kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

АКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ ?ЛТТЫ? ОЙЫНДАРДЫ Д?РІПТЕУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

      ?аза? хал?ыны? ?лы ойшылы  Абай ??нанбаев: «Ойын ойнап ?н салмай, ?сер бала болар ма?» деп айт?андай баланы? ?мірінде ойын ерекше орын алады.

Ойын балалар ?міріні? н?рі, я?ни оны? рухани жетілуі мен таби?и ?суіні? ?ажетті ал?ы шарты ж?не халы?ты? салтын ?йренуде, таби?ат ??былыстарын тануда оларды? к?ру, есту, сезу ?абілеттерін, зейінділікпен тап?ырлы?тарын дамытады. Ойын ар?ылы  ?о?амды т?жірибені ме?гереді, ?зіні? психологиялы? ерекшеліктерін ?алыптастырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«АКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ ?ЛТТЫ? ОЙЫНДАРДЫ Д?РІПТЕУ»

1. АКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ДӘРІПТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 АКТ көмегімен ұлттық ойындардың ерекшеліктерін көрсету жолдары

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негізі болып табылады. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардың қай – қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты – ұшты», т.б. ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді.

Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақ жайлылығын айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып, яғни адамгершілік қасиеттері де қалыптастырылады. Басқа ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындар тәртібін бұлжытпай орындауы ойын барысында тәртіп сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке, әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейді.
Ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі тәлім-тәрбие жұмысына пайдалана отырып, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыпымызды, салт- дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеуді балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн.

Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады. Мұның өзі қазақ халқының ежелден-ақ айрықша дарынды һәм білімді болғанының дәлелі. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен «өрнектеліп» те отырған. Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жас жеткіншектерді өмір сүруге дағдыландырып, қиындықа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген үрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған.

Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениеті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын талғампаздыққа, ал енді бір ойын қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының бала тәрбиесінде маңызы зор екеніндігін дәлелдейді. Ұлттық ойындарды компьютерлік технология арқылы көрсету яғни ұлттық ойынға деген қызығушылықты ояту ұлттық ойындардың пайдасы зор екенін түсіндіру. Ерте кездегі адамдар мен қазіргі кездегі адамдарды салыстыратын болсақ,екеуінің арасында жер мен көктей айырмашылықтар бар. Сондай-ақ алғашқы шыққан компьютерлер мен қазіргі кездегі компьютерлердің арасында да көптеген айырмашылықтар бар.

Енді осыған тоқталып өтейік:

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі.
Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.
Қазақ ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.
Қазақтың ұлттық ойындары: Ерлікті – мужество, Шапшаңдықты – быстрота, Тапқырлықты – находчивость, Күш – қуаттылықты – сила, могущество қажет етеді.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.  Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.

1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;

2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.

4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.

Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары  балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады.


2. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ДӘРІПТЕУГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1 Жалпы орта мектептің білім беру үдерісінде АКТ пайдалану әдістері

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының «E-learning» электрондық оқыту» бөлімінде электрондық оқыту жүйесінде қолданылатын электрондық оқулықтарды жəне оқу-əдістемелік кешендерді жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың жеке жəне ұжымдық жұмыстарының регламенті мен техникалық регламенттерінің əзірленетіндігі айтылған.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру қажеттілігі және 2011 жылдан бастап оқу үдерісінде электрондық оқыту жүйесін пайдалануы мен қолдануы жөнінде осы бағдарламада нақты көрсетілген.

Ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының пайда болуынан және оларды бiлiм беру жүйесiне енгiзуге байланысты бiлiм беру жүйесi бүтiндей, ал ашық және ара қашықтық бiлiм беру жекеше дамуда.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» - делінген. Елбасы қол қойған мемлекетік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кәсіби іс-әрекетінде қолдану арқылы жаңа техникалар мен технологияларды қолдану мәселелелерін дамыту қажет.

АКТ-ның қазiргi замандағы құралдарының бiрi электрондық бiлiм беру басылымдары (БЭБ) болып табылады. Электрондық бiлiм беру басылымдарын құру Қазақстандағы барлық бiлiм беру түрлерi мен деңгейiлерiн ақпараттандыру стртегиясының негiзгi бағыттарының бiрi ретiнде анықталған.

Электрондық бiлiм беру басылымы ұғымы соңғы отыз жылда соншалықты өзгерген қазiрде дәстүрлi болып есептелетiн оқу электрондық бағдарламалық құралы ұғымынан шығады.

Е.Ы.Бидайбековтың, К.М.Беркімбаевтың өз еңбектерінде ЭББ ерекшеліктерін атап көрсете келе, білім беру жүйесінде мамандарды дайындауда ЭББ жасау мен мазмұнына және оның қызмет ету ерекшелігіне біршама шектеулер қойылатындығын айтып өткен.


ЭББ жасау және оны жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде практикалық қолдану дайындық деңгейінің мемлекеттік стандарт талаптарына неғұрлым тереңірек сәйкес келуіне мүмкіндік береді. Осы қойылған талаптар негізінде, сонымен қатар, ЭББ қолдану мүмкіндігін ескере отырып, оқу жоспарлары, бағдарламалар, жоғары оқу орындарында оқытылатын барлық пәндер бойынша әртүрлі сабақтар өткізу әдістері жасалады.

Мысалы, қазіргі заманғы ақпараттық технология негізінде әр түрлі кәсіптік қызметінің тиімділігін арттыру, сонымен қатар, оқытуда қолданылатын ЭББ-да компьютерлік графиканы және анимацияны қолдану арқылы процесстер мен құбылыстар жайлы толық түсінігін қалыптастыру. Егер ЭББ-да проблемалық және зерттеу тапсырмалары, интеллектуальді оқыту жүйелері қолданылса, онда ойлау мәдениеті мен ойлау қабілеттілігін дамытуға болады.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, қазіргі білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға байланысты негізгі мақсаттары мынадай деп атап көрсетеміз:

  • мектептерде ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ) кеңінен қолдана отырып, ұлттық ойындарды сабақтарда дәріптеу;

  • әртүрлі оқу және тәрбиелеу қызметі түрлерінде, әртүрлі типті сабақтар өткізгенде АКТ құралдарын қолданудың қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдерімен таныстыру;

  • бөлінген ақпараттық ресурстармен жұмыс істегенде оқу үрдісінде АКТ құралдарын тиімді қолдануға оқыту;

  • ақпараттық және телекоммуникациялық технология құралдарын дамыту мен жетілдіру жағдайында оқушылардың өздігінен оқу, өзіндік даму және өздігінен іске асыруға қажетті шығармашылық потенциалын дамыту болып табылады.


2.2 Ұлттық ойынды пайдалануға арналған бағдарламаға сипаттама


Осы мәселелерді негізге ала отырып, информатика сабағында ұлттық ойынды дамытуға, дәріптеуге арналған бағдарлама жасау қолға алынды. Бағдарлама Flash бағдарламасында дайындалды.

Бағдарламаның титулдық бетінде жұмыстың орындалған жері мен авторлары жайлы толық мәлімет берілген (1 суретке сәйкес).

Бағдарламаның титулдық бетіндегі асықтың суреті бейнелеген батырманы басқан кезде, 4 бөліктен тұратын негізгі бет ашылады (2 суретке сәйкес).

Сурет 2. Бағдарламаның негізгі беті


Суретте асықтың 4 түрлі жатысы бейнеленген. Олар: алшы, тәйке, бүк, шік. Осы 4 түріне байланысты сұрақтар беріледі. Сұрақтар асықтың жатысына байланысты деңгейге бөлінген.

Алдымен оқушы кәдуілгі асықты иіру арқылы оның деңгейін (алшы, тәйке, бүк, шік) таңдап алады. Деңгей анықталған соң, сол деңгейге тиісті сұрақтар шығады (3 суретке сәйкес).


Сурет 3. Сұрақтар тізімі көрсетілген бет


Сурет 3. Сұрақтар тізімі көрсетілген бет

Сурет 3. Сұрақтар тізімі көрсетілген бет


Бұл бағдарламаның ерекшелігі, біріншіден оқушы асық ойынының түрімен танысады; екіншіден асық иіруге ептілігі дамиды; үшіншіден компьютер арқылы берілген сұрақтарға жауап табу мақсатында информатика пәні бойынша білім артады.








ҚОРЫТЫНДЫ


Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: “Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…”

Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында және әрбір пәнде қазақтың ұлттық құндылықтарын түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады.

Халқымыздың ертегілерінде, аңыз - әңгімелерінде, шешендік, тапқыр сөздерінде, салт – дәстүрлерінде белгілі бір пәнге байланысты тұстарын байқауға болады. Мұндай халқымыздың асыл қазынасын сабақтың кейбір тақырыптарымен байланыстыру, оның салт – дәстүр мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз.

Информатика пәнін оқытуда халықтық педагогиканың мұрасын қолдану –ізденушілікті, шығармашылықты талап етеді. Бұл халықтық педагогика: Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу; қазақ халқының сана салттық байлығын қолдана отырып білім беруді қызықты және ұтымды қылып өткізу; әрбір ауыздан шыққан, соның ішінде халықтың ауызекі мұрасын жан – жақты түсіне білуге үйрету; оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру; өз ұлтының ерекшеліктерімен таныстыру; оқушылардың көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мәселен, халықтық педагогиканың бастау көзінің бірі – ұлттық ойындар. Осындай ұлттық ойын түрлерін орнымен пайдалану сабақтың білімділік және тәрбиелік мәнін арттырады.

Сабақ барысында осындай ұлттық құндылықтардың мән мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез – құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Сабақ барысында ұлттық құндылықтарды қажетті жерінде тиімді пайдаланса, сабақ мазмұны жағынан өте сапалы және жоғарғы деңгейдегі сабақ бола отырып, оқушылардың ұлттық – танымдық білімдерін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Қазіргі кезде толып жатқан шет елдердін ойындары оларды қазіргі кезде балалар жатқа біледі. Өтілетін тақырыптарға компьютермен байланыстырып компьютердің көмегін пайдалана отырып ұлттық ойындардың пайдалану мәдениетін қалыптастыру, компьютерлік сауаттылығын және ұлттық ойындарды жоғары деңгейде білу. Менің ұсынып отырған ғылыми жобам ұлттық ойындар туралы ізденуге, көп білуге тырысады. Қоғам дамуына қарамастан ұлттық ойынымызды деңгейін жоғарлату. Ұлттық ойының дәрежесін толық ұғыну мақсатында мен тақырыптарға сәйкес практикалық жұмыстар орындадым .

Мен, «АКТ технологиясы арқылы ұлттық ойындарды дәріптеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысымда көбіне ұлттық ойындардың мән мағанасын түсінуге бар ынта жігерімді салдым. Мен мектеп қабырғасында оқып жүріп Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырда білім мен ғылымға ерекше көңіл аударып жатқандығын негізге ала отырып осы жобада өзіміздің ата–бабамыздан келе жатқан ұлттық ойындарды ұмыт қалдырмауға ат салысқым келді.













ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Ә .Диваев ұлттық ойындарды зертеген ғалым

  2. Иманбетов А.Н. «Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру» авторефераты

  3. Жалғасбаева Р.Ж. «Жаратылыстану пәндерін оқытуда халықтық педагогика элементтерін қолдану»

  4. Отансүйгіштік тәрбие-басты міндет //Қазақстан мектебі. - 2005. - №5-6.

  5. Қалымбетова А. ««Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс». Информатика негіздері, ғылыми-әдістемелік журнал, 2012, №3.

  6. Жүсіпова М.Қ. «Информатика пәніне арналған жұмыс дәптері» Информатика негіздері, ғылыми-әдістемелік журнал, 2011, №2.

  7. Әбдуахитов Ә. «Информатика пәнін оқытудағы ұлттық ерекшеліктер» Информатика негіздері, ғылыми-әдістемелік журнал, 2011, №1.

Web сайттар:

  1. www.koshpendi.kz

  2. www.adyrna.kz

  3. www.ustaz.kz



«Ж.ЕДІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП –ГИМНАЗИЯСЫ» КММ Орындаған: 6 «а» сынып оқушысы Әшімхан Аяужан информатика пәнінің мұғалімі Ниязбекова Ақнұр








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
АКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АР?ЫЛЫ ?ЛТТЫ? ОЙЫНДАРДЫ Д?РІПТЕУ

Автор: Ниязбекова Акнур Ильясовна

Дата: 25.11.2015

Номер свидетельства: 258092


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства