kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«E-learning» электронды о?ыту ж?йесіні? ма?саты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Электронды? о?ыту ж?йесін білім беру ?йымдарына енгізу міндеттеріні? бірі- о?у –т?рбие ?дерісін автоматтандыру болып табылады. Атал?ан міндетті шешу ?шін о?у-т?рбие ?дерісіне ?атысушыларды? ?ызметін автоматтандыру ?ажет.

?аза?стан Республикасыны? білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасында: «О?ушы автоматтандырыл?ан ж?йеде жеке портфолиосын, к?нтізбесін, к?нделігін ж?ргізеді. М??алім к?нтізбелік –та?ырыпты? жоспары бар электронды? д?птерді, сынып журналын, хабарландыру ?ызметі (алда болатын жоспарлы ж?не жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы о?ушыларды? ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік ж?не т.б. жіберу) толтыратын болады. О?ытушылы? ж?ктемені, саба? кестесін, ?лгерім мониторингі мен о?ушыларды? саба??а келуін, педагогті? ?ызметін, есептілікті директорды? орынбасары ж?зеге асырады. Ж?йе ?кімшісі о?шау ж?не ?аламды? есептеу желісін, телефон ж?йесін немесе дауыс  поштасы ж?йесін ?оса ал?анда, к?п ?олданыста?ы компьютерлік ж?йені? ж?мыс істеп т?руына жауапты болады»- деп к?рсетілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««E-learning» электронды о?ыту ж?йесіні? ма?саты»

«E-learning» электронды оқыту жүйесінің мақсаты.


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі- білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізу.

Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты білім беру ұйымдары қызметкерлеріне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген.

Электрондық оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу міндеттерінің бірі- оқу –тәрбие үдерісін автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу үшін оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік –тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады»- деп көрсетілген.

Ақпараттық –коммуникациялық технологиялар –педагог құзырлылығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, электронды оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау және оларды біліктілігін арттыру құралы болып табылады.

АКТ келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

Білім беруді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі оқу үрдісінің басқару тиімділігі үшін қажет, педагогтерге оқу нәтижесі бойынша әртүрлі ақпаратты алу мүмкіндігін береді. Білім беруді бақылау жүйесі оқушының немесе топтың оқу нәтижесін талдау ғана емес, оқу сапасын жоғарылату бойынша жұмыстарды жоспарлау мен болжау, білім алудағы кемшіліктерді табу мен жою, даму динамикасын қадағалау және уақытылы оқу үрдісіне түзетулер енгізу мүмкіндігін береді. Құрылған модель оқушыға ыңғайлы және психологиялық жайлы оқу жағдайларын ұйымдастырып, оқушыларға оқуға деген саналы қатынасты, мақсатылықты, дербестікті тәрбиелеп, оқытушыға оқушылар арасындағы бәсекелестік жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.

Ата – аналар оқушылардың сабаққа келу көрсеткішін, бағаларын, үй тапсырмаларын, сабақ кестесін және жоспарланған шаралар туралы туралы ақпаратты ала алуы. Сонымен қатар, оқу үрдісіне тікелей қатысып, психологтардың ұжым туралы бағаларын және балаларды тәрбиелеу мен дамытуға байланысты ұсыныстарын алу мүмкіндігін жасау. Ата-аналар, өз қалаулары бойынша, балаларының оқу бағытындағы электрондық жүйесіне арнайы рұқсат ала отырып, электрондық форматтағы күнделіктерді бақылап, мектеп шараларына қатысып, хабарламалар мен танысып және мектеп ұжымына өз сұрақтарын қойып, мектеппен тығыз қарым-қатынаста болу мүмкiншiлiктерiне ие болып отыр.      

Үрдістерді автоматтандыру және қолмен жасалатын жұмыстарды азайту арқылы әкімшілік пен оқытушылардың жұмыс тиімділігін арттыру. Арнайы жүйеде күрделі есеп берулерді құрып, жұмыстың мөлдірлігін қамтамасыз етеді. Оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндігі қаншалықты көп болса, оқу үрдісінің қатысушылары арасындағы өзара сапалы қатынас орнату.

Оқытушылардың үйде жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Жұмыс уақытын дұрыс бөлу күш пен денсаулықты сақтауға көмегін тигізеді. Ұстаздардың жұмыс тәртібі барынша икемді.

Әр оқушыға жүргізілетін рейтинг оның үлгерім мен сапа көрсеткішін арттыру үшін мониторинг жүргізу мүмкіндігін туғызу. Аудио, видео, мәтіндік ақпараттармен алмасу мүмкіндігі. Пікір талас, тәрбие іс-шаралары, факультатив сабақтарын онлайн режимде өткізу.

Мектеп оқытушылары өздерінің сабақтарын және оқыту күнтізбелік жоспарларын енгізіп, электронды сынып журналын жүргізу, курстық оқыту материалдарын құрып, онлайн режимде емтихандық текстерін дайындап және өткізу, сонымен қатар басқа оқытушыларымен тәжірибе алмасу мүмкiншiлiктерiне ие болады.

Оқушылар сабақ кестесін онлайн арқылы қарай отырып, пәндер және сабақтардың материалдары және үй тапсырмалары мен танысуға, оқу пәндерi бойынша тестілеуден сынаққа қатысып, оқу және кітапханалық ресурстарға кіруге толық қанды мүмкiншiлiк алады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны жетік меңгерген педагог қандай да болмасын электронды оқу ресурстарының түрлерін өз қызметтеріне пайдалана алады. Мұндай деңгейдегі педагогтар кез келген сабақты қызықты, әрі сапалы түрде өткізу АКТ мүмкіндіктерін толық пайдалануға тырысады.

Шетелдік және отандық тәжірибелерді негізге ала отырып, АКТ құралдарын сабақта емес, сабақтан тыс жұмыстарда оны қолдану ерекшеліктері бар: оқу үрдісінің әрбір кезеңіне қатаң уақыт қойылмайды, техникалық ақауларды жеке түрде шешуге мүмкіндіктер болады, техникалық құралдардың аз санымен де нақты нәтижеге жетуге болады.

Мұғалім сабақтан тыс уақытта бір немесе бірнеше сынып оқушыларының арасында виртуалдық қарым-қатынаста тәрбиелік және әлеуметтік –педагогикалық бағыттар бойынша форумдар өткізе алады.

Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі электрондық оқыту жүйесін іске асыру қандай мүмкіндіктер береді?

Таратып айтсақ, электрондық оқыту жүйесінде әкімшілік, директордың орынбасары, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.

 Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады.

 Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады

«ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді.

Қорыта келе оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен жарақтандырылуы, компьютердің жаңа түрлеріне, КЖҚ-ға қол жеткізуі керек. Бұл жүйеге көшу, мектептің электронды және sms күнделікке қосылуы, оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту, сабақты қалдырмау, ата-анамен тұрақты, тез байланыс жасау, электронды журналға күндіз-түні қатынау,  sms күнделік, мектепті сапалы-жаңа деңгейге көтеру мүмкіндіктерін береді. Eліміздің қарыштап дамып, өркендеуіне үлес қосу, жаңалықшыл жаһандану заманында көштен кейін қалмай ақпаратты игеріп, заманауи технологиялардың мүмкіндігіне сүйеніп қызмет атқару, әрбір азаматтың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, өрісін кеңейтеді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«E-learning» электронды о?ыту ж?йесіні? ма?саты

Автор: Таскимбаева А?н?р ?ази?ызы

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 253853


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства