Просмотр содержимого документа
«Краудфинг туралы ұғым»
Негізгі ұғымдар:
Краудфандинг – краудфандинг – сrowdfunding
Жоспар:
краудфандинг платформасының не екенін;
краудфандинг платформасымен жұмыс істеу қағидаларын білесің.
С тартапты іске қосуға бел буған адам ерте ме, кеш пе: «Жобаға қажет ақшаны қайдан аламын?» деген мәселеге тап болады. Краудфандинг осы мәселені шешуге көмектеседі.
Краудфандинг – кез келген ниет білдірушіден белгілі бір жобаны қаржыландыру үшін, қаражат алудың жолы. Ақша жинай-тындар реципиенттер немесе авторлар деп аталады (егер жоба краудфандинг алаңында орналассa), ал қайырымдылық ретінде қаржы беретіндер донор, демеуші немесе инвесторлар деп аталады.
Бұл ұғым тілімізде жақында ғана қолданыла бастаса да, ақша тартуға арналған «халықтық қаржыландыру» (ағылш. Crowd –тобыр және Funding – қаржыландыру) деп аталатын технологияның өзі ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Көптеген тілде «Көп түкірсе, көл болады» деген мағынадағы мақалдың болуы бекер емес.
Интернетте краудфандинг өте танымыл, өйткені адам интернет арқылы өз идеясын таныстыра алады. Ол үшін әлеуметтік желілер мен арнайы сайттар, яғни краудфандинг алаңдары қолданылады.
Краудфандинг көмегімен мынадай жобаларға ақша жинауға болады:
ем немесе шұғыл ота жасау ақысы;
әртүрлі мақсаттағы қайырымдылық;
волонтёрлік жобаларға демеушілік;
саяси науқанд рды қаржыландыру;
әлеуметтік инвестициялар;
бизнеске арналған бастапқы капитал;
стартаптарды қаржыландыру.
1-схема
Краудфандинг компаниялары мен алаңдардағы қаражат айналымы бүгінде жылына миллиардтаған долларға жетеді. Кез келген адам үшін негізгі артықшылығы – ол қалаған нәрсесіне қол жеткізеді. Реципиент жобасына ақша жинай алады, ал демеуші өзі қолдайтын жобаға рұқсат етілген соманы қайырымдылық ретінде ұсынады.
Түрлі краудфандингтік алаңдардың жобаға, автор мен демеушіге қоятын талаптары бар, олар жалпы ұқсас келеді. Платформалық ережелер бойынша, қатысушылардың барлығы кәмелеттік жаста болуы, мемлекет заңдарына қайшы келмейтін өз жобасын
ғана ұсынуы, сондай-ақ жи-налған ақшаны мақсатқа сай ғана пайдалануы қажет.
Егер әлеуметтік стартап болса, реципиент өз жобасының идеясын, оның ерекшеліктері мен қоғамға тигізетін пайдасын сипаттайды. Ең бастысы – қаражат жиналатын мақсатты нақты көрсету. Бұл – тауарларды немесе қызметтерді өндіру, сондай-ақ басқа да мақсаттар болуы мүмкін.
Автор мақсатқа жету үшін, қандай соманы жинау керекті-гін көрсетеді.
Қаражатын қайырымды-лық ретінде берген әрбір донор сыйақы алады. Көбінесе бұл компания шығаратын кәдесый-лық тауар немесе өнім түрінде болады. Жобаның авторы белгілі бір сыйақыларды ұсынатын ең аз соманы өзі белгілейді.
Ақшалай қаражаттың қажеттілігі Қоғам немесе нақты адамдар үшін пайдалы идея бар. Алайда оны іске асыруға ақша жоқ.
Жобаның планы
Қажетті соманы жинау үшін,
ұйымдастырушылар идеяны жобаға айналдырып, оның құнын белгілеп қояды.
Краудфандинг алаң н таңдау Содан кейін жоба краудфандинг алаңына қойылады, онда іске асырылғ нн н кейін одан түсетін пайда мен оның артықшылықтары түсіндіріледі. Оны жинауға бөлінген қажетті сома мен уақыт көрсетіледі.
Компанияны жабу Мерзім өткеннен кейін науқан жабылады.
Ең танымал краудфандинг платформаларды қарастырайық.
Kickstarter
Kickstarter (1-сурет) – ең ірі, ең танымал әлемдік краудфан-динг алаңдарының бірі. Қазіргі уақытта ол жобалардың ішінде қа-зақстандық жобалардың үлесі тым аз, бұл қаражатты шығарудың күрделілігіне, сондай-ақ тілдік кедергілерге байланысты. Дегенмен көптеген бизнесмендер осы сайтты таңдайды, өйткені сайттағы негізгі валюта – доллар. Тиісінше, әрбір инвестор Қазақстанға қарағанда қайырымдылық ретінде көп соманы сыйға тартады, ал бұл көбірек қаражат жинауға мүмкіндік береді. Бірақ алаңды сынайтындар да көп, өйткені кез келген позицияны орналастырғаны үшін, ол жалпы соманың 5%-ын алады. Қосымшалармен, ойындармен, технологиялармен, дизайнмен байланысты стартаптарды жұртшылық барынша табысты қаржыландырады әрі қолдайды. Жоба авторлары қаражат жинау кезеңінде алдын ала тапсырыс алады. Бұл авторларға да, салымшыларға да тиімді. Технологиялық идеяға қаражат салып, затты бірінші болып нарықтық құнынан әлдеқайда арза-нырақ алуға болады. Pebble «ақылды» сағатының жағдайы осын-дай болған, жоба Kickstarter-ге 68 929 қолданушыдан 10,3 млн. доллар жинады (бастапқыда «әлдеқайда аз сома болады» деп бол-жанған). Бұл – салымшылар үшін үлкен олжа, өйткені тауар оларға бірнеше есе арзанға түсті.
Indiegogo да – танымал сайт (2-сурет). Платформаның ерекшелігі – реципиенттің географиялық жағдайы аса маңызды емес. Мұнда қаражатты шығару үшін, банкте шотың ғана болуы керек. Жобаны орналастыру санатын таңдау бойынша да шектеу жоқ. Кез келген адам өз идеясын тіркеп, оған қаражат жинай алады.
StartTime.kz краудфандинг платформасы қоғамның игілігі-не бағытталған коммерциялық және әлеуметтік жобаларға қол-дау көрсету мақсатында құрылды (3-сурет). Ресурсты құрушылар жаңа жобаны іске асырғысы келетіндердің барлығынан өтінім қа-былдайды. Автор идеяны сайтқа оңай тіркейді. Идея модератор-лық бөлмеге түседі, әрі қарай оны маркетологтер, қаржыгерлер мен заңгерлер бағалайды. Егер идея іріктеуден өтсе, шарт жасасу үшін, платформаның талабы бойынша құжаттар тізімін ұсыну қа-жет. Міндетті түрде тіркелген ЖШС немесе ЖК болуы тиіс. Құжат-тар реттелгеннен кейін идеяны сайттан көруге болады. Бұдан әрі ақша жинау кезеңі басталады. Егер автор өтінім берілген соманың 50%-ынан аз жинаса, салымшыл рға ақша қайтарылып, жоба сәтсіз болып саналады. Науқан сәтті аяқталып, соманың 50%-дан астамы жиналғанда ақша компанияның есепшотына аударылады. Науқан мерзімін жоба авторының өзі анықтайды, ол 30-90 күн аралығын құрайды.
АҚШ-та жоғары бәсекелестік салдарынан комиссия 5-10% ара-лығында екен. Әлеуметтік жобаларға арналған StartTime.kz ко-миссиясы – 5 %, ал коммерциялық cтартаптарда – 15%. Қайырым-дылық жобалардан платформа ештеңе ұстамайды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, краудфандинг жалпы ел эко-номикасының дамуына оң әсер етуі мүмкін. Егер осындай жолмен көмектескен компания коммерциялық табысты болса, ол салық төлейді. Айтпақшы, миллиондаған доллар тұратын ең қымбат жо-балар біреулерге қажетсіз болып көрінуі мүмкін, ал кейбіреулер оларға басқаша қарап, жүзеге асыру үшін, ақша бөліп жатады. Әңгіме компьютерлік ойындар, компьютерлік симуляторлар, вир-туалды шынайылық көзілдіріктері, 3D қалам, с мсыз құлаққап-тарға қатысты. Техникалық жаңалықтар – қ зіргі таңда ең табысты стартаптар.
Қазақстандағы краудфандингтік жобаға салынатын орташа жарна 500 немесе 1000 теңгені құрайды. Бірақ бұл сома жақсы жобаның іске қосылуына көмектесуге жеткілікті. Кішкентай жарна салып, қызықты әрі жаңа іске араласатынын түсіну үшін, адамдарға уақыт керек. Кез келген адам стартаптарға қолдау көрсете алады. Бұл отандық краудфандингтің болашақта әлі де дами түсетінін білдіреді.