kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Smart-education: келешекке бағытталған білім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қорыта келе, бүгінде  әлемдік озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде кең қолданысқа ие болып отыр. Smart-университеттердің құрылуы Smart-қалалардың негізі болып табылады, ал бірлесіп жұмыстануымыздың нәтижесінде Smart-Қазақстанды құраймыз деген үлкен  мақсатқа қол жеткізуге үміттіміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Smart-education: келешекке бағытталған білім»

SMART-EDUCATION: КЕЛЕШЕККЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ


Қазіргі кезде оқу үрдісін ақпараттық коммуникациялық құралдарсыз көзге елестету қиын. Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білім мен дамудың  негізгі көрсеткіші болып табылатын адами капиталымызды артуына алып келуі тиіс. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданысын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып, аталмыш оқыту жүйесіне жаппай көшу арқылы  білім беруді жетілдіру керек. Себебі 2014 жылғы 17 қаңтардағы ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  жолдауында: «Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында басты басымдылық ретінде ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту, оқыту нәтижесі студенттердің сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп белгілеген болатын[1].  Студенттердің білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады.

Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сонымен қатар өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі толық қалыптаспай жатыр. Сұранысқа орай технология даму үстінде. Білім ұйымдары «e-learning» негізінде электронды оқытуды 2015 жылға қарай 50% ал 2020 жылға қарай 90% іске асыратыны мақсаттық индикатормен анықталған. Бірақ соңғы жылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды. Сәйкесінше, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына «smart қоғам» қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері. Заман талабының білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі оқыту процесін ақпараттандырудың қажеттілігі болып табылады. Осыған байланысты көкейтесті сауалымызға жауап табу мақсатында тақырыбымызға байланысты ақпараттарды саралап көрейік.

Smart education негізгі идеясы неде екенін білу үшін білім берудің  дамуының үдерісін қарастыруымыз қажет. Шартты түрде оны үш кезеңге бөлуге және келесі көзқараста қарастыруымызға болады. Айта кетсек: білім, технологиялар, оқыту және ұстаз болмақ. I кезең: Кешегі таңда студенттің білім алатын көзі оқытушы болды. Басқа жерден білім ала алмады. Тек қана  дәрісханада немесе оқытушы берген кітаптарды оқыды. Оқу орындарының мақсаты индустриалды өндіріске маман даярлау болды.

II кезең: Бүгін студенттің білім алатын жалғыз көзі оқытушы ғана емес, студенттер бір-бірімен ақпарат алмасады және жаңа білім деңгейін қалыптастырады. Сонымен қатар білім беруде жаңа педагогикалық технологиялар  ұстаз  шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің  ойлау қабілетін ұштала түсуінен әсері мол. Сонымен бірге әлеуметтік-рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді.

III кезең: Ал ертеңгі күні студенттің білім алатын көзі Интернет болмақ, технологиялар жаңа білім жаратуға жекеше түрде бағытталады. Оқыту үдерісі әртүрлі бағыттарда білім нысанының қозғалысын реттеуде болжауға болады. Яғни студенттен оқытушыға және кері қатынаста, студенттен студентке және т.б. Оқу орнының түлегі өз мамандық иесі ғана емес, ол әлеуметтік ортада өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті,шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлға ретінде қалыптаса алады.

Соңғы он жылдықта цифрлық қоғам белсене дамуда және білім экономикасы, электрондық армия, электрондық мәдениет, электрондық денсаулық сақтау, электрондық мемлекет, электрондық ғылым сияқты атрибуттармен белгілі нысанға келді. Электрондық оқыту цифрлық қоғамның құрылымына енгізілді және оның орталық, жүйелік элементі болып табылады.  Алайда, электрондық оқыту туралы айтқанда негізінде технологияға тірелеміз. Қазіргі уақытта электрондық оқыту инновация емес болып отыр.Онда түсініксіз көмескі айқындамалар қалаған жоқ. Білім беру контенті студенттерге еркін қолжетімді, оқытушы мен студенттердің кері байланысын қамсыздандыру, арасындағы білімдер сабақтастығы, әкімшілік мақсаттың автоматтандырылуы осылардың барлығы технологияларға жатады.

Smart education тұжырымдамасының негізі барлық білім беру үдерісінің кешенді модернизациясы мен осы үдерісте пайдаланатын әдістері және технологиялары болып табылады.Smart тұжырымдамасы білім беру бағытында жаңа технологияның пайда болуына өз септігін тигізеді, атап айтқанда ақылды тақта, ақылды экрандар, интернетке әржерден кіру сияқты және әр технологиялар контентті жаңаша жасау үрдісін,  оның жеткізуін және актуализациялауын қалыптастырады. Оқыту тек сыныпта, дәрісханада ғана емес, үйде немесе кез келген жерде: қоғамдық жерлерде мұражайда, кафеде т.б. жалғасады. Негізгі білім беру үдерісін байланыстыратын элемент - белсенді білім беру контенті болады және мезгілдік пен кеңістік ауқымдарды  шешу үшін соның базасында дара репозиторий құралады.

Smart education тұжырымдамасының негізінде оқытуды жекешелендіру идеясы жатады, нақты тыңдаушыға бағытталған контентті оқытушы құрастырып жасау арқылы және академиялық білімдерді басқару арқасында жетуге болады. Сол арқылы жағдайы жасалып, әр жаңа білім нысаны бейнеленіп идентификацияланады. Осындай нысанның алабы оларды қиыстыру арқылы тыңдаушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бірегей контентті құрастыруға талап етеді. Бұл тек қана контент құрастыруда ғана емес, сонымен қатар көзқарастарды актуализациялауға тиімді.Осыдан бөлек репозиторийлерді жасау интернет желісіне көшіру, айналасына одақтастар құруды талап етеді. Бұл репозиторийлерге жаңа актуалды білім құйып, контент айырбастау үдерісін арттырады.

Жаңа білім беру контенті студенттерге құзыреттілік моделіне сәйкес дағдылар алуға көмектеседі. Ал Smart education философиялық тұрғыдан оқытушы әзірлеме дайындағанда әр студентке жеке қарым – қатынас жасау, талғам бойынша пән таңдауға септігін тигізеді. Осыған орай, Болон жүйесі реттеліп келтірілген. Демек, студенттің өзі нақты мамандандырылған пәнді құрастыруға қатыса алады. Студент оқу жоспарын өзіне-өзі құрастырады, мұндағы оқытушының міндеті оған көмек беру. Smart education пән бойынша курс құрастырғанда техникалық әзірлемесіне байланысты оқытушыға уақыт үнемдеуіне жол береді. Модуль түрінде жүзеге асырылған, арнаулы бейнемен суреттелген бар контентті қолдана алады. Технологияның көмегімен осы модульдарды көрінген тізбектілікте жинауға мүмкіндік алады, ең бастысы автоматталған режимде. Соңғы уақытты айрықша үлкен мәлімділікті жастар арасында әлеуметтік сервистер алды. Мысалы, Twitter, Facebook т.б. сияқты. Дегенмен, интернет желісінде контенттің орналасуы мен технологиялардың  игерілуі білім беру үдерісінің байыпты жоғарылау сапасының түрткісі.

Жаңа тұжырымдаманың енуіне байланысты оқытушының, студенттің рөлі ауысады. Егер бастапқыда  студент сабаққа келіп, материалдарды жазуға міндетті болса, яғни білім алудың жалғыз көзі дәріс болды. Ал бүгінгі студент базалық ақпараттық технологияларды, интернеттің іздеу құралдарын өте жақсы қолданады. Керекті мәліметін өз бетінше іздеп таба алады. Осыған байланысты дәріс жазуға мүмкіндік қажет етпейді. Бірақ ол жол бағдарлаушыға мұқтаж- бұл оқытушының функциясы,ол жаңа білімдерді құрастыруға, студенттің қажетті білімалуына бағыттау,әдеттегі қолданылатын технологиялардың көмегімен студент білімінің сапасын қанағаттандырып, қамсыздандырады.

Smart education оқу мекемелері мен профессорлық-оқытушылық құрамның бірлесіп, білім беру қызметін интернет желісіндеортақ стандарт базасының негізінде, келісімдермен технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға яғни, бірлесіп контент жасап қолдануға, оқытуға мүмкіндік береді. 

Бірақ, бұл әлі жасалып жатқан алғашқы қадамдардың бірі, елімізде көпшілік арасында Smart қоғам проблемалары көп талқыланбайды. Басқа елдермен салыстырғанда мысалы, Нидерланд, Австралия, Корея мемлекеті Smart туралы ұлттық идея мен саясаттың міндеті ретінде мәлім етті. Осы бағыттың дамуын АТ-индустрия ұсынады, Smart қоғамның инфраструктурасын қалыптастырады. Ал ақпараттық технологиялар болашақта барлық экономиканың локомотиві болуы мүмкін деген жорамал алдағы уақытта өз дәлелін табады.

Біздің еліміз әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Қазіргі электронды оқытуда қолға алған шараларымыздың басым бөлігі ақпаратты жинау, түгендеуге арналған. Білімімізді көтеруге қатысты тұстары әзірге іске қосылмады деуге болады. Білімді көтеруге арналған механизм – бейнедәріс, жаңа форматтағы оқулық, сарапталған тест тапсырмалары, контент жұмысы жанданғанда ісіміз оңға басады деуімізге болады.

Сонымен, ғылыми зерттеулер мен еңбектерді және Smart технологиясын өндіруші елдер тәжірибесін талдау барысында, Smart-білім беру моделіне еліміздің оқу орындарының көшуіне және Smart-университет құрастыру  жолында келесі бағыттардың дамытылуы,зерделенуі қажет деп есептейміз:

  • Smart-университет құрылысы саясында ақпараттық және коммуникациялық технологияның қолданылуы оқытушы мен студентке өзінің шығармашылық, кәсіби және ғылыми потенциалын дамытуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға да.

  • Методологиялық базаның және кадрлар дайындығының арқасында Қазақстанның Smart-қоғамын қалыптастыру, экономика мен ақпараттық қоғам артықшылықтарын, зияткерлік, шығармашылық және еліміздің рухани қазынасын көтеру үшін пайдалану.

  • Электрондық бөлу орталығын жасау мемлекеттік басқарудың шоғырлануын, бизнестің, білім беру мекемелерініңжәне басқада мүдделі адамдардың жобаны құрастырып, жүзеге асыруын Smart-қоғамның дамуына бағыттау.

Орталық репозитарий білімі, контентті актуализациялау және білімді бөлу желісіне тасымалдау, бөлінген кафедраларды ұйымдастыру жұмысы, білім сапасының менеджменті, web 2.0 технологиясын белсенді игеру, бұлтты жүйeлер, мобильдік қолжетімділік - қазіргі оқу орындарының мінездемесі деп тұжырымдауға болады.

Жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың кешенді үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы – инновация көрсеткіштері. Осы талаптарға қазіргі заман университеттерінің сай келуі, соңғы болып жатқан өзгерістерге және студенттің өскелең сұраныстарына үлгеру басты талапқа айналып отыр.

Қай елдің болсын, заман ыңғайына қарай экономикалық-қоғамдық қатынастарының барлық саласы өзгеріп, дамыған сайын білім беру жүйесі де өзгеше мән-мазмұнға ие болып, сол қатынастарға сәйкес дамитыны табиғи заңдылық.

Қорыта келе, бүгінде  әлемдік озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде кең қолданысқа ие болып отыр. Smart-университеттердің құрылуы Smart-қалалардың негізі болып табылады, ал бірлесіп жұмыстануымыздың нәтижесінде Smart-Қазақстанды құраймыз деген үлкен  мақсатқа қол жеткізуге үміттіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә.  «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару  жолында»«Айқын», 2005 жылғы 19 ақпан. 

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар. 

  3. Құлқараев А. ««E-learning» электронды оқыту жүйесі және оның мүмкіндіктері./ /Электрондық мектеп. - №2 - 2013.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Smart-education: келешекке бағытталған білім

Автор: Тлеушова Айжан Утегеновна

Дата: 25.12.2016

Номер свидетельства: 373371


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства