Қазіргі уақытта адам өмірін есептеуіш техника құралдарынсыз елестету қиын. Компьютер еңбекті жеңілдетеді, бос уақытты толтырады, уақытты үнемдейді жəне алыс арақашықтықты қысқартады, есептейді, жазады, ақпаратты сақтайды ғаламтор арқылы бүкіл əлеммен тілдесуге жол ашады. Бүгінгі таңда компьютер арқылы көркем туындылар жасалынады, музыкалар жазылады жəне кинофильмдер түсіріледі. Компьютер ғылыми аспаптан тұрмыстық техникаға айналады, ал онымен жұмыс жасау дағдысы мектеп оқушыларынан бастап үлкен жастағы адамдарды да баулиды.
Өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып, осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1-ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу; - программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану; - программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.
2. Ақпаратты – логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
3. Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.
4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады.:
Просмотр содержимого документа
««Ерте жастан АКТ пәнін енгізудің қажеттілігі»»
«Ерте жастан АКТ пәнін енгізудің қажеттілігі»

Информатика пәні баланың техника құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:
1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі; 2. Ойды логикалы түрде дамыту; 3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік; 4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек. Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасы бастапқы түсініктер қарастырылады және машинамен қарым - қатынас жасау дағдысын үйренеді. Бізде 1 сыныптан бастап информатика сабағы үйірме ретінде жүргізіледі. Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде. 3-сыныпқа келгенде олар компьютерді қосып сөндіріп, қауіпсіздік ережелерін біліп кейбір программамен жұмыс жасай алады. Яғни олар компьютерді қолдануда ешқандай қиындық тумайды. Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.
Информатика пәні күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағаттан жүргізіледі. Бастауыш сыныптарында жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.
Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым – қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді, шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындап, медиасауаттылық портфолиосында сақтайды.
Аппробация бойынша өтіп жатқан 3 сыныпта АКТ пәні жүргізіледі. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушыларды оқуда және күнделікті өмірде АКТ бойынша алған білімдерін тиімді қолдану үшін қазіргі ақпараттық технологиялар негізгі біліммен жұмыс жасау дағдылары және қабілеттерімен қамтамасыз ету болып табылады. Пәнді оқытуда мен 4 баспамен жұмыс жасап жатырмын. НИШ баспасы, Арман-ПВ баспасы, Атамұра баспасы екі автормен және Алматыкітап баспасы. Пәнді оқытуда оқушы нені үйренеді? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи цифрлық технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын орны, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және әртүрлі формуларды жіберу дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, оқушылардың идеяларын ұсынуға мүмкіндік беру. Бір-бірімен сөйлесу, ақпарат алмасу және бірлесе жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалануға әрекет жасау. Оқушыларға авторлық құқықтарды сыйлауды және компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету. Оқушыларға АКТ-ны пайдалануда қажетті жерде ғана орынды пайдалана білу, қауіпсіздікережесін есте сақтау керектігін айтып отыру қажет.
АКТ-ны пайдалана отырып сабақты өткізу әдістемесіне тоқталар болсам. Үй тапсырмасын тексеру үшін алдын-ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындаймын. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды өткен тақырыпты түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектілерді кірістіремін. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:
Жеке шығармашылық тапсырмалар
Блок-сызбалар, кестелер
Тірек-сызба, көрнекіліктер және анықтама құралдары
Ойын арқылы оқыту
Сөзжұмбақ, ребустар
Тестілеу және бақылау.
Өз тәжірибемнен алатын болсам, 3-сыныпта «Компьютердің құрылғылары» тақырыбын түсіндіру барысында тірек-сызбаларды АКТ көмегімен көркем әрі ықшам етіп көрсетуге мүмкіндік алдым.
Жаңа сабақты түсіндіруде Power Point презентациясы көмегімен беруге болады. Видео-сабақты қолдану ақпаратты жоғары көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызығушылық тудырады. Видео-сабақтардың дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді.
Оқушылардың көшбасшы болуына да АКТ мүмкіндік береді. Өйткені оқушы үйінде басқа бағдарламаларды өздігігінен меңгереді де оны сыныптастарына көрсетіп, қандай мүмкіндіктері бар екендігін түсіндіре отырып, оларды үйретеді. Яғни АКТ-ны пайдалануды барлық әдістермен ықпалдастыруға болады.
Компьютерлік бағдарламалар арқылы əр түрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға компьютерді меңгерген кез келген адамның мүмкіндігі болады. Пəнге қызыққан оқушы ғана белсенділік танытатыны бəрімізге белгілі, сондықтан оқушылардың сабаққа ынтасының жоғары болуы, жоғарғы деңгейде көрінуі ұстазға жүктелетін міндет. Қазіргі кезде оқушылардың компьютерге деген қызыңушылығы басым. Сабаққа алғаш келген күннен бастап компьютер туралы көп білгісі келеді. Бала үшін компьютермен жұмыс жасау, олардың жаңа технологияларды меңгеріп, сауатты жазып үйренуіне, компьютердің құрылысы туралы алғашқы ұғымдарды білуге жетелейді.
Бүгінде үштілділік - заман талабына айналып отыр. Елбасы үш тұғырлы тіл саясатын жыл сайынғы Жолдауында нақты атап көрсетіп келеді. Тiлдiң aдaм өмipiндeгi eң шeшyшi pөл aтқapaтыны әpкiмгe дe түciнiктi. Oл тaнyдың, түciнyдiң, дaмyдың құpaлы. Aл үш тiл бiлy бiздiң мeмлeкeтiмiздiң хaлықapaлық бaйлaныcтapын дaмытyғa мүмкiндiк бepeтiн тұлғaapaлық жәнe мәдeниapaлық қapым-қaтынacтapдың aca мaңызды құpaлы бoлып тaбылaды.
Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық –коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция коммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.