайды.
2. Суретті вертикаль бойынша 2 есе ұлғайту үшін не істеу керек?
А) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 2 - ні жазу
В) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 200 - ді жазу
С) Суретті тышқанмен созу
D) Масштабтан 200% таңдау.
3. Масштаб сайманын көрсет.
А)
В) Ондай сайман жоқ
С)
D).
4. «Трансформация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А) Түрлену, алмасу
В) Компьютер
С) Тышқан тетігі
D) Принтер.
5. Масштабы өзгермеген сурет мәтінінің мөлшері өзгере ме?
А) Өзгемейді
В) Өзгереді
С) Мәтін жоғалып кетеді
D) Жартылай өзгереді.
6. Жай - күй жолындағы Масштаб жүгірткішінің белгісі:
А)
В)
С)
D).

18. Тақырыбы: «Суретті басуға дайындау. Суретті басу»

1. Алдын ала қарау бұйрықтары қайда орналасқан?
А) Менюде Paint батырмасының мәзірінде
В) Бас тіркеме бетінің Басып шығару тобында
С) Windows - тың Бас мәзірінде
D) Түр тіркеме бетінің Басып шығару тобында.
2. Алдын ала қарау терезесінде нені баптауға болады?
А) Жұмыс істеу аймағы
В) Беттің экранда көрсетілу масштабын
С) Беттің толтырылу бағытын
D) Беттің мөлшерін.
3. Басып шығару қағазының мөлшері:
А) Принтерден тәуелді
В) Әрқашан А4
С) Кез келген
D) Беттің параметрлері терезесінің Масштаб өрісінде өзгертіледі.
4. Суретті басып шығару үшін қолданылатын бұйрық.
А) Paint Басып шығару
В) Пуск Paint Программы Басып шығару
С) Пуск + Ctrl+Р
D) Пуск Paint.
5.... батырмасы басып шығарады.
А)
В)
С) Пуск + Ctrl+Р
D).

19. Тақырыбы: «Мәтіндік редактор»

1. Ctrl + C пернелері тікесімі қандай қызмет атқарады?
А) Ерекшеленген бөліті алмасу буферіне көшіру
В) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту
С) Алмасу буферіне мазмұнын кірістіру
D) Құжатты дискіге көшіру.
2. батырмасының қызметі:
А) Ерекшеленген бөліті алмасу буферіне көшіру
В) Құжатты алмасу буферіне жылжыту
С) Ерекшеленген бөліті алмасу буферіне жылжыту
D) Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру.
3. Символдар... анықталған жерге енгізіледі.
А) Алдыңғы символдың орнымен
В) Кез келген
С) Адреспен
D) Курсордың орнымен.
4. Қандай амал басқа барлық таңдалған көрсеткішті бұзады?
А) Мәтіннің бөлігін Жою
В) Мәтіннің бөлігін Жылжыту
С) Мәтінді сақтау
D) Мәтіннің бөлігін Көшіру.
5. Берілген үлгі бойынша мәтінді сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс:
А) Ақпаратты сақтау
В) Ақпаратты жөнелту
С) Ақпаратты өңдеу
D) Ақпаратты алу.

20. Тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу. Әріптер»

1. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді?
А) Бас тіркеме беті
В) Кірістіру
С) Бетті белгілеу
D) Шимайлық.
2. батырмасы мәтіндік... етеді.
А) Курсив
В) Асты сызылған
С) Жуын
D) Жуан курсив.
3. батырмасы мәтіндік... етеді.
А) Курсив
В) Асты сызылған
С) Жуын
D) Жуан курсив.
4. Кегль деген не?
А) Әріптің түрі
В) Әріптің мөлшері
С) Әріптің түсі
D) Әріптің мәнері.
5. Гарнитура деген не?
А) Әріптің түрі
В) Әріптің мөлшері
С) Әріптің түсі
D) Әріптің мәнері.

21. Тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу. Абзац»

1. Жолақтың қандай бөлімі абзацты пішімдеу үшін жауапты?
A) Кірстіру
B) Бетті белгілеу
C) Бас тіркеме беті
D) Шимайлық.
2. Абзацты түзулердің ішіндегі артығы қайсысы?
A) Сол жақ шеті бойынша
B) Абзац бойынша
C) Оң жақ шеті бойынша
D) Ортасы бойынша.
3. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?
A) Шегіністерді орнатуға
B) Түзеуді баптауға
C) Жоларалық интервалды анықтауға
D) Маркерленген тізімді баптауға.
4. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш:
A) Оң жақтағы төменгі маркер
B) Сол жақтағы жоғарғы маркер
C) Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер
D) Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер.
5. батырмасының қызметі:
A) Абзацтың шеіністерін баптайды
B) Ол табуляция
C) Маркерленген тізім құрады
D) Абзацтағы түзеуді анықтайды.

22. Тақырыбы: «Дыбыстық ақпаратты өңдеу»

1. Дыбыс жазу файлдары қандай пішімде сақталады?
A) bmp
B) txt
C) wav
D) mp3.
2. WorldPad құжатына дыбыс қосу үшін... қолданылады.
A) батырмасы
B) Ауыстыру бұйрығы
C) Нысанды кірістіру бұйрығы
D) Бұл әрекет мүмкін емес.
3. Дыбыс жазу ұзақтығы:
A) Шексіз болуы мүмкін
B) Әрқашан 60 с. тең
C) 60 с. кем болмайды
D) Компьютер жадының мөлшерімен шектелген.
4. Windows оқиғаларын дыбыстық сүйемелдеуді баптау үшін... қолданылады.
A) Windows Media ойнатқышы
B) Регулятор дыбыс қаттылығын реттеуші
C) Дыбыс жазу программасы
D) Басқару тақтасы.
5.... жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болмады.
A) 1977
B) 1905
C) 2000
D) 1986.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
5 сынып?а арнал?ан тест тапсырмалары

Автор: Елтаева Дана Ержановна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301432


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства