А?паратты? –коммуникациялы? технологияларды пайдалану ар?ылы білім беру де?гейін к?теру
А?паратты? –коммуникациялы? технологияларды пайдалану ар?ылы білім беру де?гейін к?теру
А?паратты? м?дениет дегеніміз тек компьютермен д?рыс ж?мыс істей білу емес, кез-келген а?парат к?зін – аны?тамалы?тарды, с?здіктерді, энциклопедияларды, к?ліктерді? ж?ру кестелерін, теледидар ба?дарламаларын та?ы сол сия?ты д?рыс пайдалана білу деген с?з. А?параты? м?дениет – б?л ??гімелесе білу, теледидар хабар (Интернетті) тал?амды т?рде ?арау немесе ?арамау, алын?ан м?ліметті ой елегінен ?ткізіп, талдай білу ж?не де ?згелерді? еркіндігіне ?сер ететін жа?дайларда ?з еркіндігі?ді шектей білу.
Еліміздегі саяси, ?леуметтік – экономикалы? ?згерістерге сай білім беруді а?параттандыру ба?ытында ж?ргізіліп жат?ан ж?мыстар а?параттандыруды? Мемлекеттік ба?дарламасына с?йкес ж?зеге асырылуда.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«А?паратты? –коммуникациялы? технологияларды пайдалану ар?ылы білім беру де?гейін к?теру»
Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
Көкшетау қаласы № 6 орта мектебі
Атаева Баян Булатхановна информатика пәнінің мұғалімі
Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез-келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын тағы сол сияқты дұрыс пайдалана білу деген сөз. Ақпаратық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар хабар (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық– психологиялық жаңа проблемаларды әлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық – коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады.
Ақпараттандыру және бұқаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым–қатынасқа отырып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуі де байланысты. Сонымен қатар әлде бір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолданылуының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен ғана емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми–техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық – технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле–конференция, видео–конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.
Қазір бүкіл дүниежүзі біртұтас денеге айналып – ғаламдасу құбылысы жүріп жатқанда, әр түрлі байланыс жүйелері сол дененің нерв, қан тамырларының рөліне айналған мына заманда интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме, кеш пе дүниежүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электрондық пошта құралдарын пайдалануға болатыны белгілі. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидиарларды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез–келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсендіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютер желілері арқылы тарату болып табылады.