Функционалды? сауаттылы?ты? информатика саба?ында о?у сапасын артыруда?ы ма?ызы
Функционалды? сауаттылы?ты? информатика саба?ында о?у сапасын артыруда?ы ма?ызы
О?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту ?мір талабы.Саба? барысында ?р т?рлі ?діс т?сілдерді тиімді пайдаланып,о?ушыларды? п?нге ?ызы?ушылы?ын ояту?а ж?не білім сапасын к?теруге болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалып-тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласын-дағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылы-ғын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрас-тыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайдасын келтіреді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушы-ның әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қа-тысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Респуб-ликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Білім беру саласының мониторингі функцио-налдық сауаттылықтың негізгі бағыттары арқылы іске асады:
- Оқу және жазу сауаттылық - Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық - Компьютерлік сауаттылық - Математикалық сауаттылық - Денсаулық сауаттылық - Құқықтық сауаттылық Функционалдық сауаттылық- тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту өмір талабы.Информатика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық сұрақтарды туғыза отырып шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналыс-тыруға, бірін- бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлемін. Өз тәжірибемде сынып оқушыларына төмен-дегідей тапсырмаларды орындай отырып, функционалдық сауаттылығы дамып, ақпараттық мәдениет-тілігі қалыптасады. Мысалы практикалық жұмыстар №1 тапсырма Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу,қаріп,абзацты пішімдеу тақырыбы бойынша оқушыларға карточкалармен тапсырмалар үлестіріліп,компьютерлер-ге отырады.
1.Мәтіндік редакторды іске қосып, жұмыс үстелінен жаңа құжат ашып, тапсыр-маны мұқият оқып шығып, “ ерекшелеу, қаріп” арқылы мағынасы бойынша топтастырыңдар: найзағай, айна, қайшы, болат, үстел, тікұшақ, мыс, таңның атуы, қар басу, сынап, су тасқыны, спирт, мұнай, боран, алюминий, қайнау, қорғасын, темір. Үлгіге қараңдар: осы үлгі бойынша топтаңдар; Физикалық денеге жататындар: Уақытша құбылысқа жататындар: найзағай; Кісі аттары:Айна, Затқа жататындар:қорғасын, №2 тапсырма. Мәтін теру, мәтінді сақтау тақырыбы бойынша. Мәтіндік редакторды іске қосу,жаңа құжат ашып Өздерің туралы мәлімет/ атың, фамилияң, тегің, сыныбың, мекенжайың/ үш тілде жазу: қазақша, орысша, ағылшынша.Жұмыстарыңды сақтаңдар Мысалы: ағылшын тілінде:Ahmetzhanova Danagul Sakenovna,form 6«A»,South,40. орыс тілінде:Ахметжанова Данагуль Сакеновна,6«А» класс,Южный 40. қазақ тілінде:Ахметжанова Данагүл Сәкенқызы,6«А»сынып,Оңтүстік 40. №3 тапсырмаМәтіндік редакторда кестемен жұмыс. Жұмыс барысы:Альбомдық стильде жұмыс бетін дайындап, Разметка страницы Колонки –Две командасын орындайды.Кесте- Кестені құру командасы арқылы «сабақ кестесін» жасау үшін неше жол, неше баған керегін таңдайды; / 1ші аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері бойынша кесте сызылады.Оқушылар кесте құру барысында ұяшықтармен жұмыс, ұяшықтарды біріктіру, артығын алып тастау, құю құралымен жұмыс, автофигура көмегімен жұмыстар атқарады;Келесі бетке өтіп аптаның қалған үш күнін жасайды.Жасалған сабақ кестесін сақтап, өздерінің сабақ кестелерімен салыстырады. №4 тапсырма Топтық жұмыс /Шығармашылық жұмыс. Жұмыс барысы:/Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылар төрт топқа бөлінеді / әр мезгілге сәйкес түс арқылы/ Топтардың әрқайсысына ертегілердің кейіпкерлерінің суреттері салынған конверттер таратылады.Әр топ тапсырмаларына қарап суретте қай ертегінің кейіпкері,ертегі қалай аталады,қай халықтың ертегісі соны анықтайды.Осы ертегі не жайында, түсінгенін әрқайсысы постерде бейнелейді және әр топ жеке-жеке қорғайды.
№5 тапсырма«Сәйкесін тап» бұл тапсырма ұй тапсырмасын тексергенде өте тиімді.Мысалы:карточкаларға жазылып оқушыларға үлестіріліп беріледі. 1.Сақтау а)Файл-Открыть 2.Көшіру ә)Правка-Вставить 3.Шығу б)Файл-Печать 4.Құжатты құру в)Правка-Вырезать 5.Құжатты ашу д)Файл-Сохранить 6.Жою е)Файл-Создать 7.Баспаға жіберу ж)Файл-Выход 8.Орналастыру з)Правка-Копировать Оқушылап сәйкесін табады. Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады.Кестенің сол жағына олар түсініктері бойынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар сауалдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады.Әр сабақ соңында оқушылардың көңіл күйі қандай болғанын, бірі-бірін дәл, нақты бағалай білгенін, жасаған жұмыстары өздеріне ұнағанын білу мақсатында бақылаулар жүргізуге болады смайликтер, сызбалар, суреттер,“ия”, “жоқ” сөздері арқылы. Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптас-тыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен білік-тері өмірде кездескен жағдайларда қолдана білуді, әр-түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.