kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Научная работа:Тема "Adobe Photoshop" главная задача его работы применение новых информационных технологий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ученица 10 класса Сабыржан Наурызбай работает  над  темой  "Adobe Photoshop" главная задача  его работы  применение  новых  информационных технологий в процессе обучение применяются при обучений  для укрепления знаний   учащихся. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Научная работа:Тема "Adobe Photoshop" главная задача его работы применение новых информационных технологий »

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тараз қаласы білім, спорт және дене шынықтыру бөлімі

№ 47 орта мектебі









Ғылыми жоба



Тақырыбы: «Adobe Photoshop бағдарламасында суреттерді

түрлендіру жолдары»



Авторы: Сабыржан Наурызбай

Ғылыми бағытта: «Ғылыми – техникалық пргоресс, экономикалық

өсудің негізгі буыны»

Секция


Пән мұғалімдері: Узбекова Айман Медербековна

Ғылыми жұмыстың жетекшілері: Узбекова Айман Медербековна












Тараз қаласы



Аннотация


10 – сынып оқушысы Сабыржан Наурызбай «Adobe Photoshop бағдарламасында суреттерді түрлендіру жолдары» тақырыбындағы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру, білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың біліктілігін арттыру, Adobe Photoshop бағдарламасында оқушылар өзінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелер туралы жүйелі ой қозғайды.Себебі бүгінгі таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, өркениетті 50 елдің қатарына кіру өте күрделі мәселе.

Осы мәселе мақсатында Adobe Photoshop бағдарламасы әр түрлі суреттерді, жаңа ақпараттық технологияны интерактивті тақта, интернетті пайдалану арқылы, қаламыздың жастарының біліктілігін арттыруды көздеп отыр.

Жалпы ел мақсаты болып отырған мәселе, оқушымыздың ой- санасында үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болатынына сенімдімін.


Аннотация


Ученица 10 класса Сабыржан Наурызбай работает над темой "Adobe Photoshop" главная задача его работы применение новых информационных технологий в процессе обучение применяются при обучений для укрепления знаний учащихся. Получение глубоких знании о интерактивной доски.

Они повышают интерес к предмету и дают обширные понятия о новых информационных технология.

Казахстан входит в 50 развивающих стран , поэтому это тема наиболее актуальна сейчас потому как новые технологии прочно входит в нашу жизнь. Ученики используют новые технологии в школах и вузах.


Abstract.


Chemical 10 classes Сabrgan Naurizbai works on subject "Adobe Photoshop" main problem of his(its) work using new information technology in process education are used when learning for fortification of the knowledge’s learning. The Reception profound knowledge’s about interactive of the board.

They raise the interest to subject and give the extensive notions about new information technology.

Kazakhstan falls into 50 developing countries so this subject the most actual presently therefore as new technologies firmly falls into our life. The Pupils use new technologies in school and high school.






Мазмұны


Кіріспе............................................................................................

Негізгі бөлім..................................................................................

Қорытынды ...................................................................................

Әдебиеттер тізімі............................................................................

Қосымша.........................................................................................

Зерттеу күнделігі ...........................................................................

Пікір................................................................................................





Жұмыстың мақсаты: Adobe Photoshop бағдарламасында суреттерді

түрлендіру


Міндеті:




Зерттеу нысаны: Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — кіріспе бөлімі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды.

Adobe Photoshop бағдарламасында суреттерді

түрлендіру жолдарын қарасытыру.

Екінші кезең— эксперимент жұмыстарының

өткізілу кезеңі. Үшіншісі — алға қойған

міндеттерді шешудің бастамасы.Перо

құралдарын ою-өрнектер, бояулармен, фильтр

менюмен жұмыстар жасау.


  • Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезең — бастау кезеңі. Интернеттен, әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды.

  • Екінші кезең— компьютерде бағдарламаны қолданып, ғылыми жоба қанағаттандырарлық деңгейде баяндалып, зерттеу жұмысына қатысты сыни-пікірлер айтылды. Жасалған эксперимент жұмыстарының нәтижелері жобаға жинақталды.

  • Үшінші кезең — алдыма қойған міндеттерді орындаудың бастамасы. Жинақталған суреттім, шығармашылық жұмыстарым табыс-нәтижелерімді ғылыми жаңалыққа ұластыру мақсатында зерттеу жұмыстарын өткізудемін.

Болжамы:




Тәжірибелік маңыздылығы:



Қорытынды: Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары баяндалып, әдістемелік ұсыныстар беріледі. Қарастырып отырған мәселенің зерделенетін бағыттары айтылады.

Тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасында суреттерді түрлендіру

жолдары



Жоспары:


І. Кіріспе бөлім


    1. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосу.

    2. Жұмыс терезесін сипаттау.

    3. Меню жолы, хаңа құжат құру, құжаттарды орнату, сақтау, өңдеу.



ІІ. Негізгі бөлім


2.1 Аспаптар панеліндегі құралдарды қолдану.

2.2 Суреттерді өңдеу.Перо құралын пайдалану.

2.4 Коллаж- бірнеше қиындылардан, ою- өрнектер, бояулармен

жұмыс.

2.5 Фильтр менюмен жұмыс жасау.



ІІІ. Қорытынды.


Adobe Photoshop бағдарламасында жасаған суреттерімді ұсынамын.


ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер


















Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі: іске қосу, Жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу, қайта ашу.


Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосу үшін Пуск – Программы - Adobe Photoshop командалық тізбекті орындау қажет.

1- суретте негізгі жұмыс терезесі көрсетілген.

A

1.1-сурет

dobe Photoshop бағдарламасының жұмыс терезесіндегі командаларды сипаттап жаз. Сипаттау дегеніміз бағдарламаға немесе объектіге толық анықтама беру. Анықтама беру үшін оның барлық түр-сипатын, қызметін, атын т.б. атау қажет.



Жұмыс терезесіне сипаттама: Adobe Photoshop бағдарламасы іске қосылған кезде оның жұмыс терезесінде төмендегідей объектілер орналасады:

  1. Меню жолы;

  2. Аспатар панелі;

  3. Қабаттар терезесі;

  4. Тарих терезесі;

  5. Түстер терезесі;

  6. Навигатор терезесі;

  7. Баптау панелі;

  8. Статус жолы

Меню жолы келесі менюлардан тұрады:

  1. Файл;

  2. Редактирование;

  3. Изображение;

  4. Слой;

  5. Выделение;

  6. Фильтр;

  7. Вид;

  8. Окно;

  9. Помощь.

Жаңа құжат құру. Жаңа құжат құру үшін меню жолынан Файл – Новый командалық тізбекті орындау қажет немесе тілді ағылшын тіліне ауыстырып, Ctrl + N батырмаларын басу қажет.

Бұл жерде және барлық кезде (+) белгісі алдыңғы пернені басып тұрып келесі пернені басу қажеттігін білдіреді. Бірақ (+) белгісін ешқашан баспаймыз.

Файл – Новый командасын орындағанда немесе Ctrl + N пернелерін басқанда пайда болатын жаңа файлды құру сұхбат терезесі. 1.2.-сурет.

1.2-сурет



Имя терезесіне сипаттама:

ИМЯ қатарында - жаңа файлдың аты жазылады;

Заранее установленные қатарында – алмасу буферіне көшірілген графикалық файлдың көлемі ескеріледі немесе қолданушының қажетті өлшемдері орнатылады;

1.3- сурет


Заранее установленные қатарынан Буфер обмена бағыттауышын (стрелка) шертіп қосымша баптауларды алуға болады. Ол тек қолданушының қалауы бойынша жүргізіледі. Егер де 8 х 10 – ды таңдасақ, онда көлденең 8 дюйм, ал тігінен 10 дюйм (сантиметрге аударғанда ол - 20 х 25 см) болып жаңа графикалық файл ашылады. Басқа да көлемдерді таңдауға болады. 1.3 – суретте көрсетіліп тұр.

Разрешение (шешілуі) қатарында – графикалық файлдың шешуі көрсетіледі. Неғұрлым шешуі жоғары болса, сол ғұрлым оның сапасы жақсы болады.

Бұрын құрылған шешілу кішігірім файлдардың кейбіреулерінің өлшемін көбейткен кезде ол сапасын жоғалтады.

Режим қатарында – графикалық файлдың қандай түрлі – түсте және қандай режимде жұмыс жасайтындығы анықталады.

Содержимое фона қатарында – графикалық файлдың астыңғы фон түсі көрсетіледі. Үнсіз келісім бойынша ол – ақ түспен орнатылады. Бірақ оны өзгертуге болады.

Жоғарыда атап өткеніміздей жаңа файлдың көлемін өзгертуге болады.

Ол үшін Изображение → Размер изображения командалық тізбекті меню арқылы орындаймыз.

Жаңа файлды сақтау үшін Сохранить немесе Сохранить как командаларын Файл меню арқылы орындаймыз. Ашылған Сохранить сұхбат терезесінде файлдың атын енгіземіз және ОК батырмасын шертеміз.

Сақталған файлды жауып, Файл – Открыть немесе Открыть как командалық тізбек арқылы қайта аша аламыз.

Тапсырма:

Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі: іске қосу, Жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу, қайта ашу тақырыбындағы теориялық материалды жаттап алу.


Құжат құру,сақтау, өңдеу қайта ашу


  1. Adobe Photoshop бағдарламасын Пуск – Программы - Adobe Photoshop командалық тізбек арқылы іске қос.

  2. Жаңа құжат құр. Ол үшін Файл – Новый командасын орында немесе ағылшын тіліне ауысып Ctrl + N перенелерін бас.

  3. Оның көлемін пикселдармен орнату. Жобамен 1200 – ді ені қатарына енгіз, 950 – ді биіктігі қатарына енгіз.

  4. Шешілуін 600 – деп орнату;

5- сурет;


4 – суретте - көлемін орнату көрсетілген;

5- суретте – құрылған жаңа файл көрінісі;

4 – сурет;


    1. Аспаптар панелінен Кисть құралын алып (жоғарыдан санағанда оң жақтағы төртінші нөмірлі) қалауларынша сызықтар немесе басқа да әрекеттер жасаңдар.

    2. Файл – Сохранить командалық тізекті орындаңдар; Файлдың атын – 01 деп сақтаңдар.

    3. Файлды бағдарламаның оң жақ бұрышындағы жабу;


6 - сурет

7-сурет

Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосып сақтаған файлдарыңды ашу.


Өзіндік жұмыс:

  1. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосып, жаңа файл құру.

  2. Оның параметрлерін ені – 600, биіктігі – 400 етіп орнату.

  3. Жаңа файлды Менің жұмысым деген атпен сақтау.

  4. Құрылған файлды жабу.

  5. Құрылған файлды қайта ашу.

  6. Осындай ретпен тағы да бірнеше файлдар құру.

  7. Олардың параметрлерін әртүрлі етіп орындау.

  8. Файлды сақтау.



перо, инструмент прямого выделения құралдары


Photoshop бағдарламасында белгілі бір бағытта жылжи отырып, пішін жасауға арналған ПЕРО құралы қарастырылған. Оның құрамында бірнеше құралдар бар. Олар - Свободное перо, Точка зацепления, Удаления точки зацепления, Преобразование точки зацепления, Карандаш құралдары болып табылады.

Әрине, олардың әрқайсысының қызметі бар.

Карандаш құралы тек тік жолмен жүре отырып сызық жүргізеді, Свободное перо құралы кез – келген бағытта сыза алады, Точка зацепления құралы сызылған контуры бітік фигураларды өзгерту үшін қолданылады, Удаления точки зацепления құралы қолданушы командасымен жасалған нүктелерді жояды, Преобразование точки зацепления құралының қызметі кез –келген нүктелерді түзеті.


Өзіндік жұмыс:

Мақсаты: Бағдарламаға визитка жасау. (15.1.-сурет)

  1. Photoshop бағдарламасын іске қос.

  2. Файл – Новый командалық тізбекті орындай отырып, жаңа файл құру.

  3. Оның енін – 600, биіктігін – 500 қылу.

  4. Прямоугольник құралымен төртбұрыш жасаңыз. Ол аспаптар панелінің 9-шы жолында орналастыру..

  5. Оның ортаңғы шеткі жақтарын ішіне қарай ығыстыру үшін, Точка зацепления құралын алыңыз да жаңа нүкте құрыңыз, сөйтіп, оны ішіне қарай жылжыту арқылы ішіне орналасқан төртбұрыш пайда болады.

Барлық жағдайда нүктелермен жұмыс жасау барысында Инструмент прмяого выделения құралын пайдаланған ыңғайлы. Өйткені ол қажетті фигураның қажетті жерін ерекшелеуге қолданылады.

  1. Оның стилін өздеріңнің қалауларынша орнату (қасиеттер панелінде орналасқан, меню жолының төменгі жағында орналасқан).

  2. Жақтаудан тысқары жерінде Информатика деп жазу.

  3. Оның сол жағына Форма пользователя құралын пайдаланып глобус пішінін, ал төменгі жағына телефон пішінін орналастыру.

  4. Ортаңғы бөлігіне Семинар сөзін жазып, екі шетіне Эллипс құралын пайдаланып, шеңберлер орналастыру.

  5. Барлығының стилдерін өздеріңнің қалауларыңша орнатсаңдар болады. Бірақ, сөздер мен астыңғы фонының түстері бірдей болмасын, өйткені, олар көрінбей қалады.

  6. Нәтижесінде 15.1-суреттегідей көрініс болуы керек.

  7. Файлды сақтау.


Өзіндік жұмыс:

  1. Photoshop бағдарламасын іске қосып, жаңа файл құру.

  2. Форма пользователя құралын пайдаланып, үйлесімді етіп бірнеше фигура орналастыру.

  3. Артқы фонын Градиентті құю құралымен ұнаған түске бояу.

  4. Нәтижені сақтау.

Үлгіге қарсаңыз болады.

Бұл - үлгі


Тапсырма:

Перо, Инструмент прямого выделения құралын тақырыбының теориялық бөлімін жаттап, ал практикалық бөлімінің командаларын жазып отыру.


Коллаж. «Той тамақтары»


Коллаж дегеніміз – бірнеше қиындыдан мағынасы бар сурет, плакат, жарнама құрастыру.

Мектепте көптеген ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізіледі. Мысалы Тамақтарды жарнамалау конкурсы өтті делік. Енді сіз жасаған тағамды жарнамалау үшін Photoshop бағдарламасында оның үлгісін жасап, көрсетуге болады. Ең алдымен үстел жасалынып, оның үстіне тамақтар қойылуы тиіс. Осыны жасап көрейік.

Өзіндік жұмыс:


  1. Photoshop бағдарламасын іске қосу.

  2. Файл – Новый командалық тізбекті орындай отырып, жаңа файл құру.

  3. Жаңа файлдың енін – 800, биіктігін 600 етіп орнату.

  4. Прямоугольник құралын пайдаланып үстелді жасау. Үстелді жанынан тұрғандай болу үшін, шамалы қисайту.

  5. Форма пользователя құралын пайдаланып, оның аяқтарын жасаңыз. Үстелдің аяқтарын да шамалы қисайтыңыз. Егер аяқтары алдыңғы жақты тұрса, оларды Слой – Расположение – На задний план командасы арқылы артқа қарай жіберу.

  6. Енді үстелдің үстін тамақтарға толтырайық. Ол үшін Жұмыс файлдары қапшығының ішіндегі Тамақтар қапшығынан қажетті тамақтарды таңдап, оларды ерекшелеп қиып алыңыз да үстелдің үстін жайната беру.



Тамақтарды қиып алу үшін оларды Photoshop бағдарламасында алдымен өңдеуге ашып, сонан соң Той тамақтары файлына көшіру.



  1. Байқасақ, үстеліміз де жайнап кетіпті. Үстелді жайнату сіздің талғамыңыза қарай.


Үлгіге қарап жасауыңа болады.

  1. Файлды сақтау.


Өзіндік жұмыс:

  1. Photoshop бағдарламасын іске қосып, жаңа файл құру.

  2. Жұмыс Файлдары қапшығының ішіндегі Коллаж-1 қапшығынан суреттерден үйлесімді коллаж құрастыру.

  3. Файлды сақтау.


Үлгіге қарсаңыз болады.



Тақырыбы: Коллаж. «Сурет салу»


Photoshop бағдарламасында ең қызықтысы сурет салу десем артық айтпас едім. Өйткені, мұндағы құралдар сурет салуға өте ыңғайлы болып табылады. Сурет салу үшін алдымен қандай құралдар пайдаланатынымызды анықтап алайық. Прямоугольник құралы, стильдер командасы және Кисть құралы.

Енді үлгі бойынша сурет салуды бастайық. (17.1.-сурет).

17.1.-сурет



Өзіндік жұмыс:

  1. Photoshop бағдарламасын іске қосу.

  2. Файл – Новый командалық тізбекті орындай отырып, жаңа файл құрау.

  3. Оның енін – 700, биіктігін 500 етіп алу.

  4. Прямоугольник құралын алып, төртбұрышты аймақ жасаймыз. (аспаптар панелінің 9-шы қатарында орналасқан). Төртбұрышты аймақ жасамас бұрын оның түсін таңдаңыз. Стильдер қатарынан ұнаған стильді қолдануға.

  5. Тағы да бір төртбұрышты аймақ жасайық. Оның да түсін анықтап алайық. Ол үшін Цвета терезесінен немесе аспаптар панелінің төменгі жағындағы түстерді басқару терезесінен де өзгерте аламыз.

  6. Кисть құралын аламыз. Оның баптауларын орнатамыз. Баптау дегеніміз – қасиеттерін орнату. Мысалы, жуандығы, түсі т.б.

  7. Қажетті қалыңдықты, және ақ түсті алып, жасыл фонға мысық суретін салу.

  8. Нәтижесі 17.1.-суреттегідей болу керек.

  9. Файлды сақтау.

Өзіндік жұмыс:

  1. Photoshop бағдарламасын іске қосып, жаңа файл құру.

  2. Фон түсін орнату.

  3. Форма пользователя командасын пайдаланып холст жасау.

Холст дегеніміз – сурет салуға арналған төртбұрышты жақтаулармен шектелген аймақ.

  1. Форма пользователя командасын пайдаланып жақтау жасау. Өзіңіздің таңдауың бойынша.

  2. Холстқа Бәйтерек тақырыбында сурет салу.

  3. Астана туралы бірер сөз жазу.

  4. Файлды сақтау.


Үлгіге қарсаңыз болады.




Тақырыбы: «Ою-өрнектер құрастыру»


Photoshop бағдарламасында безендіру үшін ою-өрнектер жасауға болады. Оларды құрастыру үшін дайын оюларды ғана емес, бағдарламаның өзінің құрамындағы даярламалардан жасауға да болады. Сонымен жасап көрейік. Бұл қызықты болуы тиіс.


Өзіндік жұмыс:

18.1.-сурет


  1. Photoshop бағдарламасын іске қосып, жаңа файл құрыңыз.

  2. Фон түсін орнатыңыз. Талғамыңыз білсін. Фон үсін орнату үшін

Фон түсі мен ою-өрнектің түстері сәйкес келмеуі тиіс. Ондай болған жағдайда түстер бірін – бірі жоғалтып, көрінбей қалады.

  1. Форма пользователя құралын алыңыз.

  2. Қасиеттер панелінен Flower5 қосымшасын файлға түсіріңіз. (18.1.-сурет).

  3. Жалғыз түскен үлгісін көбейтіңіз. Ол үшін үлгіні ерекшелеп, Копировать – Вставить командасын орындаңдар.

  4. Әр қойған сайын Слой – Выполнить сведение командасын орындап отырыңыз. Өйтпеген жағдайда сіздің ою-өрнегіңіз басқа қабатта тұрады да көшірілмей қалады.

  5. Ү

    Үлгі

    лгіге қарасаңыз болады:



  1. Ою - өрнегіңізді салғаннан кейін Ортаңғы жеріне Ою - өргнектер деген жазу жазу.

  2. Файлды сақтау.


Өзіндік жұмыс:


  1. Photoshop бағдарламасын іске қосып, жаңа файл құру.

  2. Фон түсін орнату.

  3. Белгілі бір үйлесімділігі жарасқан ою - өрнек салу.

  4. Файлды сақтау.


Тақырыбы: «Бояулармен жұмыс»


Photoshop бағдарламасында ең қызықтысы сурет салу. Бірақ оны бояу, нақышына келтіру одан да қызық жұмыс. Кез – келген салынған суретті бояй білу үшін алдымен бояу құралдарын пайдалана білген жөн. Бояуға Кисть, Өшіргіш, Заливка, Волшебная палочка құралдары т.б. қатысады. 19.1.-суреті дайын сурет, тек оны бояу арқылы нақышына келтірдік. Осылай түрлі – түсті сурет алдық.


Өзіндік жұмыс


  1. Photoshop бағдарламасын іске қосу.

  2. Жұмыс файлдары қапшының ішіндегі Бояуға арналған суреттер қапшығын ашу.

  3. Кез – келген бір суреттің таңдау.

  4. Оны ерекшелегіш құралымен бөліп алып, үзіндіні жаңа файл құрып көшіру.

  5. Жаңа файлдың көлемі алмасу буферіне көшірілген үзіндінің көлемімен автоматты түрде сәйкестендіріледі.

  6. Жаңа файлға үзіндіні қойыңыз. Осылайша жеке файлмен жұмыс жүргізу.

  7. Кисть құралын алу.

  8. Түстер терезесінен қажетті түсті таңдау. (19.1.-сурет.)


19.1.-сурет

19.2.-сурет


Қ

19.3.-сурет

ажетті түсті таңдау үшін екі төртбұрышты түсті анықтағыш бөлімінің астыңғы жағындағы бөлікке екі рет тінтуірмен шертіп, ашылған Сборщик цветов сұхбат терезесінен аламыз. (19.2.-сурет).

  1. Кисть құралына шертіп, оның қасиеттер терезесіне барамыз. Сол жерден Кистьтің жуандығын немесе жіңішкелігін таңдаймын. (19.3.-сурет)

  2. Бояуға кіріспес бұрын Түстің мөлдірлігін таңдаймыз. Өйткені салынған суреттің сызықтарын басып кетпес үшін Прозрачность – 50, 40, 30, 60, 70, 20 т.б. болу мүмкін.

  3. Енді бояуға кірісе беруге болады.

  4. Мен Аюшықты бояймын. Ал сіз таңдаған суретіңізді бояңыз. Менің аюшығымды бояумен әлі де қанықтыру қажет сияқты.

  5. Нәтижені сақтаңыз.


Өзіндік жұмыс:

    1. Photoshop бағдарламасын іске қосыңыз.

    2. Жұмыс файлдары қапшының ішіндегі Бояуға арналған суреттер қапшығын ашыңыз.

    3. Кез – келген бір суреттің таңдаңыз.

    4. Оны ерекшелегіш құралымен бөліп алып, үзіндіні жаңа файл құрып көшіріңіз.

    5. Таңдаған файлыңызды бояп, дискіде сақтаңыз.



.

Тақырыбы: «Фильтр менюымен жұмыс»


Photoshop бағдарламасында дайын суреттерді қолдан салған етуге болады және де осындай мүмкіндіктерді іске асыруға Фильтр менюының командалары қолданылады. Сондай-ақ, Фильтр менюы арқылы арнайы эффектілер жасауға болады. Мысалы, суретті безендіру, қалпына келтіру немесе өзгерту.


Өзіндік жұмыс


Мақсаты: Фотосуретті қолдан салған сияқты етіп шығару.

  1. Photoshop бағдарламасын іске қосыңыз.

  2. Жұмыс файлдары қапшының ішіндегі Фильтр қапшығынан Алма суретін ашыңыз.

  3. Фильтр – Artistic – Cutout командылық тізбекті орындаңыз.

  4. Ашылған сұхбат терезесінде Brush Strokes қосымшасынан Angled Strokes үлгісін тінтуірмен шертіңіз.(20.1.-сурет)


20.1.-сурет


  1. Алмалар қолдан салған сурет сияқты болды.

  2. Енді суретке басқа да фильтр үлгілерін қолданып көру.

  3. Ұнаған фильтр үлгісін қолданып, файлды сақтау.

  4. Неліктен сол үлгіні таңдадыңыз, соған түсініктеме беріңіз.

  5. Файлды сақтап, жабу.

Өзіндік жұмыс:

    1. Photoshop бағдарламасын іске қосу.

    2. Жұмыс файлдары қапшының ішіндегі Фильтр қапшығынан ұнаған суретті ашу.

    3. Оған бірнеше команданы қолдану.

    4. Нәтижені сақтау.






Ұсыныстар:


Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой - өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын арттырады.

Ақпараттық технологияның даму заманындағы өмір талабының бірі – оқу-тәрбие үрдісінде мектеп- оқушы-ата-ана арасындағы электронды кері байланысты пайдалану болса, осыны мен сынып сайты арқылы хүзеге асыруға болады деп ойлаймын және барлық әріптестерімді өздерінің сыныптарының сайтын жасауға шақырамын.








Қорытынды.




Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.Ұрпақ үшін білімнің маңызы қандай болса, ақпараттық технология да оқушы үшін қоршаған әлемді танудың құралы болып табылады. Олай болса, Ғаламтордың барлық мүмкіндігін кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Учитель: Узбекова Айман Медербековна. Ученик: Сабыржан Наурызбай

Дата: 17.11.2014

Номер свидетельства: 131691


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства