К?сіптік білім беру ж?йесінде ??зыретті маман дайындауда инновациялы? ?дістерді? тиімділігі
К?сіптік білім беру ж?йесінде ??зыретті маман дайындауда инновациялы? ?дістерді? тиімділігі
?азіргі та?да?ы инновациялы? технологияларды ?олдана отырып, жо?ары білікті, білімді маман дайындау - бізді?, я?ни о?ытушыларды?, міндеті. О?ыту ?рдісі тиімді ?ту ?шін біз о?ытуды? ?йымдастыру т?рлерін д?рыс та?дауымыз ?ажет. Ескі т?сілмен о?ыту, т?сіндірмелі - кескіндемелік (иллюстративтік) о?ытулар ?азіргі заман талабына сай келмейді. ?азіргі та?да студент - а?паратпен ?арулан?ан, жан-жа?ты дамы?ан т?л?а. Оны? білімдік ?абілеттерін дамыту ?шін біздер, о?ытушылар жан-жа?ты ?арулан?ан болуымыз керек. «Бала?а білім бергенде, алыстан жа?ын?а, таныстан жат?а к?шіп, жа?а білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп М.Ж?мабаев айт?андай, о?ыту процесіне жа?а к?з?араспен ?арау керек. Сол себептен жа?а технологияларды енгізу ар?ылы о?у процесіні? де?гейі к?теріледі, ?азіргі заман талабына сай дамы?ан т?л?а т?рбиеленеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«К?сіптік білім беру ж?йесінде ??зыретті маман дайындауда инновациялы? ?дістерді? тиімділігі»
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚҰЗЫРЕТТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Калиева Салтанат Абужаровна,
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің I санатты информатика пәнінің оқытушысы
Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек…Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жүйесіне қызмет ететіннің барлығы – біздің еліміздің болашағына қызмет етеді»,- деп кәсіби білім, ғылым саласына өте үлкен көңіл бөліп, ерекше мән берді.Сондықтан да колледж қабырғасында студенттерге тек белгіленген білім мен іскерлік дағдыны беріп қана қоймай, сол алған кәсіби білімдерін күнделікті өмірде қолдана біліуге үйрете оқытып, тәрбиелеу қажеттілігі туындауда.
Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірді оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту – егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындап толықтыруға болады.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болуда. Осы мақсатта білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс – әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары заманауи өзгерістер мен жаңа техниканы меңгеруге лайықты, қабілеті жоғары мамандарды даярлауға бағыт алуы міндетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.
Инновацияға қысқаша тоқталар болсақ, инновация сөзіне латын тілінен аударғанда жаңалықты енгізу деген мағынаны білдіреді. «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде Н.Нұрахметов «Инновация – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет» деген анықтаманы ұсынды [1].
Қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды қолдана отырып, жоғары білікті, білімді маман дайындау - біздің, яғни оқытушылардың, міндеті. Оқыту үрдісі тиімді өту үшін біз оқытудың ұйымдастыру түрлерін дұрыс таңдауымыз қажет. Ескі тәсілмен оқыту, түсіндірмелі - кескіндемелік (иллюстративтік) оқытулар қазіргі заман талабына сай келмейді. Қазіргі таңда студент - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, оқытушылар жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп М.Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.
Инновациялық технология - бұл жаңашылдыққа негізделген технология.
Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын жақсартады. Сонымен қатар, білім беру қызметі нарығында білім беретін оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қамтамасыз етеді. Білім беру процесінің ең негізгі міндеттерінің бірі – кәсіби білімі бар маманның ізденгіштік қызметі арқылы құзіреттілігін қалыптастыру.
Мұндай қызметтер түріне:
- бірлесе оқыту;
- модульдық оқыту;
- проблемалық оқыту;
- деңгейлеп, саралап оқыту т.б. жатады.
Қазіргі таңда педагог мамандар да қазіргі заманғы озық педагогикалық технологияларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы студентті жан - жақты тұлға етіп дамыту үшін қандай педагогикалық технологияны пайдалануы керек екенін анықтап алуы тиіс. Бұл орайда оқыту үрдісін барынша тиімді етіп ұйымдастыру көзделеді. Яғни, студенттерге білімді жеңіл әдіс - тәсілдермен меңгерте білу керек. Сондай технологиялардың бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы.
Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдана отырып, студенттердің теориялық білімін кеңейтуге болады. Әрине технологияны сабақта толықтай қолдану үшін әр оқытушы сол технологияны оқып, теориялық білімін кеңейтуі тиіс [4]. Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясының жеңілден ауырына қарай деген принципін негізге алып, студенттерге деңгейлі тапсырмаларды компьютер арқылы іске асыру әдісін қолданамын.
Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Осы мәселелерді шешу мақсатында оқытудың әр түрлі әдістерін қарастыруға болады [3].
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы – педагогикалық қарым – қатынас пен қарым – қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивтік әдіс – тәілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
миға шабуыл әдісі;
топпен жұмыс;
проблемалық шығарма әдісі;
рөлдік ойындар;
зерттеулер;
іскерлік ойындар;
сын тұрғысынан ойлау әдісі;
пікірталастар және т.б.
Осы әдістерді үшінші деңгейлі курсты аяқтағаннан кейін сабағымда
түрлендіріп қолданамын. Үшінші деңгейлі курстағы бағдарламаның жетекші мақсаты – әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу; екіншіден жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сын тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды. Соның нәтижесінде студенттердің еркін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету болатын.
Выготскийдің пікірінше, студенттер нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым – қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Сондытан қолданған әдістерімді Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) бағытымен жұмыс істей отырып, студенттердің белсенділігін арттыруға және өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бағыттадым [2].
Қолданып жүрген әдістердің тиімділігі мен мақсатына тоқталар болсам,
«ЖИГСО» әдісі сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қолданған мақсатым – сабақтың жаңа ақпараттарымен топ мүшелерін үлестірме материалдары арқылы жеке таныстырып, топпен талқылауда студенттердің сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді.
«Айналмалы бекеттер» әдісі студенттердің өзгелердің идеясына сүйеніп, проблеманы немесе мәселені толығымен қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың белсенді болып, жылдам қозғалуын талап етеді. Қолданған масатым - топтарға ортақ тақырып беріп, әр топ талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын флипчартқа түсіріп, топттардың ұжымдықпен бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі мәселені барынша мұқият талқылап, студенттің жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың (сананың) түрлі аспектілерін жандандыруға мүмкіндік береді. Қолданған мақсатым – орта тақырыпты студенттер бір қырынан емес, жан – жақты талқылайды, яғни тақырыптың тиімді, тиімсіз тұстарын талқыланады, студенттерді сыни тұрғыда ойлауға, өз ойын еркін айтуға, сөйлеу және ойлау дағдысын қалыптастыруға, өзгенің пікірін мұқият тыңдауға мүмкіндік береді.
«Жұптық» әдіс студенттерге сөйлеуге және топ алдынды өзін сенімсіз сезінетін студенттерге көмектесуге мүмкіндік береді. Қолданған мақсатым – студенттер берілген тапсырманы ДК – де бір – бірімен ой бөлісіп, идеяларына келісе отырып орындайды және топтың алдында бірлесіп қорғайды.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы студенттердің бір-біріне дұрыс сұрақ қоюға, дәптермен жұмыс жасауына, сұрақтарды есте сақтауына және басқаға бағыттай отырып уақытты үнемдеуге септігін тигізді.
«Ой толғау» әдісі бойынша студенттерге үлестіріліп берілген суреттерді сыни тұрғыда ойлап кумулятивтік әңгіме негізінде өз ойларын ашық айтуға, ой өрісін дамытуға септігін тигізді.
«Сана аллеясы» әдісінде студенттер өтілген тақырыпты есіне түсіріп баяндады, тыңдаушы керек мәліметті есіне сақтады. Қолданған мақсатым – студенттердің ойлана отырып жұмыс жасауға дағдылануына септігін тигізеді.
«SWOT – талдау» әдісінде студенттер бүгінгі тақырыпты жан – жақты (S – күшті жақтары, W – әлсіз жақтары, O - мүмкіндіктері, T - қауіп) талқылауға мүмкіндік береді. Қолданған мақсатым – студенттердің берілген тақырыпты жан – жақты талқылап, өз ойларын ашық айтуға, тақырыпты кең мағынада түсінуге мүмкіндік береді.
Осы әдістермен қатар, сергіту сәттері де, топқа бөлу әдістері де студенттердің тілдік қатынасын дамуына септігін тигізді. Атап айтар болсам, «Егер мен болсам...» сергіту сәтінде студенттер шаттық шеңберін құрып, бір студент кім болатынын айтады, екінші студент жалғастырады, осылай әрекет ары қарай қайталанады. «Көшпелі пікір» әдісінде бес саусаққа өз ойларын жазып, шеңбер құрды. Бес саусақтар шеңбер арқылы айналып, тоқта дегенімде студент қолына тиген бес саусақтағы кері байланысты оқыды. «Мақал – мәтелді жалғастыр» әдісі арқылы жұптық топқа бөлгенде бірінші студент мақал – мәтелді бастайды, екінші студент жалғасын табады да жұптық топқа бөлінеді. «Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлуде студенттер бір – біріне тілек айтты.
Сабағымда осы әдістер қолдану - студенттердің ойлана отырып жұмыс істеуіне, ақпараттарды қабылдап және талқылауларына септігін тигізді. Студенттердің әдістердің негізінде ойлана отырып, іс – әрекет жасауы тақырыптың кеңінен талқылауға мүмкіндік туғызды. Яғни, студенттердің жан – жақты ойлануына, жасаған жұмыстарын талқылауы шығармашылық қабілеттерін дамтыуға септігін тигіді. Сонымен қатар студенттер жаңа тақырыпты жан – жақты талқылағандықтан, ДК – де тапсырмалар орындауы жеңіл болуына септігін тигізеді.
Сабақ кезінде студенттердің бойында сыни тұрғыда пікір көзқарастары дамыған, ортада еркін сөйлей алатын қабілеттері таныла түсті, сонымен қатар студенттер кері байланыс жасауды үйренуі, оқытушының алдағы жұмысына жоспар құруға жеңілдік туғызады деп ойлаймын.
Осындай әдістерді көп қолданып, сабақты түрлендіре түссек болашақта дарынды және талантты студенттер басымдылық көрсетіп, басқа студенттерге үлгі болар және сол студенттерге тиімді көмектесіп, басқа студенттердің де алға жылжуына, шығармашыл ойлауына себепкер болады деп ойлаймын.
Осы үшінші деңгейлі бағдарламаны меңгергеннен кейінгі тәжірибемде жүзеге асыратын мақсатым – заманауи, жан - жақты меңгерген, шығармашылық қабілеттері дамыған тұлғаны, яғни құзыретті маман дайындау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
С.Көшімбетова «Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері», Алматы, 2008 ж.
«Студенттерге арналғын нұсқаулық», Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2015 ж.
Д.Ж.Кішібаева «Жаңа педагогикалық технологиялар», Түркістан қ., 2010 ж.
Деңгейлеп оқыту тиімділігі / Қазақстан мектебі, 2002 ж.