Ма?саты: О?ушыларды? информатика п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыру, ой - ?рісін ж?не танымды? ?абілетін дамыту, шы?армашылы??а баулу, ?з ойын еркін жеткізе білу ж?не ?ткенді жылдам еске т?сіру да?дыларын ?алыптастыру.
Шарты: Топтар?а 20 с?ра? ?ойылады. Д?рыс жауап?а 1 ?пай беріледі. ?ай топ бірінші белгіні к?терсе сол топ о?ушылары жауап береді. Д?рыс жауап бере алмаса с?ра? келесі топ?а к?шеді. Ол топ д?рыс жауап бере алмаса еш?айсына ?пай берілмейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тап?ыр информатиктер »
«ТАПҚЫР ИНФОРМАТИКТЕР»
интеллектуалдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Жүргізілу барысы:
Ұйымдастыру: Оқушыларды топқа бөлу үшін қоржынға 1,2 санымен нөмірленіп салынған асықтарды таңдауға шақырамыз /таңдаған асықтармен оқушылар 1,2 болып бөлініп топ құрады/.
І топ - Информатика
ІІ топ – Ақпарат
Ойын 6 кезеңнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Ғажайып алаң»
3. «Сандардағы ұлы ұғымдар»
4. «Аударыспақ»
5. «Сиқырлы тізбек»
6. «Жеті жұмбақ»
1-ші кезең«Бәйге»
Шарты: Топтарға 20 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Қай топ бірінші белгіні көтерсе сол топ оқушылары жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса сұрақ келесі топқа көшеді. Ол топ дұрыс жауап бере алмаса ешқайсына ұпай берілмейді.
Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек? /60-70см/
Ақпартпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы? /компьютер/
Сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер /ақпарат/
Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады? /көру, есту/
Компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар қалай аталады? /драйверлер/
ОЖ жүктелгеннен кейінгі көретініміз? /жұмыс үстелі/
Атауы бар әлдебір байттар тізбегі? /файл/
Windows – сөзінің аудармасы? / терезе/
Адам денсаулығына зиян компьютер құрылғысы? /монитор/
2-ші кезең«Ғажайып алаң»
Шарты: Компьютер құрылғыларының суреті салынған парақша топтарға беріледі. Топ мүшелері құрылғының атын жазып, қандай қызмет атқаратынын баяндап берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
3-шы кезең «Сандардағы ұлы ұғымдар»
Шарты: Топ басшылары ортаға шығып кубик лақырады қай түс түссе сол түсте жасырылған сұраққа жауап береді. Топ мүшелері көмектесе алады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
Үш қонақ /арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдарма қонақ/
Үш тәтті /жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті/
Үш жүз /Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз/
Үш жұрт /ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт/
Үш байлық /бірінші байлық –денсаулық, екінші байлық –ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық/
Жеті күн /дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/
4-ші кезең «Аударыспақ»
Шарты: Әріптердің орны ауысқан сөздерден дұрыс информатикалық термин сөздер құрастыру қажет. Әр топқа 5 сөзден береді. Егер жауап дұрыс болса 1 ұпай.
І топ Информатика
ИАКМАТОРФНИ – информатика
АЛАМРДАҒБА – бағдарлама
РАТАПҚА – ақпарат
СОРЕСЦПРО - процессор
ЗЕРТЕЕ – терезе
ІІ топ Ақпарат
РСУТИВНАИ – антивирус
РЕТЬЮПОМК – компьютер
ЛАЙФ – файл
АТЕКИСД – дискета
РЛЬОУКЯТАКЛ – калькулятор
5-ші кезең «Сиқырлы тізбек»
Шарты: Әр топқа ақпараттың өлшем бірліктері жазылған 5 парақша беріледі. І топ ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен, ал ІІ топ кему ретімен тақтаға орналастыруы керек. Бірінші болып орналастырған топқа 5 ұпай беріледі.