?аза?станны? т?уелсіз мемлекет ретінде ?алыптасуы орта білім беру ж?йесіні? дамуымен ты?ыз байланысты. ?ай халы?ты?, ?ай ?лтты? болсын толы?ып ?суіне, рухани ?рі м?дени дамуына басты ы?пал жасайтын тірегі де, т?п ?азы?ыда – мектеп. Мектептерді? білім де?гейін к?теру ж?не онда интерактивті ??ралдарды пайдалану ар?ылы о?у – т?рбие процесін тиісті де?гейге к?теру, мектеп ?стаздарыны?, басшыларыны?, педагогикалы? ?жымны? ж?йелі басшылы??а ал?ан ба?ыты деп есептейміз. Интерактивті ??ралдарды ?олдану негізінде мектепте жаратылыстану ба?ытыны? п?ндерін о?ыту сапасын арттырып, білім беруді а?параттандыру ж?йелі т?рде іске асады деуге болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ыту ?дерісінде интерактивтік ?дістерді пайдалануды? тиімділігі»
Оқыту үдерісінде интерактивтік әдістерді пайдаланудың тиімділігі
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы № 3 Күршім гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жақсыбаев Серік Кенжеханович
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады. Интерактивтік тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор. Бұл ақпараттық технологиялардың әдістері және оларды оқыту жүйесінде қолдану туралы талдауда келесі қортындыларды жасауға болады: ақпараттық технологиялар бізде қалыптасқан оқыту формаларының ақпараттық көлемін ұлғайтып қосымша ретінде бола алады, сонымен қатар, оқыту үрдісін ықшамдап, сабақтарды әр түрлі формаларда жүргізіп, нәтижелілігін арттырады. Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану,әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педогогтар қауымының басты міндеті. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданынады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан.