C#-ТА ҚОСУ, АЗАЙТУ, КӨБЕЙТУ, БӨЛУ АМАЛДАРЫ
Беріліп отырған тапсырмада арқылы біз қарапайым математикалық амалдарды C#-та қолдануды үйренеміз.
Ол үшін үш негізгі типті қолданамыз:
Int – мәліметтердің бүтін типі. Атауы айтып тұрғандай, өзіне тек бүтін сандарды ғана меншіктей алады. Мысалы, 0, 10, 123, -5 және т.б. Алайда, тек -2 147 483 648 пен 2 147 483 647 аралығында ғана, себебі int типі 32-биттік тип болып табылады.
Float – бұл жылжымалы үтірі бар тип, яғни ол өзіне ондық бөлшектерді қамтиды. Сонымен қатар, үтірден соң алты орынды санға дейін жуықтайды.
Double – бұл тип Float типіне ұқсас, тек айырмашылығы float 32-битті болса, double 64-битті. Қарапайым сөзбен, float аз орын алады, алайда дәлдігі төмен. Double оған қарағанда көбірек жадыны қамтиды, бірақ нақтылығы жоғары болып келеді. Ол үтірден соң 14 санға дейін жуықтай алады.