«О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау» модулі бойынша рефлективті есеп
«О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау» модулі бойынша рефлективті есеп
«О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау» модулі
бойынша рефлективті есеп
О?ушыны объективті т?рде ?алай ба?алау керек? Ба?алау о?ыту ?орытындысын шы?ару ?шін ?алай ?сер етеді? Не ма?ызды: о?ушыны? м??аліммен ж?мысын ба?алау ма немесе о?ушы ?зін ба?алауы ма? Не ма?ызды: м??алімні? не істеуі керектігін айт?аны ма, ?лде о?ушы ?з ?атесін ?зі тауып, шешу ж?не алда?ы кезде ?ателік жібермеуге ?йрету? О?ушы ?шін не ма?ызды: саба?та ?з ж?мысына ?зі анализ жасау ма немесе арты? жатты?у орындау ма?
М??алімдер тал?ылайтын осындай с?ра?тарды? реті к?п-а?. Мектептегі ба?алау – б?л тек ?ана о?ушыны? ж?мысын тал?ылау емес. Б?дан м??алімні? стилі, педагогикалы? сапасы, мінезі, о?ушымен байланысы пайда болады.О?у процесі о?ушыны ба?алаусыз болмайды. Ба?алауды? о?ушы?а п?нге деген ?ызы?ушылы?ы, м??аліммен байланысы, мектеп пен ?орша?ан ортасына ?сері болады. Сонды?тан о?ушыны? білімін ба?алауда к?рделі талаптар болуы ?ажет.
Сыныпта?ы ба?алау тек ?ана техникалы? т?сіл емес. М??алімдер жазбаша немесе ауызша т?рде ба?а ?ою жолымен ба?алайды. Олар ?олданатын кез келген нысанны? артында объективті немесе жеткілікті д?режеде объективті емес нормалар мен стандарттар ?ана емес, сондай –а? баланы? дамуы, о?уы ж?не ынтасы туралы т?сінік, сонымен ?атар ?зін-?зі ба?алау, ?абілеттілік ж?не к?ш –жігер сия?ты ??ымдар?а ?атысты ??ндылы?тар жатады (Александер, 2001). (МАН, 56-б)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау» модулі бойынша рефлективті есеп »
Қызылорда қаласы, № 217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Әбуова Жанардың
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі
бойынша рефлективті есеп
Оқушыны объективті түрде қалай бағалау керек? Бағалау оқыту қорытындысын шығару үшін қалай әсер етеді? Не маңызды: оқушының мұғаліммен жұмысын бағалау ма немесе оқушы өзін бағалауы ма? Не маңызды: мұғалімнің не істеуі керектігін айтқаны ма, әлде оқушы өз қатесін өзі тауып, шешу және алдағы кезде қателік жібермеуге үйрету? Оқушы үшін не маңызды: сабақта өз жұмысына өзі анализ жасау ма немесе артық жаттығу орындау ма?
Мұғалімдер талқылайтын осындай сұрақтардың реті көп-ақ. Мектептегі бағалау – бұл тек қана оқушының жұмысын талқылау емес. Бұдан мұғалімнің стилі, педагогикалық сапасы, мінезі, оқушымен байланысы пайда болады.Оқу процесі оқушыны бағалаусыз болмайды. Бағалаудың оқушыға пәнге деген қызығушылығы, мұғаліммен байланысы, мектеп пен қоршаған ортасына әсері болады. Сондықтан оқушының білімін бағалауда күрделі талаптар болуы қажет.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай –ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш –жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001). (МАН, 56-б)
Өзімнің осы уақытқа дейінгі педагогикалық практикамда оқушылардың білімін бес баллдық жүйемен ешқандай комментария, оқушыларға нақты критерийлер қоймастан бағаладым. Мен бағалауды тек қана процесс деп есептедім, сабақты оқығаннан кейін оқушылардың білімін тексеру үшін қойылатын. Бірақ сол тақырыптың материалының көлемін қамтымаған оқушыны сонда қалай бағалау керек? «Сен бүгінгі сабақта нашар жауап бергенің үшін төмен баға алдың» десек, оқушының өзін бағалауы төмендеп, алдағы оқу кезінде артта қалып қоюы мүмкін. Менің бұдан түсінгенім оқушының сабаққа деген ынтасы, өзін бағалауы, ішкі уәжі төмендеп кетеді. Сонда оқушылардың білімін сабаққа деген уәжін төмендетпей қалай бағалау керек? Мен барлық сұрақтарымның жауабын курста оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін өткен кезде алдым. Менің түсінгенім оқудың қорытындысын ғана бағалап қою емес, сондай-ақ оқыту үшінде бағалау керек екенін. Осыдан барып, формативті бағалау шығады.
Мұғалімдер үшін формативті бағалау білімнің нақты қорытындысын білу үшін, әрбір нақты жағдайда, әрі өзінің жұмысын ұйымдастыру барысында, оқушыдан білімді субъект және бағалаушы шығару үшін мүмкіндік береді.
Формативті бағалау оқушылар оқыту барысында өзінің оқу материалдарын қаншалықты меңгергенін қорытындылап отыру үшін қажет.
Формативті бағалау оқушыларға қателерін түзей отырып оқуға көмектесуі мүмкін, не маңызды екенін түсінуге көмектесуі мүмкін, нені есте сақтауға көмектесуі мүмкін, білмегендерін үйренуге көмектесуі мүмкін, не нарсені істей алмайтындарын түсінуге көмектесуі мүмкін.
Мектепте тәжірибе барысында өткен бірінші сабағым «Баспа құрылғылары. Сканер. Дискжетек.» тақырыбында өткен сабақты пысықтау үшін сөзжұмбағы бар парақша тараттым. Оқушылар шешкен соң, парақтарын бір-біріне беріп, дұрыс жауабымен тексертіп, өзін-өзі бағалау парақшасына бағаларын қойды. Мен оқушыларға өзін бағалау ұнағанын және жоғары бағалай алғанын байқадым. Менің жұмысыма оқушылардың тек қана өзінің қатесін өзі тауып, бағалағаны ғана емес, сонымен қатар шешудің жолдарын талқылағаны көмектесті.
Екінші сабағым «Жұмыс істеудің бастамасы» тақырыбында оқушылар өздері басқару элементтерінің командаларына Бас мәзір, мәзір жолындағы мәзір мен командалар жататынын түсіндіру, көрсету, . Windows жұмысын Бас мәзірден бастау керек екенін білу үшін ең алдымен «Жұлдыз» кафесінің мәзірін құруды тапсырма етіп бердім. Мен оқушылардың тапсырманы сондай беріліп, өз идеяларын, кафенің мәзірі қандай болу керектігін қағаз бетіне түсіріп, түсіндіргендеріне таң қалдым. Бұл тапсырма да белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артып, оқушы мен оқушы диалогы қалыптасты. Топтар кафенің мәзірін қалай құрғандары жайлы айтып болған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалады. Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ойларын нақты жеткізгенімен ұсыныс айту қиындау болды. Себебі олар осы кезге дейін мұғалімнің бағалауымен ғана шектелгендіктен деп есептеймін. Дегенмен де екі жұлдыз, бір ұсыныс айту арқылы оқушылардың білім дәрежелерін байқауға маған көмек болды. Тапсырмадан кейін тақырыпты оқушыларға түсіну жеңіл болғанын байқадым.
Үшінші сабағым «Тінтуірмен жұмыс істеу» тақырыбында сұраққа жауап бергені үшін және ЭЕМ-де тапсырмаларды орындағаны үшін критерий бойынша сынып бақылаушы сайланып, бағалады. Критерийді өзім құрдым. Сабақта оқушыларды жұпқа бөліп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, өзім көшбасшылық жасадым. Сынып бақылаушысы жауап берген және ЭЕМ-де тапсырманы орындағанын бақылап, сабақ соңында қойған бағаларын айтты. Мен оқушылардан алған бағаларына қанағаттанатындарын сұрағанымда олардың алған бағаларына келісетіндерін мақұлдады. Себебі критерий бойынша өздерінің неше алатындарын білгеннен кейін өздерінің әділ бағаланғанын білді. Маған критерий бойынша оқушыларды бағалау және сабақта өздерін оқушы бақылаушы бағалағандары жақсы әсер қалдырды. Оқушы бақылаушы болғанда өзіне жауапкершілік жүктелгенін сезініп, критерийге сүйеніп бағалап, сонымен қатар әрбір оқушылардың берген жауабынан, тапсырманы орындағанын мұқият бақылау барысында білмегенін үйреніп отырғанын байқадым. Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін гөрі өзара пікірлесу арқылы көпнарсе үйренеді. Менің осы курста үйренгенім сабақта оқушыларды критерий бойынша бағалау, сонда оқыту үшін бағалау қиынға соқпайтынын түсіндім.
Сабақ соңында мұғалім мен оқушы диалогы арқылы ауызша сұрақ қойып, кері байланыс қалыптасты. Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап берді: Сабақта не маңызды болды? Не қызық, не үйрендіңдер? Алған білімдерің қажет па? Себебі? Осы сұрақтардың жауабын алғанда оқушылардың қандай деңгейде білім алғандарын бағалай алдым, сабақ қалай өткенін білдім, сыныпта ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуына ықпал етуінің пайдасын түсінді. Осындай ақпараттарды ала отырып, өзімнің алдағы сабағымда оқушылардың жақсы жетістіктерге жетуіне мүмкіндіктер жасаймын.
Төртінші сабағым «Терезелер» тақырыбында оқушыларды санау арқылы үш топқа бөлдім. Топ сарапшыларын сайладық. Сарапшыларға білім деңгейі жақсы, орташа, төмен оқушылар сайланды. Сарапшылар топпен кеңесіп, бағалау критерийлерін құрды.Менің байқағаным оқушылар критерийді әрі қысқа, әрі нұсқа, өздерінің бағалауларына түсінікті етіп жасаған. Сондықтан алған бағаларына оқушылар ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Себебі, баға критерий бойынша нақты бағаланған. Бағалау критерийін құруда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланды. Сабақтың соңында оқушыларға кері байланыс жазғыздым. Мына сұрақтарға жауап берді: Сабақтың ұйымдастырылу түрі сізге ұнады ма? Несімен ұнады? Қай жері ұнамады? Сабақ осы түрде өткізіліп тұрсын ба? Өзіңді топта қалай сезіндің? Сен әлі де немен жұмыс жасауды үйренуің қажет? Оқушылар жауаптарын стиктерге жазып, талдық суреті салынған плакатқа апарып жапсырды. Мен оқушылардың жазған жауабын оқып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігі төмен оқушылардың сабаққа деген ынтасын, жан-жақты, нақты жауаптар айтуды, сыни тұрғыдан ойлауларының дами бастағанын байқадым.
Бағалау жүргізу үшін ең алдымен мынаны анықтап алу керек, оқушылар не біледі, нені істей алады, сонымен қатар қандай қиындықтар кедергі келтіреді. Мен курс барысында оқушылардың білімін критерий бойынша бағалауға болатынын білдім. Критерий бойынша бағалау оқушылардың білімін тексеруге, сабақтың материалдарын қаншалықты меңгергендерін білуге мүмкіндік беретінін, ашық бағалауға, оқушылардың не үшін ондай баға алғанын өздері оңай түсінуге, мұғалім мен оқушы арасында түсіністік орнауына көп септігін тигізетінін байқадым.
Алдағы уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын бағалау жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Бағалау тек қана үлгерімді көрсету ғана емес, мұғалім оқушыға өзінің нәтижесін жақсарту үшін алдағы уақытта не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Курсқа дейінгі өткен сабақтарымда оқушыларға төмен баға қойғанымда, оқушы қандай жағдайда болды екен деп ойлап қоятынмын. Бірақ сабаққа деген ынтасын, уәжін төмендеткенімді түсініп, қандай әрекет ететінімді білмейтінмін. Курс оқу барысында түсінгенім оқушыға өзін бағалағанымды емес, оның алған білімін бағалағанымды түсіндіру, ешқашанда оқушының жұмысын басқа оқушының жұмысымен салыстырмау, тек қана оның жеке жасаған келесі жұмысымен салыстыру, жұмысының дұрыс, дұрыс емес екендігіне ескерту жасау, оқушы нақты алдағы уақытта одан не күтетін түсіну.
Мен мұғалім ретінде білім деңгейі төмен оқушыларға оларда басқалардан төмен еместігін және олардың да қабілеттерінің бар екенін түсіндіруім, ашуым қажет. Егер оқушыда бірнәрсе болмай жатса, оған өзінің білімділігіне, күшіне сенуіне көмектесіп, оны бағалап, өзін төмендетпес үшін алға қарай жетелеу, белсенділігін арттырукерек.
Менің бұл модульді сабағымда қолдану кезінде түсінгенім бағалау оқушының білім деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді және нақыт көрсетеді.
Қорыта келе алдағы уақытта сабақтарыма бағалудың түрлерін пайдаланып, уақытты тиімді пайдалануға, оқушылардың шешімін тыңдай білуге барлық мүмкіндіктерді қолданамын.