Просмотр содержимого документа
«WI-FI қалай жұмыс жасайды?»
Wi-Fi қалай жұмыс жасайды?
Wi-Fi десе елең етер құлақ көп. Себебі күндік не айлық ақшасы төленбей қалса, үйіңіз жарықсыз, қаңырап бос қалғандай болады. Бұл қазіргі ақпараттық заманның жасап қойған жүйесі. Алдымен ет үйренсін дедік, енді санаға сіңді. Қысқасы интернет жоқ болса, күніміз қиындау. Ал сол интернетті таратушы, үйіңізде бұрышта жатқан шағын ғана қорапша секілді аппараттың (WiFi) қалай жұмыс жасайтынын білесіз бе? WiFi 1998 жылы Аустралияның CSIRО лабораториялық радостанциясында құрастырылды. Әлемді жаулап алған бұл желінің иесі инжер – Джон О Салливан. «WiFi» сөзі ең алғашы Hi-Fi ойының негізінде пайда болған. (High Fidelity – дәлме-дәл). Сол кездің өзінде кейбір баспасөздерде бұл термин «Wireless Fidelity» – сымсыз дәлдік деп жазылып жүрді.
Wi-Fi –ол жай сымсыз байланыс. Басқа сөзбен айтқанда бұл қарапайым түрде нотбуктердің арасында және интернет желісіне сымсыз қосылу. Wi-Fi желісін оқу процесінде пайдалану тиімді ме? Бір жағынан жүйеге қосылу жылдамдығы 256-512 кБит/с-тан жоғары болуы оқушылар мен мұғалімдерге тиімді. Wi-Fi желісі оқу орындарында активті оқытуға мүмкіндік береді.
WiFi желісі арнайы «2,4» және «5» Ггц деп саналатын радио жиіліктері арқылы жұмыс жасайды. Бұл көп елдердің аумағында ресми тіркелмеген радио қызметі деп есептеледі және оларды ресми тіркеусіз де пайдалануға болады. Желіге қосылу үшін міндетті түрде желінің идентификаторын білу керек. Кіру нүктесі әрбір 100 миллисекунд ішінде жылдамдығы 0,1 Мбит/с жететін арнайы сигнал пакеттерді іске қосады. Сондықтан 0,1 Мбит/с – WiFi желісінің ең төменгі жылдамдығы. Кең аумақта яғни 50-100 метр жерде тұтынушы желіні емін-еркін пайдалану үшін, арнайы роутерлер пайдаланылады. Сол арқылы тұтынушы үй ішінде еркін қозғалып, байланысты үзбей жұмысын жасай береді. WiFi желісі жаңаланып отырады. 2014 жылдың қаңтар айынан бастап IEEE 802.11 ас жүйесі қабылданды. Оның интернетті тарату мүмкіндігі Гбит/с дейін жетеді. Сонымен қатар IEEE 802.22 түрі де бар. Бұл ауылдық аймақтарға арналған радиусы 100 км болатын мекенде қолданылады.
Жылдамдық 22 Мбит/с.
Wi – Fi-дың адамзатқа пайдасы
XXI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Визуалдық ақпараттар, ақпараттық технологиялар, компьютерлік, техникалық жабдықтардың дамуы, біріншіден, жаңа қадамдар, теориялық және педагогикалық тәжірибе жетістіктерінде заманауи білім берудегі болып жатқан өзгерістер.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Ал, екіншіден оқу ақпараттарында, жұмыс істеудің жаңа мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігінің артқандығына келісуге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктердің түрлері көп, солардың ішіндегі ең танымалы - Wi - Fi технологиясы.
Wi-Fi сіздің денсаулығыңызға зиянды әсері!
Барлық тұрмыстық техникалар электромагниттік өріс түзеді. Ол барлық жерде: үйде, көшеде, транспортта көзге көрінбейді. Біз соңғы 20 жылдағы техникалық даму үрдісінің нәтижесінде біз түгелдей электромагниттік өрісте өмір сүреміз. Мамандардың пікірінше сымсыз байланыс жүйесі қоршаған ортаға, адам денсаулығына соның ішінде жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оқу орындарында интернетке қосылу үшін сымсыз интернеттің қажеттілігі жоқ деп есептейді.
Даниялық ғалымдар Wi-Fi-дың адамға зиянын дәлелдеу үшін зерттеу жүргізген екен. Бірнеше ғылыми эксперименттің нәтижесі бойынша Wi-Fi мидың қан жолдарын тарылттырады, ал ол өз алдына бас ауруына апарады. Эксперимент жүргізу үшін мектеп оқушыларын таңдаған. Олардың әрқайсысы ұйықтар алдында Wi-Fi қосулы смартфонын жастығының астына қойып жатты. Таңертең оларды дәрігерлер қарады. Нәтижесі бойынша көбінде мидың қан жолдары тартылған және бас ауруы пайда болған. Сондықтан ұйықтар алдында ұялы телефоныңыздың интернетін өшіріп немесе
мүлде алысқа қойып жатқаныңыз дұрыс. Интернетке сымсыз қосылу — заманауи өмірдің ажырамас бөлігі. Кейбір ғалымдар Wi-Fi - ды айтпай келетін дерт дейді. Бізді күнделікті қоршап тұрған Wi-Fi -дан тарайтын сәулелену жайлы қысқаша мәлімет алып көрейік.
Ұялы телефондардан бөлінетін сәулеленудің зияныжайлы көптеген мәселе қозғалғанымен, оның денеге әсері әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Өйткені біз мұндай гаджеттер мен сымсыз желілерді қолданып жатқанымызға аз уақыт болды. Бұл технологиялар адам ағзасына қаншалықты зор әсер ететінін түсіну үшін көбірек уақыт керек. Электромагниттік толқындар мен олардың адам миына әсері жайлы ғылыми зерттеулер бар. Шынында, өсімдіктердің өсуін тежейтін және адам миының қабілетін төмендететін жасушалық деңгейде өзгерістер жүреді.
Wi-Fi құрылғылармен жұмыс істейтін адамдар Wi-Fi толқындарының ағзаға тигізетін теріс әсерін төмендету үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нақты нұсқаулықтарды ұсынады.
Адамдарға Wi-Fi -дыңзияндыәсеріназайтуғамүмкіндікберетінережелер
Wi-Fi -ды ешкім қолданбай тұрған кезде немесе түнде роутерді әрдайым өшіріп жүрген жөн;
Ескі телефонды, сымдық телефонға ауыстырыңыз, сымсыздан бөлінетін сәулелену де миға теріс әсер етеді;
Wi-Fi роутер ас үйде, балалар бөлмесінде немесе жатын бөлмеде болса, оны басқа жаққа қойыңыз. Бұл құрылғы адам аз болатын бөлмеде тұруы тиіс;
Сымсыз желінің өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығына жанама әсерін барынша азайтыңыз: көбірек таза ауада болыңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз: жаңалықтар таспасын оқып отырғанша қағаз кітаптарды оқыңыз.
Әрдайым электромагниттік толқын аймағында жүретін адамның ағзасы қалай өзгеретінін байқау үшін бізге шамамен 30 жыл уақыт керек. Бас ауруы, алаңғасарлық, ұйқысыздық, әрдайым шаршап жүру сынды жағымсыз күйге осы технологиялардың әсері себеп болуы мүмкін.
Қорытынды.
Компьютерлiк технологияларды пайдалану адамның бiлiм алуына принциптi жаңа мүмкiндiктер жасайды. Интернет жер шарының барлық түкпiрлерiнде әлемдiк мәдениет ғажайыптарымен миллиондаған адамдардың танысуын қамтамасыз етедi. Сәулет, мүсiн және живопись шығармаларының сан бояулы бейнелерiн жалпы тақырыптық жағынан бiрiктiрiп қана қоймай, бұл бейнелердi көп аспектiлi мәтiндiк ақпаратпен, музыкалық шығармалармен көркемдеу оқып-үйренушiге күштi сезiмдiк әсер етiп, оның көркемдiк талғамын жақсартып, мәдениет, өнер, адамзат дамуының тарихы салаларында бiр мезгiлде бiлiм алуына мүмкiндiк ашады.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды дамытудың қазiргi дәрежесi оқытушы мен шәкiрт бiр-бiрiнен қанша қашықтықта тұрса да, олардың жанды пiкiр алмасуын қамтамасыз ететiн қашықтықтан бiлiм берудiң ауқымды жүйесiн жасау мүмкiндiктерi туралы айтуға негiз бередi.
Қашықтан бiлiм беру жүйесiнiң қалыптасуы және одан әрi өркендеуi электронды кiтапханалар мен үлестiрiлген типтегi университеттердiң құрылуына алып барды. Ал, олар өз кезегiнде бүкiл әлемдiк қоғамдастық, соның iшiнде түрлi себептерге байланысты бiлiм алуға еркiн қол жеткiзе алмайтын қоғам мүшелерi үшiн бiртұтас бiлiм кеңестiгiн қалыптастырудың шынайы негiзiн қалайды.