Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғыру-Кәсіптік білімде!»
Adobe Photoshop элементтерімен жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты:
Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс істеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil жəне т.б. Фотошоп растр суреттермен жұмыс істейді, бірақ вектор объектілерді қолдайды.
Adobe – Photoshop-ты алғаш жүктегенде фотошоптың негізгі терезінде жүктелген графикалық файл көрінеді.Негізгі терезе келесі элементтен тұрады:
Image – тікелей бейнелермен жұмыс істеуге арналған.
Layer – қабаттар мен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Select – ерекшелеу және онымен жұмыс жасау.
Filter – функцияның әр-түрлі қызмет атқаратын қосымша модельдерініңжиынтығы
Window – палитраларды қосу және ажырату.
2. Инструменттер палитрасы: Жұмыс істеу барысында ең жиі қолданылатын барлық негізгі құралдар орналасқан элемент. Көпдеген инструменттердің батырмасында қосымша элементтерді шығаратын тілшелер орналасқан
3. Параметрлер палитрасы (Options): Инструменттерді өзгертуге болатын параметрлері көрсетіледі.
4. Палитралар Спецификалық қызмет атқаруды басқаруэлементі топтастырылған кішігірім терезе.
5. Қыстырмалар – Үнсіз келісім бойынша экранда 3-ші пайда болады. Олар: Browser
Шолушы), Too Presets және Layer Comps. Олар жиі қолданылатын файлдарды тез шақыру қызметін атқарады. Кез келген палитраны қыстырма ретінде қарастыруға болады.
Негізгі түсініктер мен терминдер.
Pixcel (пиксель)- Екі өлшемді графикалық растрдағы бейненің өлшемі, яғни сурет құралып тұрған кішкене нүктелер.
2. Resolution (мүмкіндік) -ұзындық бірлігіне сай келетін нүктелер саны. Бейненің параметрінің бірі. Бұл мән жоғары болған сайын бейне сапалы, алайда оның көлемі үлкен болады.
3. Түстік модельдер (RGB моделі) Түстік модель бояудың берілу принціптерін анықтайды. RGB моделі көбінесе мониторға түске бері үшін пайдаланылады. Кең тараған модель. Бұл модель бойынша бұл модельдің үштүстік құраушысы бар.
Red (қызыл)
Blue (көк)
Green (жасыл)
Әр каналдың ашықтылық деңгейіне (0…, 255) байланысты көпдеген түстер алынады.
4. Layer (қабаттар) – қабаттар мен жұмыс істеуду ұйымдастыру.
5. Selection ерекшеленген аймақпен жұмыс істеу фотошопта үлкен роль атқарады.
6. Қосымша панель немесе Альфа чаннель - ерекшелеудің оригинальді формасы. Мұнда ақ түс ерекшеленген, қара түс ерекшеленбеген, сұр түс
жартылай ерекшеленген иксельдерді анықтайды.
7. Bland Model (пиксельдерді қосу режимі) – фотошопта кез келген элементпен жұмыс істеу бұрыннан бар пиксельдердің үстіне жаңа пиксельдерді қосу болып табылады. Қарапайым режимде ескі пиксель жаңа пиксельмен алмастырылады.