kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда clil әдісін қолданудың тиімділігі мен артықшылықтары

Нажмите, чтобы узнать подробности

           Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет.[1] Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда clil әдісін қолданудың тиімділігі мен артықшылықтары»

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ



«Мақтажан жалпы орта мектебі» ММ

информатика пәнінің мұғалімі Акназаров Е.Е.


Білімді дамыту үшін жаңа ұғым,

жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет.

Ж.Аймаутов


Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет.[1] Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

Елбасымыз үштілді білім беру жүйесін енгізе отырып қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде ал әлемдік экономикаға үйлесімді тіл ретінде ағылшын тілін меңгерту мақсатын көздеп отыр. Осы мақсатта тіл емес пәндерді ағылшын тілінде оқыту арқылы ел болашағын дамытуды көздейтініміз сөзсіз. Ағылшын тілінде оқытуда тиімді әдістердің бірі «Content and Language Integrated Learning» деп аталады.[2]

Аталған әдісті алғашқылардың бірі болып тәжірибеге енгізген Дэвид Марш атты лингвист, еуропалық профессор. Бұл әдістің ерекшелігі CLIL - информатика физика, биология химия сияқты пәндерге қолдану арқылы тілді үйретуде өте тиімді болып келеді.

CLIL әдісін қолданудың барысында мақсаты пәнді басқа тіл арқылы оқу. Ғалымдар әдістің ерекшелігі тілді жай екінші тіл ретінде мақсатсыз оқудан гөрі белгілі материалды игеру мақсатында оқу айтарлықтай нәтиже беретіндігін дәлелдеген. Бұл үйренушіге мақсаттылық және мотивация, материалды игеруге қызығушылық береді. Сондай жағдайларда CLIL  әдісі оқушының ағылшын тілін меңгеруіне көмектесе алады. CLIL әдісін пайдалану ұстаздан тіл және контентті игерту мақсатында алдын ала дайындықты талап етеді. Осы орайда CLIL арқылы сабақ өткізетін  ұстаз қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Сабақ өткізу тілін игерген,яғни ағылшын тілінде өткізетін болса, ағылшын тілін кем дегенде интермедиат деңгейде білетін, сол тілде еркін сөйлеп оқушылармен қарым-қатынас жасай алатын кәсиби маман.

Ұстаз барлығын идеалды түрде білуге, басқа тілдің қыр- сырын ана тілімен тең деңгейде білуге міндетті болып есептелмейді. Өз тәжірибемде көргендей, оқушыға түсінікті қиын емес сөйлемдер мен сөз тіркестерін ұтымды пайдаланып пәнді оқыту маңызды. CLIL әдісін сабақта пайдалануда ұстаз үшін де, оқушылар үшін де бірқатар  кедергілер кездеседі:

  • Ағылшын тілінде сөйлеу кезінде қиындық тудыруы;

  • Ағылшын тілін тыңдаудағы қиындығы;

  • Оқушылардың ағылшын тілін білу деңгейлерінің әр түрлілігі;

  • Ойын жеткізуде толық сөйлемдерді қолдана алмауы;

Жоғарыдағы кедергілерді жеңу үшін сыныпта қолайлы атмосфера жасай білу қажет, конфликтті немес өте қатал жағдайда тілдік қиындықтар тереңдей береді.

Сондықтан ұстаздың оқушылармен бірге білім алушы ролі мен бағыттаушы ролін қатар меңгеруі маңызды.Тыңдау және түсіну , жеңу оқушылар мен ұстаздан ұзақ уақытты талап етеді. Кейбір оқушыларда түсіну мен сөйлеу процестері қатар жүрмейді, оқушы сөйлей алуы мүмкін де тыңдаған кезде ештеңе түсінбейді. Бұл кедергілерді жеңу үшін мұғалім мәтінді аудиоларды тыңдатуына болады. Бұл үрдістер оқушылардың индивидуалдық ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты болғанмен ұстаздың көмегінсіз кедергілерді жою қиынға түседі.[3] Ойын толық жеткізе алмайтын оқушылардың сөздік қорын толықтыру мен аудитория алдында сөйлеу қорқыныш сезімдері болуы мүмкін, оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу еркіндігі біртіндеп байқалады. Тәжирибе жүзінде оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қызығушылықтарына мән беру оқушының мотивациясына әсер етеді. Мысалы, 9-сынып оқушылары бағдарлама құру кезінде қиын сөздері көп мәтіндерді көргенде тез шаршап оқуға қызығушылығы жоғалады. CLIL- әдісін пайдалануда оң нәтижеге жету үшін ағылшын тілін аз мөлшерде пайдаланудан бастау оқушылардың психологиялық дайындығын арттырады. Ұстаз бірден сабақ бойы ағылшын тілінде сөйлеп, барлық сабақ материалдарын ағылшын тілінде ұсынатын болса оқушылардың қабылдау қабілетіне теріс әсерін тигізеді. Алғашында индивидуалдық ерекшеліктеріне байланысты көру арқылы қабылдап есте сақтап оқитын, жазу арқылы немесе дыбысты тыңдау арқылы есте сақтайтын оқушылардың ерекшеліктері болады. Көбінесе есту арқылы есте сақтауға бейім балалар ағылшын тілінде тез сөйлейді де айтылымда қатесін аз жібереді, мұндай оқушылар ән айтуға музыкалық қабілеттері бар балаларды жатқызуға болады. Жазу арқылы және көру арқылы есте сақтайтын визуалдарды словарь және дәптерді кеңінен пайдалануға бағыттау қажет. Олар мұғалім сөйлеу барысында тақтаға жазып экраннан көрсетіп отыруды қажет етеді. Күнделікті сабақта қолданылатын сөйлемдерді оқушы есту арқылы есте сақтайды, оқушыға «бүгін қандай күн» т.б терминдерді қолданып ағылшын тілінде айту олардың есту арқылы есте сақтауын дамытады. Әдісті пайдалануда қатып қалған қағида жоқ, өйткені оқушылар әр түрлі дамиды, мұғалім бір немесе үш ай аралығында сабақты толық ағылшын тілінде өткізуге ауыса алады. Алғашқы сабақтарды бастамас бұрын оқушыларды психологиялық дайындықтан өткізудің қажеттілігі бар, мінезі байсалды емес оқушылар әр түрлі себептерді айтып мұғалімнің тапсырмаларына селсоқ қарауы мүмкін, ол үшін алдымен сынып жетекші және ата-анасына қажеттіліктерді түсіндіріп айтудың маңызы бар. Оқуда дислексиясы бар, ерекше назарды қажет ететін оқушылары бар сыныптарда ата-анасына ескерту мен қосымша жұмыстар жасау қажет етіледі. Демек, оқушылардың ерекше қабілеттерін пайдалана білудің маңызы бар.

CLIL-әдісін қолданып сабақ өткізу кезінде аударма сөздік, «translator», сөздіктер қолдануға рұқсат етіледі. Оқушының мәтінді аударуына электронды нұсқадағы сөздіктерді қолдануына болады. Мысалы, Алғашқы сабақтарда 5-7 минут тақырыпқа сай ағылшын тіліндегі видео материалдарды тыңдатудан бастаған тиімді, өйткені оқушы тыңдап және көру арқылы өтетін сабақтардан кейін стреске түсу мүмкіндігі азаяды. Үй тапсырмасына тақырыпқа сай жаңа сөздер жазып келуге тапсырылса келесі сабақта жаңа сөздерді пайдалануға тапсырмалар беріледі.

CLIL әдісін қолдануда қарапайым диалог құрастыру, қысқа сөздік жазғызу, суретті әңгімелеу, ойындар ойнату, тиімді нәтиже береді.Күнделікті сабақта айтылатын. Сабақтың құрылымы бастапқыда қайталанбалы болса оқушы тәртіпке үйренеді, әдістерді де өте қарапайымнан күрделіге қарай ауыстыруға болады. Өйткені белгілі бір қайталанбалы сабақты оқушы меңгергенге дейін сол сабақта қолданылатын қарапайым сөз тіркестері мен сөйлемдерге құлақтары үйренеді. Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, сабақта белгілі дәрежеде қиындықтардың да болуы мүмкін. Сонымен қатар уақыттың жетіспей қалуы, мұғалімнің жоспарының толыққанды жүзеге аспауы мүмкіндіктері болуы. CLIL сабақтары барысында қалыпты деп есептеледі. Оқушыларда барлық тіл үйренушілерге қатысты қателіктер кездеседі, жазу мен сөйлем мүшелерінің орындарының ауысуы, айту кезіндегі қателіктер, орфографиялық, синтаксистик қателер көп жіберіледі. Бастапқыда сөйлеу кедергісі бар оқушылар сабақта белсенділік таныта бастаған кезде олардың қателіктерін сөзін бөлмей сабақтың соңына қарай барып түсіндірген жөн, өйткені ең бастысы сөйлеу кедергілерін жою мақсатында жұмыс жасау деңгейінде бұл қателіктергі аса назар аудармаған жөн.

Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда тақырыпқа сай терминдерді видеолар мен мультфильмдер, оңай кинолар арқылы есте сақтауға үйретуге, мәтіндік тапсырмалар, түртіп алу әдістерін пайдалану арқылы оқытуға болады. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру - жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу — біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Сондықтан тиімді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқыту нәтижеге жеткізеді.


Пайдаланылган тізімі:

  1. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы, Астана-2007 ж.

  2. CLIL: An Interview with Professor David Marsh, International House: Journal of Education and Development;- Англ. – Режимдоступа: http://ihjournal.com/content-and- language-integrated-learning

  3. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. http://nao.kz/


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Акназаров Ербол Ережепович

Дата: 04.11.2019

Номер свидетельства: 525527


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства