kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Информатика п?ніні? ал?ырлары" сайыс саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныпта?ы о?ушыларды? о?у ?ажетіліктерін аны?тау.

Талатты ж?не дарынды о?ушыларды зерттеу.

Талантты ж?не дарынды о?ушылар ?шін бірлескен тапсырмаларды жоспарлау; 

?абілеттілігі ?рт?рлі о?ушылар бірлескен тапсырмаларды ?олданатын ?р т?рлі да?дыларды айырып тану?а   к?мектесу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Информатика п?ніні? ал?ырлары" сайыс саба?»

Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп –гимназиясы







Тақырыбы:


Информатика пәні мұғалімі: А.И. Ниязбекова







Жүргізуші:

Тынышталып, тыңдаңдар!

Асығыстық қылмаңдар!

Ал, отырған жараңдар

Назар салып қараңыздыр,

Басталмақшы компьютерден

«Білім сайысы» сабағы.

Көргендер де арманда

Көрмегендер де арманда

Босқа қарап жүргенше

Қызықтан тыс қалмаңдар!


Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар және оқушылар!

Біздің бүгінгі сайысымызға қош келіпсіздер! Біз сайысымызды бастамас бұрын қатысушыларға сәттілік тілей отырып, І кезеңімізді бастайық.

Мұғалім : Қайырлы күн оқушылар бүгін сайысымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық . Топқа бөліну үшін «Интернети » және «Ақпарат » суреттері бар қағазды оқушылар таңдайды сол арқылы топқа бөлінеді.

Таныстыру. Екі топ өздерін таныстырады. 10 балл.

І топ аты – «Интернет»
мүшелері:
ІІ топ аты – «Ақпарат»
мүшелері:

Сайыстың кезеңдері :

І. “Сәттілік кезеңі ” сұрақтарға жауап беру.
ІІ. “Шешімін тап” кезеңі

ІІІ. “Ғажайып алаң ” кезеңі

ІV. “ Оратор ” кезеңі


  1. «Сәттілік кезеңі» Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ және 5 минут уақыт беріледі. Әр топ бірлесе отырып интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап береді. Берілген әр сұрақтың бағалануы - 1 ұпай

І топ - «Интернет »

1. Компьютердің миы.

2. Компьютердің ішкі жады.

3. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады?

4.Принтердің неше түрі бар?

5.Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы.

6. Іске қосу- батырмасын ата.

7. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама.

8. Баспа құралы.

9. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы.

10. Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды  және принтерлерді брігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.

ІІ топ - «Ақпарат »

  1. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
    2.  Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.
    3.  Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді?
    4.  Дербес компьютер неше топқа бөлінеді?
    5.  Процессор қандай қызмет атқарады?
    6.  Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
    7.  Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама.   
    8.  Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. 
    9.  Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.  
    10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. 



  1. «Шешімін тап» кезеңі: Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың басшысы ойынды бастайды. Топ басшылары ортаға шығып, жасырылған жұмбақтың жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 10 ұпай.

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар  көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,

(тышқан – мышка – mouse)






Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген

(пернетақта – клавиатура –  keyboard)



Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді

(басып шығарғыш – принтер – printer )



Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

(меңзер – курсор – mouse pointer)



Өзі темір, жаны жоқ.
Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.

(компьютер – компьютер – computer)



Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жерін де
Компьютерден өшірген

 (мәтіналғы – сканер – scanner)



«Ғажайып алаң» кезеңі:

Өтілген тақырыптар бойынша ұяшықтарға сұрақтар беріледі сол сұрақтарға топтар кезекпен жауап береді. ( слайд )

«Оратор » бұл кезеңде І тоқа тапсырма беріледі сол тапсырманы постерге жазып қорғайды

«Қорытынды»

Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салып, топ абыройын жоғары көтердіңдер. Болашақта мектепте, басқа да ұйымда өтетін шараларда жүлделі орын алуларыңа тілектеспін. 
Әділқазылар алқасына да құрметтерімізді білдіріп, қөшемет көрсетейік. 

Сарапшылар топтардың жинаған балдарын санап жеңген топ марапатталады.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Информатика п?ніні? ал?ырлары" сайыс саба?

Автор: Ниязбекова Акнур Ильясовна

Дата: 22.04.2016

Номер свидетельства: 321497


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства