kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Микрокалькуляторлардың тағайындалуы, түрлері мен құрылымы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Микрокалькулятор - әр түрлі есептеулерді орындау мүмкіндігі мол, пайдалануға ыңғайлы және шағын портативті электрондық есептеуіш машина.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Микрокалькуляторлардың тағайындалуы, түрлері мен құрылымы.»


КГКП «Геодезия және картография колледжі»









Тақырыбы: Микрокалькуляторлардың тағайындалуы, түрлері мен құрылымы.




Орындаған: Зейтенғазинова М.Б.










Семей 2020 жыл

Микрокалькуляторлардың тағайындалуы, түрлері мен құрылымы.

Микрокалькулятор - әр түрлі есептеулерді орындау мүмкіндігі мол, пайдалануға ыңғайлы және шағын портативті электрондық есептеуіш машина. Ол әр түрлі мамандарға (экономистергебухгалтерлерге, сатушыларға т. б.), сондай-ақ студенттер ме мектеп оқушыларына қажет көптеген күрдел есептеулерді тез орындауға мүмкіндік береді. Микрокалькулятор тұрмыcта да пайдалы оның көмегімен электр энергиясына жәй газға төленетін ақыны есептеуге, пәтер жөндеуге керекті материалдарды, мерекелік дастарқан мәзірін анықтауға, сондай-ақ үй шаруашылығын жүргізуге қажетті есентеулерді орындауға болады.

Мазмұны

1.Микрокалькулятор түрлері

2.Cипаттама

3.Микрокалькуляторды таңдау

4.Сілтемелер

5.Дереккөздер

6.Микрокалькуляторлардың тағайындалуы, түрлері мен құрылымы

7.Есептеу тәртібінде инженерлік микрокалькуляторларда жұмыс істеу.

Микрокалькулятор түрлері[өңдеу]

Қарапайым (көпшілікке арналған), инженерлік және программалы деп 3 топқа бөлінеді.Ол өзіндегі қоректену көзінен (мыс., шағын аккумулятор не элемент немесе қернеуі 220 В болатын айнымалы ток желісінен қоректенеді. Олардың көпшілігінің өзіндік жеке қоректену көзі бар. Сонымен бірге оларды (шағын элементтермен қоректенетін 133 -38, БЗ—39, МК — 51 МК 53) күн элементімен жұмыс істейтін. Автономды қоректенетін микрокалькуляторлар МК—60 микрокалькуляторынан басқасын айнымалы ток желісіне типтік қоректендіру блогы арқылы қосуға болады.

Cипаттама[өңдеу]

Қарапайым, тасылмалданатын микрокалькуляторлар кішігірім (мөлшері қойын кітапшасындай) қорапша түрінде болады; оның бір қырында цифрларды (0-ден 9-ға дейінгі цифрлар) теруге арналған және кез келген амалды орындауға сигнал беретін клавиштер, сондай-ақ өзінде терілген сан мен есептеу нәтижесін көрсететін жарық таблосы (индикатор) бар. Мұндай микрокалькулятор бүтін және бөлшек сандармен арифметикалық амалдарды (қосуазайтукөбейтубөлу) орындауға, процентті есептеуге, дәрежеге шығаруға, қажет санды есте сақтауға және пайдалануға дейін қабылдауға, оны есте жазылған сан мен қосуға, азайтуға т. б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Ескеретін жайт: сан құрамындағы цифрлар индикатор көрсетуінен асып кетпеуі тиіс. МН 53 микрокалькуляторында -қосымша электрондық календарь, қоңыраулы сағат және секундомер орнатылған. Микрокалькуляторларда есептеу барынша қарапайым әрі уақыт аз кетеді. Мыс., 27 және 48 сандарын қосу үшін, ретімен 2 және 7 кла-виштерін (бұл кезде индикаторда 2, содан кейін 27 бейнеленеді), сосын «қосу» (-(-) клавишін және 4 пен 8 (индикаторда 4 және 48 жанады), клавиштерін ақырында нәтиже («=») клавиштерін басу керек. Индикатор да қосу нәтижесі 75 саны бейнеленеді. + клавиші арқылы санды микрокалькулятор жадына сақтауға немесе есте бар санға қосуға болады. Микрокалькуляторды пайдалана отырып, басқа арифметикалық амалдарды осылай орындауға болады. Күрделі микрокалькуляторлар (инженерлік және программаланатын)  тригонометриялық  функцйялардық мәнін, ондық және натурал логарифмдерді есептеуге, кейбір теңдеулерді шешуге т. б. орындайды. Микрокалькуля-торды таңдауда олардың көмегімен орындалатын есептеулердің сипатын білу (кестеге қараңыз) қажет. Кестеде барлық микрокаль-куляторларға ортақ, керек жағдайда екі клавишті басу арқылы орындалатын операциялар көрсетілген. Микрокалькулятордың мүмкіндігін аша түсетін бірнеше операция-лардан тұратын есептеу тәсілі де бар. Мыс., қарапайым микрокалькулятормен тригонометриялық функцияларды есептеуге, санды дәрежеге шығаруға, түбір табуға болады.Яғни бірнеше операция орындалады. Ал, инженерлік микрокалькуляторда осы операцияларды орындау үшін бір клавишті басса жеткілікті.

Микрокалькуляторды таңдау.

Микрокалькулятор таңдауда индикаторына да баса назар аудару керек. Мысалы, сұйық кристалды индикаторда цифрлар бейнесі реңсіз (контрастылығы төмен, қара түсті цифрлар сұр түсте көрінеді) болғанымен, ол қуатты аз жұмсай (бірнеше милливатт, не оның үлестері), бір рет зарядталған аккумулятормен не элементтер комплектімен жүздеген, кейде мыңдаған сағат (мыс., БЗ—38, БЗ—39 микрокалькуляторлары үзіліссіз 800 сағат,МК—51—1000 сағат, МК — 53—8000 сағат) жұмыс істей алады. Микрокалькуляторлардың жарық диодты (цифрлар қызыл түсті) және катодо-люминесцентті (цифр жасыл түсті) индикаторлары ваттың ондық үлесіндей қуат пайдалана отырып, бір элементтер комплек-тісімен бірнеше сағат қана жұмыс істейді. Жарық диодты индикатордың артықшылығының бірі-ол механикалық әсерге (діріл, сілкіл, соққы) төзімді, люминесценттік индикатордағы жасыл түске адамның көзі талып шаршамайды, қамтылу-бұрышы 150о-қа, ал жарық диодты индикаторда ол небары 30о-ка ғана жетелі.[1]

МК түрлері:

  1. Арифметикалық (- + / *);

  2. Инженерлі (+ - / *, сонымен қатар sin, cos, tg, 1/x, ln, log, x2 және т.б. функцияларды шығарады);

  3. Бағдарланатын – инженерлік калькулятор шығаратын функцияларымен қоса, оған белгілі бағдарламаларды енгізіп, онымен пайдалануға болады).

МК құрылымы:

  1. Енгізу құралы – клавиатура;

  2. Қорытынды шығару құралы – индикатор;

  3. Процессор – есептерді шығару және еске (память) енгізілген бағдарлама бойынша өтетін есептеуіш процесстің өтуін ұйымдастыру үшін арналған.

  4. Есте сақтаушы 3 құралдардан құрылған:

    1. ОЗУ (оперативное запоминающее устройство) – оперативті есте сақтайтын құрал – есептеу процессі өткен кезде қолданылады (мерзімді);

    2. ПЗУ (постоянное запоминающее устройство) – тұрақты есте сақтайтын құрал – функцияларды шығару үшін қажетті микро бағдарлама (тұрақты);

    3. ППЗУ (жартылау тұрақты есте сақтайтын құрал) – арнай енгізілген бағдарламалармен қолданғанда қолданылады (МК-52).

1 градиан – 0,9о

1 радиан – 57о 17’ 45”



Есептеу тәртібінде инженерлік микрокалькуляторларда

жұмыс істеу (Casio микрокалькуляторы)

Есептерді шығарудың алдында калькуляторды есептеуіш режиміне қосу керек. Ол үшін келесі функция орындалады: MODE1(COMP)

Формуланы көрсететін жолға 79 символ сияды. 73-ші символ енгізілген соң курсор түрін өзгертеді _ →▄, ол символдардың саны ақталады деген мағынаны білдіреді.

Егер формулаға өзгерістерді енгізу керек болса, онда ◄► пернелерімен қолдану керек.

Курсор тұрған орындағы санды немесе функцияны өшіру үшін DEL қолданылады.

Егер формуланың ортасына қосымша мәлімет енгізу керек болса SHIFTINS басады, курсор түрін өзгертеді _ →[ ] . Курсор тұратын жерде мәлімет енгізіледі, бұрын терілген символдар жойылмайды.

Курсор _ түрде болса, онда енгізілетін мәлімет бұрын терілген символдарды өшіреді.

Шығарылған функцияларға қайтадан оралу үшін ▲ пернесі қолданылады.

Формулаларды сақтау үшін АС басамыз. Онда ақырғы 3 – 4 формула есте сақталады.

Формулаларды естен жою үшін 4 әдіс бар:

  1. ON пернесін басу;

  2. SHIFTCLR2немесе3=;

  3. MODE1 (COMP)

  4. SHIFTOFF

Калькулятордың нәтижені көрсететін жолға 10 сан сияды. Шама 10 саннан көбірек болса сандар экспоненциалды түрде көрсетіледі. Шығарылған нәтижелер дұрыс көрсетілу үшін MODEMODEMODE3(Norm) 1 (Norm 1) болу керек.

Бүтін санды үтір , арқылы немесе нүкте . арқылы көрсету үшін : MODEMODEMODEMODE1►

1 бассақ (Dot) – бүтін сан нүкте арқылы белгіленеді;

2 бассақ (Comma) – бүтін сан үтір арқылы белгіленеді.

Пайыздармен жұмыс:

Мысалы:

  1. 1500-дің 12% табу:

1500 x 12 SHIFT%=180

  1. 880 санның 660 саны қанша % құрайды

660 ÷ 880 SHIFT%=75%

  1. 2500 санды 15% үлкейту:

2500 * 15 SHIFT%+2875

  1. 3500 санын 25% кішірейту:

3500 * 25 SHIFT% – 2625

  1. 168,98 және 734 сандардың қосындысын 20%-ға кішірейту:

168 + 98 +734 =AnsSHIFTSTOA ALPHAA х 20 SHIFT% – 800

Үтірден кейін сандарды санын өзгерту үшін: MODEMODEMODE

1 (Fix) – үтірден кейінгі сандардың саны 0-ден 9-ға дейін қоюға болады;

3Norm 1 - сан толық көрсетіледі.

= басқан кезде жауап сақталады. Оны дисплейге шығару үшін Ans басу керек.

Еске сақтау үшін: SHIFTSTOA (B, C, D, E, F)

Еске сақталған мәліметтерді жою үшін: SHIFTCLR1 (MCL) =

Тригонометриялық функциялармен пайдалану үшін 3 түрлі режим бар:

Deg – градус

Rad – радиан

Grad – градиан

Режимдарды қосу үшін:

MODEMODE1 – Deg

MODEMODE2 – Rad

MODEMODE3 – Grad

Координаталармен жұмыс:

Мысалы: географиялық координаталарды φ = 2о; λ = 60о тікбұрышты координаталарға аудару (Х және У). Алдымен Deg режимді қосу керек.

SHIFTRec( 2,60) =шыққан жауап (1) бұл Х координатасы. У координатасын анықтау үшін RCL Fбасамыз (1,732050808). Қайтадан Х координатасын көру үшін RCL E.

Мысалы: Тікбұрышты координаталарды географиялық координаталарға аудару: Х = 1; У = √3

Pol(1’√3)= шыққан жауап бұл – ендік (2). Бойлықты анықтау үшін RCLF (60).

Ans - ақырғы нәтижені шақыру.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Микрокалькуляторлардың тағайындалуы, түрлері мен құрылымы.

Автор: Зейтенғазинова Мақпал Болатқанқызы

Дата: 26.04.2020

Номер свидетельства: 548042


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства