kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жалпы білім беретін орта мектептерді? информатика п?ніне «Принтер» та?ырыбына білім алушылар?а арнал?ан ?ДІСТЕМЕЛІК Н?С?АУЛЫ?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Принтер – баспа ??рыл?ысы,  баспа ??рыл?ысы мен ?олданба арасында?ы программалы? интерфейс. М?тін мен кескіндерді ?а?аз?а, пластикке немесе бас?а да басып шы?арылатын ар?аулар?а шы?ару?а арнал?ан ??рыл?ы, ЭЕМ-ны? а?парат басып шы?ару?а арнал?ан перифериялы? ??рыл?ыларыны? бір т?рі. Баспа та?баларын басу ?дістеріне ?арай принтерлер матрицалы?, сия ??юшы а?ысты?, (струйный), лазерлік, жары?аласыдиодты?, жылулы?, сублимац., т.б. болып б?лінеді. Принтерді? негізгі техникалы? сипаттамаларына оны? айыру ?абілеті, басу жылдамды?ы, материалдарды? шы?ындылы?ы, фото басу м?мкіндігі, т.б. жатады. Айыру ?абілеті бір дюймге келетін н?ктелер санымен (?ыс?аша dpі) аны?талады. А?ысты? принтрлерде б?л шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жо?ары болады. Лазерлік, жары?аласыдиодты? принтерлерді? айыру ?абілеті ?детте 600 – 1200 dpі болады. Шы?ындылы?ы мен басу жылдамды?ы жа?ынан лазерлік ж?не жары?аласыдиодты? принтерлер а?ысты? принтерлерден тиімдірек. Матрицалы? принтерлерді? шы?ындылы?ы аз бол?анымен, басу сапасы, жылдамды?ы жа?ынан жо?арыда айтыл?ан принтерлерден нашар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жалпы білім беретін орта мектептерді? информатика п?ніне «Принтер» та?ырыбына білім алушылар?а арнал?ан ?ДІСТЕМЕЛІК Н?С?АУЛЫ?»

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті









Жалпы білім беретін орта мектептердің информатика пәніне «Принтер» тақырыбына білім алушыларға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ


(2016 жыл өтілген өндірістік тәжірибе кезінде жазылған мақала)
















Ақпараттық технолгиялар

факультетінің «информатика»

мамандығының 4 курс студенті

Утегенова Улзира Адилбековна












Принтер – баспа құрылғысы, баспа құрылғысы мен қолданба арасындағы программалық интерфейс. Мәтін мен кескіндерді қағазға, пластикке немесе басқа да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай принтерлер матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік, жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді. Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті, басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық принтрлерде бұл шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады. Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте 600 – 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылған принтерлерден нашар.


Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашыктығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс. Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін) және кең күймелі (қатар түрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар. Жұмыс кезінде компьютердегі мәліметтің (мәтін теруге арналған компьютер жадындағы кеңістік) өте көлемді болатынын білген дұрыс, ол экран мөлшерінен әлдеқайда үлкен болып, мыңдаған жолдардан тұра алады, оның көлемі тек компьютер жадындағы бос орынмен және программа ерекшеліктерімен анықталады. Сол себепті мәлімет қағазға басыларда, әр жолдың ені анықталып, қаріп ерекшеліктері мен интервалдарға, шеттегі бос орындарға байланысты мәтін беттерге бөлінеді. Принтерлер графиктік сызбаларды, суреттерді түрлі түсті етіп басып бере алады, соған байланысты олардың көптеген модельдері бар. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалык, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар. Соңғы кезде дейін ең көп таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы лазерлік принтерлер болып саналады, оларда қағазға таңба салу лазерлік сәуле арқылы жүзеге асырылады. Матрицалық принтерлерде баспа тиегі қағаз жолдарымен жылжи отырып, керек кезінде бояйтын (көбінесе қара бояу) лента арқылы қағазды символ суретіне сөйкес нұсқап отырады. Арзан принтердің баспа тиегінде 9 ине бар, бүлардың сапасы орташа болады: сапасын арттыру үшін инелер бір жолда жағалап бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Бұларға қарағанда 24 не 48 инелі принтерлер басылымының сапасы жоғары болады. Матрицалық принтерлердің жұмыс өнімділігі 10-60 секундта бір бет аралығында (секундына 20 - 400 символ) болады, бірақ олардың кағаздағы сапасын арттырғымыз келсе, жылдамдықтан ұтыламыз. Принтерлерді таңдау кезінде олардың латын әрпінен өзге үлттық әріптерді (қазақ, орыс, үйғыр) баса алатын мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді. Мұндайда екі түрлі жағдай болуы ықтимал: а) орыс, казақ әріптерінің бейнелері принтер жадына алдын ала қондырылған, сондықтан принтер тоқ көзіне қосылысымен бірден ұлттық әріптерді баса береді. Егер принтердегі әріптердің кодтары компьютердегімен бірдей болса, операциялық жүйелер командаларымен (PRINT, COPY) мәтіндерді қағазға баса беруге мүмкіндік бар. Егер кодтар әртүрлі болса, онда оларды сәйкестендіретін драйвер – программалар қажет; ә) ұлттық әріптер принтер жадында жоқ болғанда, алдын ала компьютерге ұлттық әріптерді принтерге шығара алатын драйверді (басқару программасын) жүктеу керек. Принтерді немесе компьютерді тоқ көзінен ағытатын болсақ, ол мүмкіндік жоғалады. Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жүмыс істейді, көптеген қаріп түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді. Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3 ^ 1 5 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: Утегенова Улзира Адилбековна

Дата: 14.02.2016

Номер свидетельства: 293252


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства