Конспект республиканского семинара для слушателей курсов повышения квалификации
Конспект республиканского семинара для слушателей курсов повышения квалификации
конспект республиканского семинара для слушателей курсов повышения квалификации соответствует всем требованиям, составлен граммотно. Тема семинара полностью раскрыта и может служит помощью для учиетелй информатиков и педагогов дополнительного образования, а также для начинающих информатиков7
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект республиканского семинара для слушателей курсов повышения квалификации»
«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
СЕМИНАР-ПРАКТИКУМНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Өткізіп дайындаған:
Қалалық техникалық
шығармашылық орталығының
қосымша білім беру педагогі
Сексенбаева Ажар Сексенбайқызы
РҚББОӘО біліктілікті арттыру
бөлімінің меңгерушісі
Кушанбаева Гульнара Серсенбаевна
Ақтөбе
2014
Семинар-практикумның конспектісі
Жетекшісі: Сексенбаева А.С.
Семинар-практикумның тақырыбы: «Жобаның жұмыс кезеңдері. Оқу жобаны қорғау. Жоба презентациясы». Семинар қосымша білім беру педагогтарының республикалық біліктілігін арттыру курстарының тыңдармандарына арналған.
Семинар-практикумның мақсаты: білім сапасын арттыру, Республикамыздың қосымша білім беру мекемелердің қосымша білім беру педагогтарымен іс-тәжірибе алмасу.
Білімділік: педагогтардың дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Семинар-практикумның міндеттері: Power Point– та слайдтарды безендіру, дыбыстар қою, анимация қою арқылы презентация жасай білу.
«Power Point – тың, презентацияның қажеттілігі қанша?» атты пікірсайыс
Семинардың көрнекілігі:
Интерактивті тақта
Компьютер
слайд
бейнеролик
ҚР әнұраны
Техникалық құралдар: компьютер,мультимедиалық құралдар.
Жұмыс кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Педагогтарымен амандасу;
Тақырыбы, мақсаттар мен індеттері.
Дайындық кезеңі:
1.Алғысөз, Сұхбаттасу
Негізгі:
2.Семинар-практикумның практикалық бөлімі;
Қорытынды:
3.Қорытынды жасау
Семинарды жүргізу кезеңі:
Ұйымдастыру кезеңі:
Семинарымызды Қазақстан Республикамыздың әнұранымызбен бастайық.
Семинар тыңдаушылардың зейін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізілді.
«Мен бәрін жасай аламын» деп әр педагог батыл болу үшін мынадай сөздер айтады:
Бүгінгі күн тамаша!
Мен өщімді жақсы сезінемін!
Менің көңіл-күйім керемет жақсы.
Менің қолымнан барлығы келеді.
Барлығы қолымнан келеді.
Мен жұмыс істеуге дайынмын.
Педагогтармен амандасу, қауіпсіздік техникасы.
Құрметті әріптестер! «Презентация жасау, презентациямызды қорғау» атты семинарымызға қош келдіңіздер!
Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.
Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз.
Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді. Мысалы, арнайы программалық жабдықтамалар көмегімен дыбыс жазбаларын түрлендіре отырып, өзіңіз жаңа күйлер мен саздар құрастырып, клиптер енгізіп, айта берсек, өз әуендеріңізді компьютерде орындай да алатын боласыз.
Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбейіп отырады.
Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі-жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды.
Презентация – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін ұсыну.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады.Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.
Power Point интерфейсін іске қосу.
Бастау-Бағдарламалар-MS Officce-Power Point.
Компьютер сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабардың.
Үйрену керек бәрін де.
Ақпараттық заманың! –дей отырып семинардың бағдарламасымен таныстырайын.
1- тур. «Power Point – тың қажеттілігі қанша?»
Екі топқа бөлінеміз.
«Жақтаушы», «Даттаушы» топтардың өз пікірлері. Әр топтан бір педагог өз пікірлерін ортаға салып, слайд пен презентацияның пайдалы, керек екенін немесе қажет емес екенін қорғап шығуы керек.
2-тур. Тапсырманы орындау (флипчарт арқылы).
Екі топқа бірдей сұрақ қойылады. Сөзжұмбақты шешу, дұрыс жауабын флипчарт арқылы жазу.
3-тур. Сұрақ жауап «Кім жылдам» «ПРЕЗЕНТАЦИЯ» жасаймыз.
Кім жылдам презентация жасайды.
Енді осымен біздің пікірсайысымыз аяқталды. Пікірсайыстың басында
екі түстен жетон тарқатылған болатын сол жетондарды қай топ жақсы қатысты десеңдер сол топқа дауыстарыңызды беріңіздер. Бұл жетондарды әділқазылар алқасы санайды.
3. Қорытынды.
Қорытынды жасау, жұмыстың талдауы, өткізілген семинар бойынша пікірлермен алмасу.