Роботтар - ?ар?ынды дамып келе жат?ан болаша?ты? жо?ар?ы технологияларыны? бірі. ?азіргі кезде роботтар ?мірімізді? к?птеген саласына, атап айт?анда, ?арышты игеру, денсаулы? са?тау, ?ндіріс, ?о?амды? ?ауіпсіздікті ?амтамасыз ету, ?ор?аныс ісі ж?не бас?а да салалар?а еніп ?лгерді.
Робототехника - б?л роботтарды дизайндеуге, ??ру?а, ?олдану?а ж?не олармен ж?мыс істеуге ба?ыттал?ан механикалы?, электрлік ж?не компьютерлік инженерия элементтері бар п?наралы? сала.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«...Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу»
М. Дулатов
Құлтемірдің дәуірі...
Қазіргі таңда барша информатика пәні мұғалімдерінің алдында тұрған басты мақсат – оқушыларға түрлі ағымдағы ақпараттарды сапалы түрде қолдана білуге үйрету, әрі әрбір ақпаратты білімалушы тиімді қолдана біліп, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Ендеше жас ұрпаққа сапалы білім бере отырып, оны заман сұранысына сай тұлға етіп тәрбиелеу міндеті ұстаздарға жүктеліп отыр.
Өзім «информатика» пәні мұғалімі болғандықтан, ең алдымен оқушылардың осы пәнге қызығушылығын ояту мақсатында көптеген әдіс тәсілдер қолданамын. Әрбір оқушы жаңалыққа жаны құмар, ол үйренгісі, білгісі келеді. Ал компьютерге, ондағы әрбір ойынға қызықпайтын бала жоқ. Сондықтан осы пәнді жете түсіндіре отырып, оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беруді басты мақсат етемін. Мұғалімнің ең негізгі ұстанымы – баланың рухани дүниесін түсіне отырып, оның өзіне деген сенімін жоғарылатып, әрқашан жақсыға ұмтылдыру.
Сонымен, бұл курс бізге нені үйретті? Осы курс барысындағы дәрістер мен сессиялар әсерлі және маған үлкен ойлар туғызды. Әдеттегіше, Кембридж бағдарламасы бойынша 7 модуль ықпалдастырылған сабақтарды жоспарлаудан бастап, өзге мұғалімдерге көмек беру, олардың өз тәжірибесіне өзгеріс енгізуіне ықпал етуді қалай енгізуге болатынын бізге үйретті.Осы оқу барысында біз, оқытып жатқан оқушыларды өзіндік ойлауға, өзіндік шешім қабылдауға, ойын батыл түрде жеткізуге үйретіп отырамыз.
Қазіргі кезде құлтемірлер өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді. Әрине, құлтемірлерді жасаумен айналысу – ол техникалық ептілікті, бағдарламалау дағдыларын, және де жай ғана әуестікті дамыту болып табылады, сондықтан оқушылар арасында «робот техникасына» деген қызығушылық күн сайын артып келеді.
Курс барысына біз сонымен қатар, «Робот техникасы» курсы 1-деңгейінің (5, 6, 7 сыныптар) және 2-деңгейінің (8, 9, 10 сыныптар) бағдарламасымен таныстық. Бұл курста біз робот техникасы негізін LEGO®-ның арнайы жинағы көмегімен зерттеп, жаңа білім алуға мүмкіндік берді.Келешекте алған біліміміздіХалықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып шыңдай аламыз. Ерекшеліктері: бұл жарыстар 9 жастан 25 жасқа дейінгі балаларға арналған. Осы курстың менің кәсіби дамуыма, оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарап, өзімнің болашақ бағытымды айқындауыма көмегі зор болды деп ойлаймын. Курстан кейінгі менің мұғалім ретінде оқушыларымды Халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатыстырып, межелі орындардың біріне ие болуға талпыныс жасауымды алдыма мақсат етіп қойып отырмын.
Заман талабы үйрене жүріп үйрену, таласа жүріп танылу, қатыса жүріп шыңдалуға меңзеп тұр. Ендеше, құлтемірдің дәуірінде аянбай еңбек етіп, білім көшінде артта қалмай алда болу – менің де ұстаздық парызым деп білемін.