kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Информатиканы о?ытуда мультимедиалы? о?у ?дістемелік кешендер мен интернет о?улы?тарын ?олдану т?жірибесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Информатиканы о?ытуда мультимедиалы? о?у ?дістемелік

кешендер мен интернет о?улы?тарын ?олдану т?жірибесі" атты баяндаманы информатика м??алімдеріне арнал?ан к?мекші ??рал ретінде ?сынып отырмын. Б?л баяндамада тек ?ана электронды? о?улы? емес, сонымен ?атар онлайн мультимедиялы? о?у ідістемелік кешен дер туралыда айтыл?ан. Сіздерге к?мегі тиеді деп ойлаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Информатиканы о?ытуда мультимедиалы? о?у ?дістемелік кешендер мен интернет о?улы?тарын ?олдану т?жірибесі »

Информатиканы оқытуда мультимедиалық оқу әдістемелік

кешендер мен интернет оқулықтарын қолдану тәжірибесі.


Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

Қазіргі кезде электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.

Электорндық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Кейін сынақ не эмтихан тапсырылуы тиіс болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда беруге болады.

  1. Мазмұндау - мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, графика т.с.с түрінде беру. Сонымен қатар мұнда аннимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтерді де қолдану.

  2. Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін, граффик түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.

  3. Өзін - өзі бақылаудың тесттік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі.Тесттік жүйе көбіне алған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін.

Барлық пәндер үшін «Информатика» пәнін оқытуда «Word редакторын оқыту» электрондық оқулығын құруға «Microsoft Power Point» қолданбалы праграммасын қолдануға болады. Microsoft Power Point праграммасы арқылы презентация жасауға болады. Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар.

Жалпы жағдайда презентация – баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, дипломдық немесе курстық жұмыстарды қорғау, жаңа сабақтарды түсіндіру, пікірталастар жүргізу т.с.с. қызмет түрлерін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда, идеяларды, өндірілген өнімдерді, қызмет түрлерін ұсыну – осының бәрі презентация болып табылады.

Кез келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын ролі зор. Презентация өткізуде көрнекі құралдар (графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар т.б.) кеңінен қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы «интерактивті тақталардың» мектептерде көбеюі презентация даярлау қажеттігін туғызады.

Ал презентация өткізудің ең бір қолайлысы – интернет. Бүгінде интернетте автоматты режимде жұмыс істейтін көптеген презентацияларды көруге болады. «Sabak.kz» форумының «Флипчарт» бөлімінде Қазақстанның түпкір – түкпіріндегі ұстаздардың сабақтарын қалаған уақытта көріп, тәжіребие алмасуға болады.

Екінші жағынан алғанда презентация деп – айрықша текті электрондық құжаты айтады. Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжаты экранға шығаруды басқарудың айрықша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған, интерактивті және дистанциялық түрде өтеді. Осы тектес құжаттарды арнаулы праграммалық құралдардың көмегімен дайындайды.

Қорыта келе оқытудың компьютерлік құралдары дидактика мен әдістемесінің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни оны оқу үрдісінде пайдалану негізінде:

  • оқытудың сапасы артады;

  • оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;

  • уақыт үнемделеді;

  • мұғалімдердің оқыту барысындағы сабақ түсіндіру, бақылау алу, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс - әрекетке көшуіне алып келеді;

  • түрлі иллюстрациялар пайдаланылады;

  • түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырулар жеделдетіледі;




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Ильясова Маржан Байбатыровна

Дата: 21.11.2014

Номер свидетельства: 133841


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства