kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

За?ым келтіруші программалар ж?не оны? жіктелуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

білімділік: Студенттерге за?ым келтіруші программалар ж?не оны? жіктелуі туралы жалпы  ма??лмат  беру.

дамытушылы?: Студенттерді? танымды? ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін жан – жа?ты дамыту.

т?рбиелік: Студенттерді а?паратты? м?дениеттілікке, уа?ытты тиімді пайдалана білуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: аралас

Саба?ты? ?дісі: т?сіндірмелі – иллюстративтік

Саба?ты? ?ту уа?ыты: 90 минут

Саба?ты ?ткізу орны: 204 ауд

Саба?ты? к?рнекілігі: компьютер, слайдтар,?лестірмелі ?а?аздар

П?наралы? байланыс: А?ылшын, орыс тілдері, С?здіктер

П?нішілік байланыс: Компьютелік желілер, Интернет

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер:                

            негізгі   М.?.Байж?манов, Л.?.Жапсарбаева «Информатика»

            ?осымша М.М.Ерекешова, М.Р.Д?зба?амбетова, З.Р.Мурзабекова,     

            Ж.?.Убаева, Н.?. Наурызова. «Информатика» о?у ??ралы.                     

Студент білуге тиіс: За?ым келтіруші программаларды ж?не классификациясын

Саба?ты? ??рылымды-логикалы? сызбасы мен хронокартасы:

 

І ?йымдастыру кезе?і – 3 мин

ІІ ?й тапсырмасын тексеру – 17 мин

ІІІ Жа?а та?ырыпты т?сіндіру – 40 мин

І? Жа?а та?ырыпты бекіту – 25 мин

? ?орытындылау – 3 мин

?І ?йге тапсырма – 2 мин

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«За?ым келтіруші программалар ж?не оны? жіктелуі»

Аралас сабақтың әдістемелік нұсқамасы



Сабақтың тақырыбы: Зақым келтіруші программалар және

оның жіктелуі


Сабақтың мақсаты:

білімділік: Студенттерге зақым келтіруші программалар және оның жіктелуі

туралы жалпы мағұлмат беру.

дамытушылық: Студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту.

тәрбиелік: Студенттерді ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – иллюстративтік

Сабақтың өту уақыты: 90 минут

Сабақты өткізу орны: 204 ауд

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар,үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: Ағылшын, орыс тілдері, Сөздіктер

Пәнішілік байланыс: Компьютелік желілер, Интернет

Пайдаланылған әдебиеттер:

негізгі М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева «Информатика»

қосымша М.М.Ерекешова, М.Р.Дүзбағамбетова, З.Р.Мурзабекова,

Ж.Қ.Убаева, Н.Қ. Наурызова. «Информатика» оқу құралы.

Студент білуге тиіс: Зақым келтіруші программаларды және классификациясын



Сабақтың құрылымды-логикалық сызбасы мен хронокартасы:


І Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 17 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин

Ү Қорытындылау – 3 мин

ҮІ Үйге тапсырма – 2 мин



Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу

  • Сабақтың мақсатымен мен жоспарын оқушыларға таныстыру


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Кеспе қағаз















































ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютерлік вирустар.
Компьютерлік вирустар – арнайы жазылған шағын көлемді программа немесе программалық кодымен программаларлар тізбегі. Қолданылуының негізгі мақсаты бір немесе көптеген пайдаланушылардың ДЭЕМ – де жұмыс мүмкіндігіне кедергі жасау, қиындату, ақпараттардың өңделу мүмкіндігін тежеу немесе жоққа шығару. Олардың келтіретін зиянымен санаспауға болмайтынын мына мысал көрсетеді. 1989 жылы АҚШ – тың Р.Морж есімді аспиранты бірінші рет программа – вирус құрды. Оны жіберу арқылы АҚШ – тың Қорғаныс министрлігінің 6000 – нан астам ЭЕМ – ның программалық жабдықтарын істен шығарды.
Вирустардың әсер ету мүмкіндіктері:
-
Экранда пайдаланушының жұмысына кедергі жасайтын символ, жазу және
суреттердің пайда болуы;
- Мәліметтер мен программаларға кездейсоқ немесе ойластырылған
(целенаправленное) түрде өзгерістер енгізу;
- Мәліметтер мен программаларды жою;
- ДЭЕМ – нің техникалық құрылғыларына да әсер ету.
Компьютерлік вирус жұққандық белгілері.
Вирус жұғуы мына жағдайларда нақты орын алуы мүмкін:
- вирус жұққан операциялық жүйе немесе сыртқы құрылғы драйвері орнатылған;
- вирус жұққан соm немесе exe типті файлдар орнатылса;
- басқа программаларды орындау кезінде жүктелген файл (оверлейный файл)
орындалса.
Вирус жұққандықтан негізгі белгілері:
-
файлдардың ұзындықтары мен атрибуттарының өзгеруі;
- файлдардың жойылуы немесе жаңаларының пайда болуы;
- белгілі программаларды жүктеу бұрынғыға қарағанда жай жүреді;
- бұрын қиындықсыз жүктеліп жүрген файлдар, жады жетпеуіне байланысты
жүктелмейді;
- программаның орындалуы өте баяулап кетеді;
- иілме дискеталарды қайталап шақыра береді;
- компьютердің жиі тоқтап, қозғалыссыз қалуы;
- экранда әр түрлі таңбалар, келеңсіз символдардың пайда болуы.
Вирустардың ерекшелік қасиеттері:
-
көшірмелерін өздері жасай алатындығы және оларды басқа объектілерге енгізу

мүмкіндігі;
- белгілі бір уақытта дейін өздерін білдірмей ұстай білуі, таралмауы;
- оның қызмет жасауынан келетін зиянның барлығы;
- пайдаланушының рұқсат етпеген әрекеттеріне баратындығы т.с.с.
Вирустардың пайда болуы ментаралуының негізгі себептеріне мыналар жатады:
-
техникалық себептер (операциялық жүйелердің алғашқы версияларының
қорғаныс мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі);
- экономикалық сипаттағы себептер (мысалы, бәсекелестік тұрғыда);
- әлеуметтік және технологиялық сипаттағы себептер (мысалы, өз
мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай жүрген мамандар, я болмаса жаңа
үйреншік құрушылар өздерінің мүмкіндіктерін байқау үшін) т.с.с.
Вирустардың жіктемесі. Қазіргі кездегі белгілі вирустар саны 10 000 – дап саналады. Оның ішінде 40 – 50 вирус белсенді түрде таралымда жүр. Вирустардың жіктемесін мына түрде келтіруге болады:
- программалық вирустар;
- жүктелетін вирустар;
- файлдық вирустар;
- микровирустар;
- желілік вирустар.
Программалық вирустар. Программалық вирустар – басқа қолданбалы программаларға әдейі, ойластырылған түрде енгізілген программалық кодалар блогы. Программаны іске қосқан кезде, ондағы вирустық кодалар да іске қосылады. Бұл коданың қызметі қатаң дискідегі файлдық жүйеге немесе басқа да программаларға білдірмей өзгеріс енгізеді. Осылайша вирустық кода өзін басқа программалар днесіне енгізе алады. Аталған үрдіс – «көбейгіштік» қасиеті деп аталады. Жеткілікті түрде өзінің көшірмелерін таратқаннан кейін негізгі бүлдіру әрекеттері – қатаң дискідегі сақталған программа мен операциялық жүйе жұмысын бұзу, ақпараттарды жоюға кіріседі. Бұл үрдіс вирустық шабуыл – деп аталады.
Жалпы алғанда ешқандай вирус компьютердің аппараттық құрылғыларын істен шығара алмайды деп есептеледі. Бірақ, аппараттық құрылғылар мен программалық жабдықтардың өзара байланысып жатқандығы соншалық, программалық кемшіліктерді жою үшін ақпараттық құрылғыларды ауыстыруға тура келеді.
Программалық вирустар компьютерге сыртқы жеткізгіштер арқылы әкелінгентексерілмеген программаларды іске қосқан кезде де жұғады. Сыртқы жеткізгіштер ретінде иілме – диск, компакт – диск т.б. қолданылады, Интернет арқылы қабылданған программалар мұқият тексерілуі қажет.
Қазіргі кездегі вирустар негізі екі топқа бөлінеді: 1. Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын вирустар); 2. Резиденттік емес вирустар.
Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар шапшаң әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы кезде әсері сезімегенмен, соңынан бірден іске шапшаң түрде кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.
Әдетте файлдық вирустар деген термин жиі қолданылады. Мұндай вирустар жүйенің файлдық құрылымының ұйымдастырылу ерекшеліктерін пайдаланады. Олар орындалатын файлдарға, кітапханалық және объектілік модульдерге, жүктелетін драйверлерге, программаның бастапқы файлының мәтіндеріне енеді. Вирус дискідегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлеміненорын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастайды. Оның ішінде бірден орындалатын файлдарға тезірек жұғуы мүмкін. Бірден орындалатын файлдарға – белгілі бір іс – әрекеттер жасауға бағытталған, кеңеймелері соm және exe болып келетін файлдар, сондай – ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Ең қауіпті вирустарға резиденттік вирустар, яғни жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Егер де олар AVTOEXEG.BAT және CONFIG.SYS арқылы іске қосылтын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп, қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты түрде қайталап, жүгізп отырады.
Жүктелетін вирустар – жеткізгіштердің жүктелетін аумақтарын зақымдайтын вирустар (Boot – вирустар). Жүктелетін аумақ (Boot - секторлар) – операциялық жүйенің «жүктегіші» орналасатын бастапқы сектор. Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды. Ол компьютердің жедел жадында тұрақталады да коипьютерде пайдаланылған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіреді. Иілме дискетадан жүктелетін жағдай екі кезеңнен тұрады. Алдымен оперативтік жадыға орналасады ад, кейін қатаң дискінің жүктегіш секторына өтеді. Бұндай компьютердің өзі де алдағы уақытта жүктегіш вирустардың тарату көзіне айналады.
Макровирустар – файлдық вирустарға жатады. Олар жиі қолданыстаға текстілік редакторлар мен электронды кестелердегі құжат файлдардың ерекшеліктерін пайдаланады. Атап айтқанда мұндай файлдардағы макротілдерінде жазылған программалар, вирус – программаларды орналастыру үшін пайдаланылады.
Желілік вирустар – өзінің таралуына компьютерлік желілердің мүмкіндіктерін пайдаланады. Көбірек тараған кезеңдері 1980 жылдардың маңайы. Таралуына желілік хаттама, әлемдік желінің программалық жабдықтарыңдағы қателіктерді пайдаланады. Қазіргі кезеңде оңдай қателіктер жөнделген, сондықтан да вирустардың бұл әдіспен таралуы тоқтатылды. Бірақ, олар электронды поштаның мүмкіндіктерін пайдаланып таратуға көшті. Қолданылатындары негізінен макровирустар.
Вирустардың жұмыс жасау алгоритмінің ерекшеліктері – жоғарыда келтірілген резиденттік вирустар оперативті жадыда өзінің көшірмесін қалдыруымен қауіпті. Олар программа жұмысын аяқтағасын да, тіпті файлдық вирусты жойғанның өзінде жүйені қайтадан жүктегенше белсенді түрде қызметін атқара береді. Белгілі бір уақытқа өзінің бар екендігін білдірмеу үшін әр түрлі әдістер қолданады. Мысалы, Стелс – вирустар – вирус жұққан бөлікті оқу командасынтаза кодымен ауыстырып жібереді. Полиморфик – вирустар өзінің бар екендігін білдірмес үшін, кодын цифрлап қояды.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту:

  1. Бос орынды толтыр


Жауаптары:

Файлдық- Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық

кодалық блоктар. Вирустық кода Программа жүктелгенде жіберіледі.

Жүктейтін-Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

Микровирустар- Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.


2. Зертханалық жұмыс орындау.

1. Қатқыл дискінінің құрамындағы вирусты тексеру

1. Дискіні тексеру программасын іске қосыңыз (Пуск►Программы ► Стандартные ►Служебные►Проверка диска).

2. Дискілер тізімінен С: дискісін таңдаңыз.

3. Қосымша (Дополнительно) батырмасын басыңыз және файлдық жүйенің логикалық құрылымын тексеру кезінде программа қолданатын баптау істерімен танысыңыз. Дискіні баптаудың қосымша параметрлері сұхбат терезесін Болдырмау (Отмена) батырмасын шерту арқылы жабамыз.

4. Толық (Полное) ауыстырып-қосқышын орнатыңыз және Баптау (Настройка) батырмасын басыңыз.

5. Дискінің магнитті бетін тексеру кезінде программа қолданатын баптау істерімен танысыңыз. Дискінің бетін тексеру режімі (Режим проверки поверхности диска) сұхбат терезесін Болдырмау (Отмена) батырмасын шерту арқылы жабамыз.

6. Стандартты ауыстырып-косқышын орнатыңыз. Қателерді автоматты

түрде түзету жалаушасын алып тастаңыз.

7. Жіберу (Запуск) батырмасын басыңыз және тексеру істерін бақылаңыз.

8. Дискідегі қатені тапқан жағдайда қате туралы хабармен танысыңыз және берілген түзету нұсқаларының ішінен қатені елемей, жұмысты әрі жалғастыратын нұсқаны таңдаңыз.

9. Тексеру нәтижесі туралы терезені жабыңыз. Дискіні тексеру программасын Жабу (Закрыть) батырмасы арқылы жабыңыз.


3. Берілген венн диаграммасын толтырыңыз:

  1. Вирустар мақсатына қарай бірнеше топқа бөлінеді және оларды атаңыз?


Жауаптары: Бейсауат, Насихатшы, Мағынасыз, Шантаж жасаушы


V. Қорытындылау:

Тапсырманы орындаған, компьютерде жұмыс жасаған оқушыларды бағалаймын.


VI.Үйге тапсырма:

Ж.Н. Тасмамбетов Информатика оқулығынан 235-239 беттердегі «Зақым келтіруші программалар және оның жіктелуі» тақырыпты оқып келу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
За?ым келтіруші программалар ж?не оны? жіктелуі

Автор: Усенова Гульзира Рискалиевна

Дата: 10.06.2016

Номер свидетельства: 333965


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства