Просмотр содержимого документа
«Миф эстафетасы сыныптан тыс жұмыс»
Тақырыбы: «МИФ эстафетасы» атты сабақтан тыс іс-шара Мақсаты: Оқушылардың физика, информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын, ойлау қабілетін дамыту. тәлім-тәрбиесін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Іс-шараның жоспары: I тур. Физика пәнінен «Ребустар шешу» II тур. Информатика пәнінен «логикалық тапсырма» III тур. Модельдеу. Эксперимент көрсету
Тапсырмалар:
І тур: Ребустар шешу.
Ребус №1 Ребус №2
Ребус №3 Ребус №4
Ребус №5 Ребус №6
Ребус №7 Ребус №8
Ребус №9 Ребус №10
Жауап парағы
қазақша
Орысша
Ағылшын
1. Ньютон
1. Ньютон
1. Newton
2. Күштілік
2. Сила
2. Strength
3. Линзалар
3. Линза
3. The lens
4. Салмақ
4. Масса
4. Weight
5. Оптика
5. Оптика
5. Optics
6. Тәжірибе
6. Опыт
6. Experience
7. Дисперсия
7. Дисперсия
7. Dispersion
8. Жылдамдық
8. Скорость
8. Speed
9. Энергия
9. Энергия
9. Energy
10. Ампер
10. Ампер
10. Amp
ІІ тур: Логикалық тапсырма:
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса?
Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
5. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар. Жауабы:
6. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
7. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
8. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
9. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
10. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу
ІІІ тур: Эксперимент көрсету
Қорытындылау: Оқушыларды мадақтау. Көңіл бөліп бұл кешке, Келгендерге мың рахмет. Шын сезінген көрерменге, Мың рахмет, мың рахмет! Осымен біздің іс-шарамыз аяқталды, келесі кездескенще сау болыңыздар.