kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру»

Цифрлы Қазақстан- Цифрлы болашақ



Профессор Рузуддиновтың медициналық-стоматологиялық колледжі

Шамсудинова Гүлсайран Махамбетқалиқызы

Информатика пән оқытушысы



Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бас­та­пқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алды­мен, мек­тептерді жаппай компью­тер­лендіру қолға алынды. Ком­пью­терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ­рал ретін­­де пай­­­­дала­ныла бас­та­ды, ақ­паратпен орын­да­ла­­тын кез к­елген жұмыс компьютер көме­гі­­мен жүзеге асырылатын болды. Ақ­па­­рат­­ты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.

Сымсыз телефондар, желі­лік телеарна – осы бағ­дар­лама­ның жемісі. Жаңа дамып келе жат­қан жасанды интеллект белгілі бір ал­го­ритмде пайдалануға жол ашады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдың желтоқсан айында бекітілді.

Бұл цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміздің әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды кешенді бағдарлама. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін бес негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып отыр:

1. Экономика салаларын цифрландыру;

2. Цифрлық мемлекетке көшу;

3. «Цифрлық Жібек Жолын» іске асыру;

4. Адами капиталды дамыту;

5. Инновациялық экожүйені құру.

Бірінші бағыт — экономика салаларын цифрландыру бойынша барлық бағыттарда еңбек өнімділігін арттыру.

Келесі бағыт — цифрлық мемлекетке көшу. Оны жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру, қағаз түріндегі құжат айналымын азайту, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын арттыру және «Ақылды қала» технологияларын енгізу көзделген.

Мәселен, «Сергек» жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау жүйесі енгізіліп, жұмыс істеп тұр. Осының арқасында елдегі ЖҚЕ сақтау жағдайы жақсарады деп күтілуде. Егер жүйе құқық бұзушылықты анықтаса, протокол автоматты түрде жасалып, құқық бұзушының мекен-жайына жіберіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның шағын қалаларын оперативті басқару орталықтарын құру және басқару жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Яғни, тек ірі әкімшілік орталықтары ғана емес, сонымен қатар моноқалалар да жаңа технологиялармен жабдықталатын болады, бұл қылмыс пен құқық бұзушылық деңгейінің төмендеуіне жол ашады.

Бұдан өзге, байланыс желілері мен АКТ инфрақұрылымының аумағын кеңейту,қауіпсіздікті күшейту мәселелерін бағдарламаның үшінші — «Цифрлық Жібек Жолын» іске асыру маңызды бағыты қарастырады. 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін 1200-ден астам ауылға кең жолақты интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Жалпы, бұл бастамаларға спутниктік байланыс жүйесін жаңғырту, шалғайда орналасқан елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу, сондай-ақ транзиттік әлеуетті және цифрлық теле-, радиохабар тарату желісін арттыру жұмыстары кіреді.

«Адами капиталды дамыту» төртінші бағытының мақсаты — білім беру жүйесін әлемнің үздік тәжірибелеріне сәйкес жаңарту. Орта білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жобаны жүзеге асыру көзделген. Мұнда роботты техника, виртуалды шындық элементтерін, 3D-баспа және т. б. оқу үрдісіне енгізу қарастырылады.

Төртінші бағытта халыққа базалық цифрлық дағдыларды оқыту курстарын өткізу жобасы да маңызды. Мамандарды қайта даярлау республика азаматтарына кәсіби стандарттарға сай келуге және жоғары сұранысқа ие мамандар болуға мүмкіндік береді.

Соңғы бағыт – инновациялық экожүйені құру аясында да нақты міндеттер көрсетілген. Бұл — инновациялық даму алаңдарын қолдау, технологиялық кәсіпкерлікке және стартап-мәдениетке көмек көрсету, венчурлық қаржыландыруды тарту және инновацияға деген сұранысты қалыптастыру. АT-стартаптардың халықаралық технопаркі — Astana Hub-тың құрылуы бұның жарқын мысалы деуге болады. Бұл алаң отандық АТ-мамандары мен стартапшыларға қазірден бастап өз жобаларын әзірлей бастауға мүмкіндік береді деп күтіледі.

Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдаған уақыттан қазақстандықтар қазірдің өзінде елеулі нәтижелерді көріп отыр. Жолда жүру уақытын қысқартуға және оңтайлы маршруттарды таңдауға көмектесетін навигацияның жаңа құралдары пайда болды. Кез келген тауарды табуға көмектесетін мобильді қосымшалар бар.

Денсаулық сақтау саласында да нәтижелер байқалады. Бүгінде медицина қызметкерлерін компьютерлік техникамен жабдықтау 81,3%-ды құрайды, медициналық мекемелердің 55,6% интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда елдегі әрбір емделушіге электронды денсаулық паспорты ашылады, ол онлайн режимінде емделушінің бүкіл медициналық тарихын желіде сақтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруды ел Үкіметінің басты міндеті деп белгіледі.

Мақаланың басты мақсаты – ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеру.

Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс.

Қорытындылай келе «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында шешуші ауқымды мақсат – инновациялық экономика қалыптастыру, 2050 жылға қарай бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу және қоғам мен өнді­рісті жаңарту, сол арқылы заманауи техно­логиялық әлемнен тысқары қалмау мақсатына қол жеткізуге қажетті бір-бірімен тығыз байланыстағы шаралар кешені қарастырылған. Бұл мақсаттың үдесінен көріну бүкіл қоғамның бас біріктіре отырып жедел әрекет етуін, аз уақыт ішінде серпінді түрде алға басуын қажет етеді. Уақыт күдік пен сенімсіздікті көтермейді, алға – цифрлы болашаққа қадам басу керек!



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік.ҚР Презизенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауы.Егеменді Қазақстан.2017.31қаңтар

  2. Егеменді Қазақстан. 2018. 3 қазан. Б.20.

  3. «Информатика негіздері» журналдары.

  4. Интернет  ресурстары.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру

Автор: Шамсудинова Гулсайран Махамбеткалиевна

Дата: 27.04.2020

Номер свидетельства: 548093


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства