Еңбек ресурстарын басқаруды қалыптастыру мәселелері
Еңбек ресурстарын басқаруды қалыптастыру мәселелері
Көптеген ғылымның қарастыру аймағында бұрыннан еңбек тұрады. Еңбек адамзаттың бір белгісі болып табылады, өйткені ол адамзат қоғамының қалыптасу процесінде пайда болды, қоғамды жасады және қоғамда ғана ойлануға тұрарлық болды.
Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Еңбек ресурстарын басқаруды қалыптастыру мәселелері»
Тұран Астана университеті
Ақпараттық жүйелер
мамандығының магистранты
Б.Д.Мухтарханова
Еңбек ресурстарын басқаруды қалыптастыру мәселелері
Көптеген ғылымның қарастыру аймағында бұрыннан еңбек тұрады. Еңбек адамзаттың бір белгісі болып табылады, өйткені ол адамзат қоғамының қалыптасу процесінде пайда болды, қоғамды жасады және қоғамда ғана ойлануға тұрарлық болды.
Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді. 1 кесте.
1
Қандай да бір экономикалық процестерді зерттеу объектісіне айналдырғанда экономикалық әлеуметтану өндірістегі әрбір таптың оның ішінде топтың, жіктің мұң-мұқтажы, мүдде, талап – тілегі тұрғысынан зерттейді.
2
Қандай да бір әлеуметтік талдау жүргізбесін, экономикалық әлеуметтану өндірістегі әлеуметтік топтардың, оның жіктерінің меншік формасына қатынасын, әл-ауқатының дәрежесін, өмір сүру жағдайларын нақтылы еске алып отырады.
3
Экономиканы, ондағы қатынастарды дамытуға әлеуметтік факторлардың тигізетін әсерін және экономикалық қатынастардың әлеуметтік қатынастарға, процестерге тигізетін әсерін ескереді.
4
Әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде әлеуметтік, яғни, адам факторына басты назар аударады.
5
Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тығыз байланыста қарап, шешілетін практикалық мәселелерді де бірыңғай байланыста қарауға бағыттап отырды.
6
Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ықпалы басым түсетінін әр уақытта ескеруді қажет етеді.
7
Экономикалық және әлеуметтік саясаттың тығыз байланыста болатынын есте ұстау.
Кесте әдістемелік қағидалар көрсетілді
Айта кететін бір жайт, еңбек әлеуметтануы ұйым және басқарумен де айналысады. Экономикалық әлеуметтанудың зерттеуіндегі басты айырмашылық – ол жалпы экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің даму заңдылығын зерттейді. Ал, заңдылықтар деген не? Олар осы байланыс, қатынастардың ең тұрақты, қайталанатын, қажетті, мәнді, басты жақтарының жиынтығы. Заңдылықтарды даму тенденциялары деп те айтады.
Экономикалық әлеуметтік қатынастарға ықпалын, әлеуметтік топтарға бөлінудің экономикалық себептерін ашу, экономика дамуының әлеуметтік факторларын талдап көрсету қажет. Мысалы, экономиканың кейбір әлеуметтік мәселелері, атап айтсақ, қызметкерлердің білім және мамандық, үй-тұрмыс, жалақы, табыс, кірісі, бала тәрбиелеу, т.б. біршама дұрыс шешілген, ал, өндіріс жүйесіндегі топтардың, олардың ішіндегі жіктердің қоғамдық өндіріс орындарындағы іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары әлі осы уақытқа дейін зерттелмей келеді. Бұл өте маңызды, өзекті мәселе. Бұл мәселені дұрыс шешпейінше өндіріс қарқынмен дамиды, еңбек өнімділігі жоғарылайды, сапалы тауарлар көп шығарылады деп айту қиын. Өйткені өндірістегі өндірілген өнімді бөлу, айырбастау, тұтыну, оларды жоспарлап, жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы жүргізу осындағы әр түрлі адам топтарына – олардың мінез-құлқына тікелей байланысты. Экономикада адамның тәртібін басқарып, реттеп отыратын құрал-ол шаруашылық механизмі.
Бұл механизм өндірістегі жұмысты ұйымдастыру
жоспарлау және ынталандыру
құрал-әдістерін толық қамтиды
Сурет Шаруашылық механизмі
Ол өндірістегі адамдардың жұмысын, тәртібін, басқалай да жағдайларын қадағалап отырады, бұларды бұзса, оларға құқық ережелерін (санкция) қолданады, осылай еңбекке ынталандырудың бүтіндей жүйесін қалыптастырады. Сөйтіп ол өндірістегі еңбек жұмысын, жеке жұмысшы, қызметкердің маманданған топтардың іс-әрекетін, жұмысын әр уақытта реттеп басқарады және өндірісте еңбекті қажетті бағытта жүргізуге зор ықпалын жасайды. Екінші жағынан, өндірістегі адам факторы өндірістің дамуына, еңбек ұжымының тәртібіне, әсіресе, олардағы әлеуметтік реттеу, басқару құралдарына күшті әсер етеді.
Еңбекті, өндіріс ұжымдарын әлеуметтік құралдар арқылы басқару, реттеудің негізінде қызметкерлердің белгілі бір типі қалыптасады. Қалыптасқан бұл тип, бір жағынан, олардың ең жоғары адамгершілік қасиеттерін танытса, екінші жағынан, олардың кейбір жағымсыз қылықтарын да ашады.
Адамның өмір сүруінің негізгі шарттары –еңбек, бұл- адамзат қоғамының негізгі тіршілік ету формасы. Еңбек табиғатты қайта түрлендіру ретінде оның қарапайым сәттері дайын күйінде берілмей, өздігінен еңбек арқылы жасалған кезде ғана жетіледі.
Бұдан шығатын қорытынды, адам еңбегі белгілі бір қоғамдық топтардың шеңберінде жүретін саналы және мақсатты қызметті білдіреді. Еңбек-жүзеге асу процесінде қоғамдық мәні бар белгілі бір материалдық және рухани құндылықтар жасалатын қызмет.
Еңбекті адамға ғана тән шығармашылық қызмет ретінде қарастырады. Еңбектің субъектісі тек қана адам (машина, жануарлар емес) болады, еңбек барысында адам өзінің жоғары жаратылыс екенін көрсетеді.
Еңбек қоғамдық сипатқа ие болады. Әрбір адам өзіне ғана пайдалы емес, басқалар үшін де пайдалы нақты формада жасайды. Өз кезегінде ол өзінің жеке қажеттіліктерін өнімдермен басқа адамдардың еңбегі өзіне ғана емес, сонымен бірге басқаларға да арналған нақты еңбегі кірігіп кететін формада қамтамасыз етеді. Өндірушілер сондықтан да басқалардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген мүмкіншілік алады.
Қоғамдық еңбектің құрылымы мыналарды құрайды:
1.Өндірістік күштер, бұған жекелік элементтер, яғни еңбектің өзі (ойлап табуды және орындаудан тұрады) және заттық құрамдас бөліктер (еңбек мәні мен еңбек құралдары) кіреді.
2. Мақсат. Еңбек мақсатты қызмет болып табылатындықтан, қоғамдық еңбек құрылымы міндетті түрде мақсаттың жалғастырушылары болып табылатын (мақсаттың жалғастырушылары арқашан еңбекті жасаған адам болып табылады) элементтерден тұрады.
Еңбектің техникалық-ұйымдастырушылық мазмұны техникамен, технологиямен, өндірісті ұйымдастыру мен, еңбек мәнімен және жұмысшының шеберлігімен қалыптасатын еңбек функцияларының сандық және сапалық анықтылығынан айқындалады. Ол еңбек процесінің өндірістік күштерін және өндірістің тұлғалық және заттық элементтерін біріктіру тәсілдерінің техникалық аспектісін сипаттайды.
Еңбек мазмұны мыналарға әсер етеді: а) еңбекке деген қатынас және еңбекпен қанағаттану; б) еңбекке деген қызығушылық дәрежесі; в) кадрлардың тұрақсыздығы, еңбек өнімділігінің деңгейі.
Еңбектің мазмұны оның техникалық – функциональдық жағын, ал еңбектің мазмұндылығы – оның әлеуметтік – психологиялық құрылымын көрсетеді (еңбек ынтандырғышы, еңбек мотиві, құндылықтар және құндылықтық бағдарлар: еңбек қызметіндегі құлықтық нормалар).
Еңбек мазмұны еңбек принципіне қатысушылардың қандай білімді игеруі тиіс екендігін анықтайды. Болашақтағы өндіргіш күштер сипаттамаларының бір сәті болатын кәсіпті бөлшектеу қоғамдық еңбек бөлінісінің техникалық-ұйымдастырушылық мазмұнының пайда болуының нақты формасы болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
Мухтарханова Б.Д. - «Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар» оқулығы
Бляхман Л.С. – «Экономика, организация управления и планирование НТП»
Анин Б.Ю – «Защита компьютерной информации»
Васильева И. Н. – «Экономические основы технологического развития»