қалыптастыру –еліміздің түбегейлі мақсаты.Сондықтан бала алдында дәріс беретін ұстаздың да білімі жеткілікті,ой-өрісін дамыту үстінде көп жұмыстануы қажет. Бұрын-соңды ескі білім беру жүйесімен жұмыс жасап келген едік.Осы жүйемен қалыптасып
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған білім-жетістік негізі»
Жаңартылған білім-жетістік негізі
Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050:бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында:»Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту үшін бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр.Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелері,білікті мамандар ұсыну маңызды. Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті білім мазмұны мен сапасын арттыру,білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарасты қалыптастыру керек»,-деген еді.
Қазіргі заман талабына сай ресурстарды өз бетімен ізденіп талдай білетін жаңа идея бере алатын,одан әрі дамытатын және жауапты шешімдер қабылдай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру –еліміздің түбегейлі мақсаты.Сондықтан бала алдында дәріс беретін ұстаздың да білімі жеткілікті,ой-өрісін дамыту үстінде көп жұмыстануы қажет. Бұрын-соңды ескі білім беру жүйесімен жұмыс жасап келген едік.Осы жүйемен қалыптасып бір сарынды оқыту,бала алдында мұғалімнің үздіксіз сөйлеуі ескінің нышаны.
Сондықтан мектеп өмірінде 2017-2018 оқу жылдарынан бастап жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беру ісін жаңарту жолдары жүргізіле бастады.Соған орай мұғалімнің де өзіндік іс-тәжірибесін жаңа заманға сай жаңарту,озық іс-тәжірибелерді игеру қажет деп жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткізіліп жатыр.Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беруде мұғалім ғана емес, ата-ананың да көмегі қажет. Осы орайда ата-ана,мұғалім,оқушы арасындағы қарым-қатынас жоғары болу қажет.Жаңартылған,білім мазмұны бойынша білім беруде бағалу жүйесінде көптеген өзгерістер бар.Ең алдымен,әке мен шеше өз ұлтымыздың әдебиетімен,мәдениетімен,салт-дәстүрімен,тарихымен,тілімен,дінімен,өнерімен тереңірек таныс болуы керек.Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және отбасындағы ересектердің жақсы қарым-қатынасы,көңіл-күйі,жүріс-тұрысы,еңбексүйгіштігі-бәрі де балаға өнеге.
Жаңартылған білім мазмұнында білім алушы зерттеуші рөлін атқарып отыр.Бұл жұмыста білім алушыға ізденуді қажет етеді.Мектепте мұғалім білім алушыға жұмысына бағыт беруші болса,үйде ата-ана қолдаушы.
Бұл бағдарламының мақсаты-бала өзін дамыту,өзара түсіністік,сүйіспеншілік,мейірімділік,ұлттық танымдық,зерттеу,жобалау жұмыстарын жүргізу.Бала алған білімін өмірде қолданып біледі. Бұл бағдарлама бойынша теріс пікір қалыптастырып жатқан әріптестер де кездеседі. Себебі оқыту технологиялары бастапқыда жекелеп оқытылды,жағартылған білім мазмұнында біріктіріліп бір жүйеге келді.Мұғалім ізденіс пен шығармашылықпен жұмыс жасаған жағдайда жаңартылған білім мазмұнының оңды жетістектерге жететіні сөзсіз.