IІІ.Жаңа материалды түсіндіру | а) жаңа ұғымға байланысты жұмыс | Балалар, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ақпаратты кодтау» Негізгі біздің мақсатымыз ақпараттарды кодтау (жасыру) үшін әртүрлі тәсілдермен қатар кодтық кестелерді пайдалануды үйренуіміз керек.
Код – ақпаратты ұсынуға арналған шартты белгілер жүйесі. Кодтау – ақпаратты жеткізу үшін, өңдеуге, сақтауға ыңғайлы алфавит арқылы құпиялап жазу. Сандық кодтау үтір арқылы жүргізіледі. Ақпаратты кодтау кейде шифрлау деп аталады. Кодтау кестесі сандардың өсу ретіне және кему ретіне қарай беріледі. Ақпаратты кодтаудың үш негізгі тәсілі бар: Сергіту сәті. |
ә) танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жаттығулар | Интерактивтік тақтадағы берілген тапсырмаларды орындайық. №1 тапсырма: Әріптерді сандардың өсу реттілігіне қарай орналастырса, қандай сөздер шығады? 9 | 2 | 4 | 6 | 1 | 5 | 3 | 7 | 8 | Р | О | П | Ю | К | Ь | М | Т | Е | 4 | 5 | 1 | 7 | 2 | 3 | 6 | И | Т | М | Р | О | Н | О | №2 Тапсырма: Әріптерді сандардың кему реттілігіне қарай орналастырса, қандай сөздер шығады? №3 тапсырма: Жасырылған сөздерді тап. Бірінші сан – бағана нөмері, ал екінші сан – жол нөмірі. №4 тапсырма: Код кестесінің көмегімен келесі сөздерді кодтар арқылы жаз. ҚАБЫЛДАУ 15,1,3,37,16,7,1,26 САҚТАУ – ӨҢДЕУ- ТАРАТУ – №5 тапсырма: Код кестесінің көмегімен жұмбақталған сөздерді тауып оқы. 22,8,23,18,8,25,1,15,25,1- 10,1,7- 22,23,20,32,8,24,20,23- 17,20,18,12,25,20,23- №6 тапсырма: Қарақшы құрылықтан сандық тауып алды. Сандықтың ішінен алтынның орнына жазулар шықты. Осы жазуды оның оқып шығуына көмектес. №7 Тапсырма: Код кестесін пайдаланып, графикалық редактордың құралдарын кодтар арқылы жаз. СЫЗЫҚ – БҮРІККІШ – ҚАРЫНДАШ – ЭЛЛИПС – ТІКТӨРТБҰРЫШ- №8 тапсырма: «Жасырын сөзді тап» 25,2,26,8,16,24,38,11,7,38,5,38,17,38,11 15,27,25,25,38 3,20,16,24,37,18 | Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. |
ІV. Жаңа білімді бекіту | Ал, балалар, әрбір мысалдағы сөздер қалай беріліп еді? Сендер қандай әрекеттер орындадыңдар, не істедіңдер, қандай қорытынды жасайсыңдар? 1. Сөздер жасырын болды, біз оларды таптық. 2. Сөздер кодталған болды, біз оларды шештік. 3. Сонымен ақпаратты кодтау дегеніміз оларды жасырып жазу тәсілі. Олай болса, мен Сіздерге жұмбақ жасырамын: 1. Төртбұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек. (монитор) 2. Экранның бетінде оның тұрағы, Қашан болсын жыпылықтап тұрады.(курсор, меңзер) 3. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі, Түсі оның сұр, құйрығы ұзын (тышқан) 4.. Тетігін бассаң алаңсыз, Жазады қағаз – қаламсыз. (пернетақта)
| Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |