kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Информатика» пәнін оқытуда студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыру үшін оқу үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологияны пайдалану мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды білім беруде үйлесімді пайдалану өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз. Сондықтан, бүгінгі таңда математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі болып саналады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Информатика» пәнін оқытуда студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыру үшін оқу үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану»



















БАЯНДАМА


«Информатика» пәнін оқытуда студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыру үшін оқу үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану






















«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек»

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н. Назарбаев

Оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологияны пайдалану мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды білім беруде үйлесімді пайдалану өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз. Сондықтан, бүгінгі таңда математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі болып саналады. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Сонымен қатар, оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және
мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған. Білім және ғылым министрлігі оқытушылардың жаңа технологияны игеруге, шығармашылық ізденуіне үлкен мүмкіндік жасап отыр.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
* Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
* Материалды компьютердің көмегімен оқу – студенттің жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
* Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, студенттердің өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
* Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
* Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
* Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Ақпараттық коммуникативтік технологияларды «Экономикалық тнформатика және ақпараттық технологиялар» пәнін оқытуда пайдаланудың мақсаты – білім алушылардың өз бетінше білім алу үрдісін қалыптастыру. Бұл мақсатта тексеру программалары, электрондық оқулықтар, видео сабақтар, анимациялық бейнелерді құру сияқты т.б. программалар қызмет етеді.

«информатика» сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

• білім алушының өз бетімен жұмысы;

• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

• шығармашылық есептер шығару;

• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

• экономикалық тиімділігі;

• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

• білім алушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Компьютерлік технологияны пайдалану оқытушыға студенттің оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Жаңа ақпараттық технология өзіндік артықшылықтарымен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:

* Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;

* Интернет олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;

* Білім сайттарына кіру.

Осы орайда өз сабақтарымда ақпараттық технологияны қолдану мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланып жүрмін. «Экономикалық тнформатика және ақпараттық технологиялар» сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану студенттердің белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасалынады және студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар әр оқушы өтілген тақырып бойынша тапсырмалар және тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практикалық тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Бұл әрине тақтаға жазып, түсіндіргеннен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Жаңа ақпараттық технологияларының ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың компьютерлік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, презентациялық технологиялар, қашықтықтан оқыту технологиясы кіреді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивтік программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдар жиыны.
Сабақтың бекіту бөлімінде студенттерге өзіндік жұмыстарын ұйымдастырған кезде жаңа материалды Интернет желсін пайдалану арқылы толықтыруларына мүмкіндік жасалады. Мұндай әдістерді сабақ үрдісінде қолдану студенттердің пәнге деген қызығушылығы мен ақпараттық мәдениеттілігін дамытады.
Мультимедиялық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әртүрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивтік программалық жабдықтың басқарумен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Қазіргі таңда қолға алынып отырған компьютерлік оқу үрдісінде «интерактивтік тақтамен» жұмыс істеу.

Бұл тақтаның тиімділігі мынады:

* Тез арада қайтарым байланыс болуын қамтамасыз етеді;

* Қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;

* Әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге,

Бағалауға болады;

Алдын ала дайындаған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын, әрі өз бетінше іздену қабілетін арттырады. Бұл сапалы білім берудің ең басты факторы болып табылады. Осындай әдістермен жасалған теориялық талдаулар үздіксіз жыл бойында жүзеге асырылып отырса, бала жаттығып, өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жасауға дайындалады


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Сейтова Тынгули Баекеевна

Дата: 23.01.2017

Номер свидетельства: 382799


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства