kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Macromedia Flash м?мкіндіктерін ?олдану" та?ырыбында ашы? саба? ?зірленімі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Macromedia Flash м?мкіндіктерін ?олдану" та?ырыбында "Желілік технология?а кіріспе" п?нінен ашы? саба? ?зірленімі.

Курс та?ырыбы:  6.7 та?ырып. Растрлы? графиканы импорттау, объектілерді т?рлендіру (б?рмалау).

Саба? та?ырыбы: Macromedia Flash м?мкіндіктерін ?олдану.

Саба?ты? типі: аралас,  білімді бекіту ж?не да?дыны ?алыптастыру.

Саба?ты? т?рі: т?жірибе, дифференциалды, онлайн – саба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Macromedia Flash м?мкіндіктерін ?олдану" та?ырыбында ашы? саба? ?зірленімі»

Ф.219

22. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні

4 нег. ВТ

20.10





Пән: Желілік технологияға кіріспе

Курс тақырыбы: 6.7 тақырып. Растрлық графиканы импорттау, объектілерді түрлендіру (бұрмалау).

Сабақ тақырыбы: Macromedia Flash мүмкіндіктерін қолдану.

Сабақтың типі: аралас, білімді бекіту және дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: тәжірибе, дифференциалды, онлайн – сабақ.


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

БҚ 2. Өз қызметіне дұрыс мақсат қою, оны іске асыруда кажетті жағдайларды аныктау, жоспарлау және мақсатқа жету үрдісін

ұйымдастыру;

БҚ 5. Өзінің жұмыс орнын ғылыми ұйымдастыра алу, жұмыс ережелерін және тәртібін орындау керек.

БҚ 6. Қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялар көмегімен ақпаратты өздігінен табу, талдау, іріктеу, сактау, интерпретациялау.

Кәсіптік құзыреттілік

КҚ 3. Ақпаратты автоматтандырылған өңдеу технологиясын жұмыста колдана білу;

КҚ 5. Бағдарламалау технологиясы мен есептеуді жүргізу әдісін, оның есептеу жұмыстарын білу;


Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Macromedia Flash бағдарламасында оқушыларға сурет салуды және суретке анимацияны қолдануды үйрету.

тәрбиелік

Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық қабілетін, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

ДЭЕМ және ЖАҚ кешені

Курс тақырыбы: Есептеуіш желілердің жіктелуі (классификациясы).

Сабақ тақырыбы: Ақпараттың сымсыз берілуі.

Қамтамасыз етілетін

Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері және БҚ

Курс тақырыбы: Графика түсінігі.

Сабақ тақырыбы: Графикалық кескіндерді жасау, жұмыс тәсілін меңгеру


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Презентация

Таратпа материалдар

Тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқау (Денгей бойынша)

Оқытудың техникалық құралдары

ДК, проектор, Macromedia Flash бағдарламасы, Интернет, Skape

Әдебиет:

Негізгі

  1. Джеймс Л. Молер. Flash 8. ООО «Издательство Эксмо». 2007г.

2. Зимина Л. Первые шаги пользователя Macromedia Flash 5.0
Познавательная книга плюс

Қосымша

Таненбаум, Э. Компьютерные сети


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру


2

Үй тапсырмасын тексеру

Онлайн сұрақтар:

  1. Macromedia Flash программасы қандай қызмет атқарады?

  2. Macromedia Flash программасының экрандық интерфейсі қандай элементтерден тұрады?

  3. Сурет салу құралдары, олардың қызметтері қандай?

  4. Объектіні ерекшелеу құралдары?

  5. Macromedia Flash программасы көмегімен жасалған файл кеңейтілулері қандай?


3

Тәжірибелік жұмысты орындау

  1. Тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық (Денгей бойынша (Конкурс)).

  2. Тапсырманы орындау


4

Сабақты бекіту

  1. Орындаған жұмыстарын қорғау

  2. Викториналық сұрақтар


5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау


6

Үйге тапсырма беру

Финкельштейн, Эллен Macromedia Flash 8 - 30-45 бет









Оқытушы __________ Ш.М.Капашева
















САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:


І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕНІ:

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгін бізде сабағымыз ерекше түрде өтеді.

Курс тақырыбы: 6.7 тақырып. Растрлық графиканы импорттау, объектілерді түрлендіру (бұрмалау).

Сабақ тақырыбы: Macromedia Flash мүмкіндіктерін қолдану.

Сабақ мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасында оқушыларға сурет салуды және суретке анимацияны қолдануды үйрету.


САБАҚ МАЗМҰНЫ


ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ

Онлайн сұрақтар:

  1. Macromedia Flash программасы қандай қызмет атқарады?

  2. Macromedia Flash программасының экрандық интерфейсі қандай элементтерден тұрады?

  3. Сурет салу құралдары, олардың қызметтері қандай?

  4. Объектіні ерекшелеу құралдары?

  5. Macromedia Flash программасы көмегімен жасалған файл кеңейтілулері қандай?


ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ

  1. Тәжірибелік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық (Денгей бойынша (Конкурс)).

  2. Тапсырманы орындау


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ (ДЕНГЕЙ БОЙЫНША (КОНКУРС)).


Пән: Желілік технологияға кіріспе

Курс тақырыбы: Растрлық графиканы импорттау, объектілерді түрлендіру (бұрмалау).

Сабақ тақырыбы: Macromedia Flash мүмкіндіктерін қолдану.

Мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасында оқушыларға сурет салуды және суретке анимацияны қолдануды үйрету.


ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Flash’тегі анимация “мултикте” қолданылатын объектілердің қасиетін өзгертуге негізделген. Мысалы, мультиктерде объектілердің пайда болуы немесе жоғалуы мүмкін, сондай-ақ объектілер орнын, формасын, өлшемін, түсін, мөлдірлілігін т.б. өзгертуі мүмкін. Flash’те объектілерді анимациялаудың үш түрлі механизмі қарастырылған:


• кадрлап (“классикалық”) анимациялау – автор, құрып отырған мультигінің әр кадрын өзі безендіріп отырады.

• автоматты анимация (tweened-анимация), құрушы тек алғашқы және соңғы кадрларын жасайды, ал Flash аралық кадрларды өзі генерациялайды; tweened-анимацияның екі түрі бар: объектілерді жүргізуге негізделген (motion-animation) және объектілерді трансформациялауға (формасын өзгертуге) негізделген (shape-animation);

• сценарий негізінде құрылатын анимация, сценарий обьектілердің өзгеріп отыруын Flash’тің өз тілінде сипаттайды, ол ActionScript деп аталады; бұл тілдің синтаксисі Web-публикацияда қолданылатын басқа сценарий тілдерінің синтаксисін (мысалы, JavaScript және VBScript) еске түсіреді.


Бұл механизмдердің әрқайсысының артықшылығы болғанымен кемшіліктері де бар. Көп жағдайда tweened-анимацияның мынадай екі артықшылығы болады:


  • Біріншіден, автор әр кадрды жекелеп жасап қиналмайды;

  • Екіншіден, мұндай мультиктерді жүргізу үшін Flash тек алғашқы және соңғы кадрларды ғана сақтап отырады, бұл филмнің көлемі аз болуын қамтамасыз етеді.

  • Тweened-анимация қарапайым сюжеттер жасауға ғана күші жетеді.

  • Ал ActionScript сценарийлері арқылы объектілердің жетерліктей күрделі құбылыстарын жасауға болады, бірақ.

  • Бірақ ол үшін ActionScript тілін жетік үйрену керек.

  • Басқа сөзбен айтқанда, өзіңіздің жеке мультигіңізді жасауға кіріспей тұрып, оны реализациялау механизмінің қай түрін таңдайтынымызды анықтап алуымыз керек.


Кадрлармен қарапайым әрекеттер:


  1. Бос кілтті кадрды қою - Insert-Blank keyframe, F7

  2. Алдынғы мазмұның қайталау, Кілтті кадрды қою - Insert-Keyframe, F6

  3. Кадрды тазалау - Insert-Clear keyframe, Shift-F6

  4. Кадрды қою - Insert-Frame, F5

  5. Кадрды өшіру - Insert-Remove Frames, Shift-F5


ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

КОНКУРС


Оқушылар өз қиялына қарай тапсырманы орындайды.

1 денгей: Қысқаметражды мультфильм немесе ойын жасау


2 денгей: «Жыл мезгілдері» аусуын көрсететін анимация жасау

1 қабат. Көктем

2 қабат. Жаз

3 қабат. Күз

4 қабат. Қыс


3 денгей: Гүлдің өсуін көрсететін анимация жасау.

Фильм төрт қабаттан тұруы қажет:

1-қабат: Фон. Фонды өз қалауыңыз бойынша түспен бояңдар.

2-қабат: Стол. Онда стол мен гүл сауыты суретін салыңдар.

3-қабат: Гүл. Бұл қабатта стол үстіндегі гүлдің өсуін көрсететін 5-6 кадрдан тұратын кадрлық анимация жасаңдар.

4-қабат: Күн сәулесі. Күннің сәулесінің шашырауын көрсететін 2-3 кадрдан тұратын кадрлық анимация жасаңдар.










IV. САБАҚТЫ БЕКІТУ

  1. Орындаған жұмыстарын қорғау

  2. Викториналық сұрақтар


ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАР:

  1. Flash – қосымшаларының мазмұнынна мәліметтерді өңдеуді, интерактивтікті қосуды және басқа іс –әрекеттерді орындаутын объекті-бағытталған бағдарламалау тілі: Жауабы: ActionScript.

  2. Flash Macromedia - да барлық объектіні таңдау үшін қолданылатын құрал Жауабы: Нұсқауыш сайманы (стрелка).

  3. Flash Macromedia - да фильмді көру кезіндегі өлшемі түсі сәйкесінше «кадрдың» өлшемі мен түсімен анықталады: Жауабы: Монтаждау үстелі.

  4. Flash Macromedia-да бұл пиктограмманың астында тағы бір немесе бірнеше құралдар жасрынғанын көрсетеді. Жауабы: төменгі оң жақта орналасқан кішкетай қара үшбұрыш

  5. Flash Macromedia-да бұл тақтаның түрі сәйкесінше таңдалған объектіге немесе сайманға тәуелді: Жауабы: Қасиеттер тақтасы.

  6. Macromedia Flash – да анимация пішіні тек қана ... үшін қолданылады: Жауабы: Топталмаған объектілер.

  7. Macromedia Flash – да растырлық графиканы векторлыққа түрлендіру параметрлері келесі ..... терезесі арқылы орындалады:Жауабы: Векторлау.

  8. Macromedia Flash – та мәтіндік кескінді суретке айналдыру үшін екі рет қолданылатын команда: Жауабы: Өзгерту/бөлу.

  9. Macromedia Flash – тің экранға анықтамалық жазбаны шығару үшін қолданылатын құрал: Жауабы: Мәтін.

  10. Macromedia Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілімі: Жауабы: fla, swf

  11. Анимациялық әсерлер беру үшін қолданылатын құрал Жауабы: TimeLine уақыт шкаласы

  12. Программада кез келген фильм элементі қандай нысан ретінде қарастырылады? Жауабы: Text (мәтін) с) Symbol (символ)

  13. Мультипликация дегеніміз не? Жауабы: үлкею, көбею, еселене түсу, жандандыру деген мағынаны білдіреді

  14. Дайын болған Flash - фильмді алдын ала көру үшін не істеу керек? Жауабы: Control — Test Movie.

  15. Анимация дегеніміз не? Жауабы: қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.


V. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ, ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ.

VI. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА.

  1. Финкельштейн, Эллен Macromedia Flash 8, 86-88 бет





Оқытушы __________ Ш.М.Капашева



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Macromedia Flash м?мкіндіктерін ?олдану" та?ырыбында ашы? саба? ?зірленімі

Автор: Капашева Шынар Марксовна

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316585


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства