Білімділік: Білім алушыларды физика пәнін игеру барысында ақпараттық технологияларды қолдануға, сол арқылы уақытты тиімді пайдалануға, компьютерлік сауаттылықтарын дамытуға баулу.
Дамытушылық: Білім алушылардың алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге, белсенділігін арттыруға, ойлау және есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге, өз ойын жүйелей білуге, тез шешім қабылдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Білім алушылардың жеке-дара тапсырмалар арқылы осы пәндерге деген қызығушылығын ояту, сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау және өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: біліктілікті қалыптастыру
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (физика және информатика)
Пәнаралық байланыс: информатика, физика, математика
Сабақтың әдістемелік қамтамасыздандырылуы:
Оқу-көрнекілік кешен: презентация, оқулық
Таратпа материал: стикерлер, бағалау парағы, тапсырмалар парағы
Техникалық-оқу құралдары: интербелсенді тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
I этап. Ұйымдастыру кезеңі (2мин)
Амандасу;
Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен сабаққа дайындығын тексеру;
Жағымды психологиялық ахуал орнату арқылы білім алушыларды үш топқа бөлу;
Білім алушыларды бағалау жүйесімен таныстыру және сабаққа назарын аудару.
II этап. Үй тапсырмасын тексеру- «Жұмбақ сандар» әдісі (13 мин)
Бұл әдіс арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау. Бұл жердегі бейне-сұрақтар информатика және физика пәндерінің қосындысы болып табылады. Әр топтан бір білім алушы шығып кез келген ұяшықты таңдап, ондағы бейне-сұраққа тобымен ақылдасып жауап береді.
Ғалымдар
30
40
50
Анықтамалар
30
40
50
Қызықты тәжірибе
30
40
50
Ғалымдар сұрақ:
30- ұяшық. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген ғалым?
40- ұяшық. Майкрософт корпорациясының (Microsoft) негізін қалаушы және құрушы, компьютер магнаты, әлемдегі ең бай адамдардың бірі кім?
50- ұяшық. Оны нөмір бірінші бағдарламалаушы деп атайды, өйткені ол өз әріптесі Чарльз Бэббидждің есептеу машинасына арнап алғаш бағдарлама жазған?
Анықтамалар сұрақ:
30- ұяшық. Физикалық жылу құбылыстарды зерттейтін бөлім?
40- ұяшық. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған, сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген бағдарлама қалай аталады?
50- ұяшық. Бұл бағдарлама көрмелерді әзірлеуге арналған, материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді?
Қызықты тәжірибе:
30- ұяшық. Кәдімгі үрленген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неліктен?
40- ұяшық. Сыйлық жасырынған ұяшық!
50- ұяшық. Суы бар стаканға жұмыртқаны еппен саламыз, жұмыртқа стакан түбіне дейін түседі, яғни батады. Себебі?
III этап. Кіріктірілген сабаққа шолу (20 мин)
Білім алушылар физика есептерін заманауи- ақпараттық технологиянлардың бірі интербелсенді тақтада шығарып көрсетеді.
Массасы 10 кг, молдік массасы 40·кг/моль. Газдың 400К температурадағы қысымы 250 кПа. Газ тұрған ыдыстың көлемі?
Тығыздығы 1,2 кг/, қысымы 9 кПа газдың молярлық массасы 4·кг/моль. Газдың температурасы неге тең?
Массасы 8 кг, молдік массасы 5·кг/моль газдың 300К температурадағы көлемі 40болса, газдың қысымы қандай болады?
VI этап. Топтық жұмыс (15 мин)
Замануи- ақпараттық технологияларды пайдалана отырып бүгінгі сабақты бекіту сұрақтарына кезек берейік. Бұл кезеңде біз «Quizlet.com» бағдарламасын пайдалана отырып, топтық жұмыс жасаймыз. Топтық жұмыста quizlet.com бағдарламасы білім алушылардың алған білімдерін нақты белгілі бір жүйеге түсіру мақсатында және олардың ұйымшылдық, мәселені бірлесе шешу сияқты қасиеттерін дамытуда таптырмас құрал болып табылады.
Quizlet.com- білім алушылардың есінде жақсы сақталу және қызығушылықтарын арттыру үшін өте қолайлы бағдарлама. Ойынның шарты: Білім алушылар смартфон көмегімен арнайы кілттік сөзді және есімдерін жазу арқылы бағдарламаға қосылады. Барлық білім алушылар қосылып болған соң бағдарлама автоматты түрде топтарға бөліп, топтарға ат береді. Топтар берілген сұрақтарға өзара ақылдасып жауап береді. Барлық сұраққа дұрыс әрі жылдам жауап берген топ жеңіске жетеді.
Сұрақтары:
1. Диффузия дегеніміз?
Бір заттың молекуласы екінші заттың молекула аралық кеңістігіне енуі.
2. Кіші көлем, өздігінен жіберу, көбею, компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою.. ненің ерекшелігі?
Компьютерлік вирус
3. Броундық қозғалыс дегенімізы?
Сұйық немесе газда орналасқан ұсақ қатты бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
4. Компьютерлік графика - бұл ?
Әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
5. Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу?
Қаныққан бу
6. Ақпарат термині латын тілінің «informatio» сөзінен аударылғанда қандай ұғымды білдіреді?
Баяндау, түсіндіру, мәлімет
7. Конденсация дегеніміз?
Заттың газ күйден сұйық күйіне өтуі.
8. Мына әрекеттердің қайсысын архивтік файлда орындауға болады?
Сығу, қысу, жинақтау
9. Ауаның ылғалдылығы дегеніміз?
Су буының атмосфераның түрлі бөліктеріндегі мөлщері.
10. Барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы?
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network)
11. Булану дегеніміз?
Заттың сұйық күйден газ күйіне өтуі.
12. Көпфункциалық бірақ соңымен қатар қарапайым растырлық графикалық редактор. Ол Microsoft компаниясының туындысы және бағдарламаларының алғашқы нұсқаларында да кездеседі
Microsoft Paint
13. Изопроцесстер дегеніміз?
Параметрдің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процесс
14. 1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап тапты және тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жасады ?
Дэн Бриклин және Боб Френкстон
15. Сұйық тығыздығы мен оның оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын кездегі температураны айтады?
Кризистік температура
16. Графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі оларды түзетуге, толықтыруга арналған программа?
Графикалық редактор
17. Қалыпты атмосфералық қысымдағы сұйықтың қайнау температурасын айтамыз?
Қайнау нүктесі
18. Тұрақты температура кезінде өтетін процесс?
Изотермалық процесс
19. Тұрақты көлем кезінді өтетін процесс
Изохоралық процесс
20. Тұрақты қысым кезінде өтетін процесс?
Изобаралық процесс
V этап. Сабақты бекіту (7 мин)
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін «kahoot.com» бағдарламасын пайдаланамыз. Ойынның шарты: білім алушылар смартфон көмегімен арнайы кілттік сөзді және есімдерін жазу арқылы бағдарламаға қосылады. Берілген сқрақтарға смартфон арқылы жеке-дара жауап береді, сұрақтар аяқталған соң автоматты түрде нәтижені шығарып, көруге болады. Бұл әдіс білім алушыларға жеке жұмыс істеу және оларды жеке-дара бағалау үшін өте тиімді.
Сұрақтары:
1. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары?
Барлық денелер микробөлшектерден тұрады.
Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады.
Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі.
Барлық жауап дұрыс.
2. Алгоритм орындаушысы дегеніміз?
Құрастырылған алгоритмді басқарушы субъект немесе нысан
Батырмалар
Мәтінді өзгертуге арналған программа пакеттері
Құжаттарды құруға арналған программа пакеттері
3. Зат құрылымының молекулалы-кинетикалық теориясын жасаған ғалым?
М.В. Ломоносов
Л. Больцман
Д.П. Джоуль
Г. Ом
4. Компьютерлік графиканың бейнелеу тәсіліне байланысты бөлінуі?
растрлық, векторлық, фракталды және үш өлшемді
растрлық және фракталдық
үш өлшемдік және векторлық
растрлық, фракталдық және векторлық
5. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?
Дж/К
Кг/моль
Па
Моль
6. Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар?
Программалық вирустар
Компьютерлік бомбалар
Компьютерлік вирустар
Барлық жауаптар дұрыс
7. Заттың мольдік массасы дегеніміз?
Бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасы
Бір заттың молекуласының екінші заттың кеңістігіне енуі
Малекулалардың өзара әрекеттесуі
Денедегі ммкробөлшектердің үздіксіз қозғалысы
8. Алғаш рет «компьютерлік вирустар» термині АҚШ-та қай кезде пайда болған?
ХIХ ғасырдa
ХХ ғасырдың басында
ХХ ғасырдың 50 – ші жылдардың орта кезінде
ХХ ғасырдың 80 – ші жылдардың орта кезінде
9. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары?
іскерлік, ғылыми, тұрмыстық
іскерлік, ғылыми, көркемдік және жарнамалық, инженерлік, web
көркемдік және жарнамалық, инженерлік, нүктелік
тұрмыстық, инженерлік, іскерлік
10. Бойль-Мариотт зерттеген процесс?
Изохоралық процесс
Изотермалық процесс
Изобаралық процесс
Дұрыс жауабы жоқ
11. Файлдардың көлемін кішірейті үшін қандай бағдарламалар қолданылады?
файлды сақтық көшіру бағдарламалары
транслятор бағдарламалар
архиватор бағдарламалар
дұрыс жауабы жоқ
VII этап. Рефлексия (2 мин)
«Чемодан» - тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды осында салыңыз
«Қоқыс жәшігі» - сабақта қажеті болмаған, артық дүниелерді осында салыңыз
«Ет тартқыш» - бүгінгі сабақты әлі оқуым керек, толықтыруым керек деген ақпаратты осында салыңыз