kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?парат ж?не а?паратты? процесстер туралы т?сініктер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?парат  дегеніміз латын  тілінде  аудар?анда  «м?лімет,т?сіндіру, баян- дау,»  деген ??ымдарды  білдіретін  informatio  с?зінен  шы??ан.

     ?азіргі  кезде  а?парат  к?нделікті  т?рмыс?а,  ?ылымны??р  т?рлі: философия, экономика,  физика,  математика,  информатика, т.б салаларына  ке?інен  енді. Біра? ?рбір ?ылымны?  а?парат  туралы  ?з  ??ымы мен  т?сінігі  бар.

      Математик  б?л  т?сінікке  адам баласы  толы? танып  білмеген,  ?зі- ні?  ой-т?жырымдарыны?  к?мегімен  ??р?ан  м?ліметтерді де  кіргізеді.

      Биолог а?парат?а  адам  баласыны?  бойында ?мірге  келгеннен бас- тап  ?міріні?  со?ына  дейін  са?талатын  м?ліметтерді  жат?ызады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?парат ж?не а?паратты? процесстер туралы т?сініктер. »

«Манашы орта мектебі» ММ



Реферат









Дайындаған: Базарбаева Сұлушаш

7 «б» сынып оқушысы





Тексерген: Ермекова Нұрша











2013-2014 оқу жылы

Мазмұны

1. Ақпарат және ақпараттық процесстер туралы түсініктер. .................. 3 2. Ақпараттық қасиеттер. Ақпараттық өлшеу. ......................................... 3 3. Компьютерде жұмыс істеу ережелері. ................................................... 4 4. Есептеуіш техникасының даму тарихы. ............................................... 5 5. Компьютердің негізгі құрылысы. ......................................................... 6. Монитор. .................................................................................................. 7. Процессор. ............................................................................................... 8. Пернетақта (Клавиатура). ....................................................................... 9. Тышқан (Тінтіуір). .................................................................................. 10. Сканер. ................................................................................................... 11. Принтер. .................................................................................................































Ақпарат және ақпараттық процесстер туралы түсініктер.

Ақпарат дегеніміз латын тілінде аударғанда «мәлімет,түсіндіру, баян- дау, » деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.

Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымныңәр түрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика, т.б салаларына кеңінен енді. Бірақ әрбір ғылымның ақпарат туралы өз ұғымы мен түсінігі бар.

Математик бұл түсінікке адам баласы толық танып білмеген, өзі- нің ой-тұжырымдарының көмегімен құрған мәліметтерді де кіргізеді.

Биолог ақпаратқа адам баласының бойында өмірге келгеннен бас- тап өмірінің соңына дейін сақталатын мәліметтерді жатқызады.

Кибернекитада, яғни басқару туралы ғылымда, ақпарат түсінігі күрделі жүйелердегі басқару процестерімен байланысты.

Философиялық мағынада ақпараттірі және өлі табиғатта процес- термен обьектілердің бейнелеудің әртүрлілігі.

Информатикада ақпарат – бұл қоршаған орта обьектілері мен құбы- лыстары және олардың сипаты мен қасиеттері туралы білімімізді толық-тыратын мәліметтер.

Ақпараттық қасиеттер. Ақпараттық өлшеу

Адамның алатын және түрлендіретін ақпараттарының сапалық сипат- тамалары немесе қасиеттері бар. Адамдар өзара ақпарат алмаса отырып, ол ақпараттың басқалар үшін түсінікті, көкейкесті және пайдалы болуы- на, сонымен қатар мәліметтердің сенімділігіне баса назар аудару керек. Бір – бірімізді дұрыс түсінуге, кез – келген жағдайда дұрыс шешім қабыл- дауға мүмкіндік береді. Күнделікті өмірде, дамдардың өмірін мен ден- саулығы, қоғамның экономикалық дамуы көбіне ақпараттың қасиеттеріне тәуелді болып келеді.

Адам баласы үшін ақпараттың аса маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:

1. Ақпараттың сенімділігі. Егер ақпарат істің ақиқат жағдайын бейне- лейтін болса сенімді болып табылады. Сенімді емес ақпарат дұрыс түсінбеуге немесе дұрыс емес шешім қабылдауға алып келуі мүмкін. Сенімді ақпарат уақыт өте келе ескіру қасиетіне ие болғандықтан, яғни енді істің ақиқат жағдайын бейнелемейтіндіктен, сенімді емес ақпаратқа айналуы мүмкін. 2. Ақпараттың толық болуы. Егер ақпарат түсінікті және шешім қабыл- дау үшін жеткілікті болса, онда ол толық болып табылады. Толық емес ақпарат та, шектен тыс артық ақпарат та шешім қабылдауды тежеуі неме- се қателіктерге әкеліуі мүмкін. 3. Ақпараттың құндылығы. Ақпараттың құндылығы оның міндеттер- ді шешу үшін қаншалықты маңызды екендігіне, сондай – ақ алдағы уақытта адам қызметінде қаншалықты қолданылатындығына байланыс- ты болып келеді. 4. Ақпараттың дер кезінде берілуі. Тек уақытында алынған ақпарат қана күтілетін нәтижеге жеткізуі мүмкін. Ақпаратты уақытынан бұрын да, кешіктеріп те бермегені дұрыс. 5. Ақпараттың түсініктілігі.Егер ақпарат осы ақпаратты алушылар сөй- лейтін тілде берілетін болса түсінікті болады. 6. Ақпараттың қол жетімділігі. Ақпарат қолжетімді түрде ұсынылуы керек. Сондықтан да бірдей мәселелер мектеп оқулықтары мен ғылыми басылымдарда түрліше баяндалады. Бұл қажет болған жағдайда ақпаратты алу және оны игеру мүмкіндігін арттырады. 7. Ақпараттың қысқалығы. Бір мәселе бойынша ақпаратты қысқаша немесе кеңінен баяндауға болады. Ақпараттың қысқалаығы анықтамаларда, энциклопедияларда, оқулықтарда, әр түрлі нұсқаулықтарда қажет болады. 8. Ақпараттың нақтылығы. Ақпараттың нақтылығы оның қарастырып отырған обьектінің, процестің, құбылыстың және т.б. шынайы күйіне жақындық дәрежесімен анықталады.

Компьютерде жұмыс істеу ережелері

Қазіргі уақытта комьпютердің денсаулыққа зиян келтіретіндігі туралы естімеген адам жоқ шығар. Денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтыратын осындай факторлар бар.

  • Бірінші және ең басты фактор – бұл көзге көп салмақ түсуі.

  • Компьютермен жұмыс істегенде денсаулыққа әсер ететін, зияндылығы бойынша екінші фактор – компьютер алдында дұрыс отырмау. Қысылған қалыпта отырудың салдарынан денсаулыққа келесі ауытқулар туындайды: қиын демалу, арқа, мойын бұлшық еттерінің ауыруы, бас ауыруы, қол білезіктерінің ауруы.

  • Маңыздылығы бойынша үшінші фактор – бұл жүйкеге көп салмақ түсіреді.

  • Төртінші фактор – компьютер мониторынан тарайтын радиация.

Дәл осы сияқты компьютермен жұмыс істегенде ескерілуі тиіс белгілі бір ережелер бар.

Компьютермен жұмыс істеген ыңғайлы және жағымды болу үшін жұмыс орнын мұқият ұйымдастырған жөн.

Компьютерде жұмыс істеген кезде қателіктер жібермес үшін келесі ережелерді сақтаңдар.

  • Орындықтың арқасын арқаңды сүйеп отыр

  • Аяқтарың салбырамая еденнің немесе ыңғайлы тіреудің үстінде тұруы керек.

  • Пернетақтаменг және тышқанмен жұмыс істегенде қол білезіктері үстелдің үстінде еркін жатуы тиіс.

  • Экран мен көздің арасында арақашықтық 50 см-ден кем болмауы және 70 см-ден артық болмауы керек.

  • Монитор көз деңгейімен бірдей және көру бұрышынан перпендикуляр орналасуы керек.

  • Компьютерде үзіліссіз жұмыс істеу ұзақтығы күніне 40-45 минут- тан аспағаны дұрыс.

  • Монитордан көзді белгілі бір уақыт өткен сайын басқа жаққа аудырып отыру керек





Есептеуіш техникасының даму тарихы

Есептеуіш техниканың даму тарихы Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, есепшот- тың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлық- тар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есеп- теулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды.Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланы- лып келді.Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логари- фм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізу- ге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін лога- рифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электрон- ды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұра- тын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машина- сында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмо- метр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолда- ныста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қара- пайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдары- ның қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбе- гін анықтап басқарады. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам ал- дын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеу- лерді орындайтын құрылғылар жасау болды. Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағыл- шын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты өң- деп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифме- тикалық құрылғы, берілген программа бойынша есептеу барысын қада- ғалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды.Басқару программасы перфокарта деп атал- ған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Беббидждің машинасы 1860 жылдары ғана құрастырылып іске қосылған болатын.Осы машинаға қажетті программаны 1846жылы ағыл- шынның әйгілі ақыны Джордж Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Сондықтан Ада Лавлейсті алғашқы программалаушы десе де болады. ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуы- на байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың даму кезе- ңін белгілі бір кезеңдерге бөлу қалыптасқан. І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машина- ларды құрастыру үшін осындай электрондывакуумды шамдар қолда- нылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрасты- рылды. Дж. Моучли және П. Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылған бұл машина ENIAC («Electronic Numerical Integrator and Computer» — Электронды санды интегратор және компьютер) деп атал- ды. ENIAC секундына 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындай алатын. Бұл сол кезге дейін қолданылып келген Mark-1 секілді механи- калық және электронды-механикалық элементтермен жұмыс істейтін машиналардың жылдамдығымен салыстырғанда мыңдаған есе артық болатын. Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған «EDVAC машинасы туралы алдын – алабаяндамасында» электронды-машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа принциптерін ұсынды. Осы принциптер негізінде 1949 жылы EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) машинасы құрастырылды. EDVAC-тың ENIAC-тан айырмашылығы – онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және есептеуге қажетті мәлімет- тер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталатын. Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ – дер 1951 жылы — МЭСМ (Малая элек- тронная счетная машина) және 1952 жылдары — БЭСМ (Большая элек- тронная счетная машина) пайда болды. Бұл екі машинаны да КСРО-ның көрнекті ғалымы Сергей Алексеевич Лебедев құрастырды. БЭСМ серия- сының компьютерлері сол кездегі ең қуатты компьютерлердің қатарында болатын. Бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары он мың- даған электронды шамдардан тұратын. Сондықтан олар жүздеген кило- ватт электр энергиясын пайдаланып, жүздеген шаршы метр жер аумағын алып жатты. Салмағы бірнеше тоннаға дейін жететін. Ал олардың жыл- дамдығы секундына 20 мың операциядан аспайтын. Бұндай машиналар- ға программаларді енгізу үшін перфокарталар мен перфоленталар қол- данылды. Бұл компьютерлер тек инженерлік және ғылыми есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Бұл машиналарға қажетті программалар машиналық командалар тілінде жазылатын. Бұл өте қиын іс болғандық -тан программалауға таңдаулы мамандар ғана алынып оқытылатын. ІІ кезең (1955-1965 жылдар) Электронды шамдардан тұратын бірінші кезеңнің электронды-есептеуіш машиналары 50 – жылдардың соңына дейін қолданылып келді. 1959 жылдан бастап жартылай өткізгіш тран - зисторлардан тұратын ЭЕМ-дер дүниеге келді. Транзисторлар электрон - ды шамдармен салыстырғанда әлдеқайда сенімді болатын, олар электр энергиясын көп пайдаланбайтын және орынды көп алмайтын. Ал бұндай элементтерден жасалған компьютердердің жылдамдығы секундына 200 мың операцияға дейін артып, ішкі жадының көлемі де бірінші кезеңнің компьютерлерімен салыстырғанда жүздеген есе көбейді. Бұл компью- терлердің жадындағы барлық мәліметті сақтау үшін магниттік дискілер мен магниттік ленталар қолданыла бастады. Осы кезеңнен бастап Форт- ран, Алгол секілді алғашқы программалау тілдері пайда болып, програм- малау тілдері әлдеқайда түсінікті, қарапайым және қолайлы бола баста- ды. ІІІ кезең (1965-1980 жылдар) 1958 жылы америкалық мамандар өте күрделі технологияны қолдана отырып ауданы 1 см-ден аспайтын жіңіш- ке пластинаға ондаған, кейін жүздеген электронды схемаларды орналас- тыруды үйренді. Бұларды интегралды схемалар (ИС) деп атады. Интег- ралды схемалардың пайда болуы компьютерлік техниканың дамуына үлкен әсерін тигізді. Интегралды схемалар компьютерлердің жылдамды- ғын айтарлықтай арттырды (секундына 1 млн операциядан жоғары), опе- ративті жадының да көлемі жүздеген мың байтпен өлшенетін болды, компьютерде бір мезгілде бірнеше жұмыс атқару мүмкіндігі пайда бол- ды. Осы кезеңнен бастап ЭЕМ-дерді қолдану аясы да артты. Бұрынғы ЭЕМ-дер тек күрделі инженерлік есептеулер үшін және соғыстық мақ - сатта қолданылса, ендігі компьютерлер өндірістің барлық саласында: зауыттарда, білім беру мекемелерінде, денсаулық сақтау саласында т.б жерлерде қолданыла бастады. Паскаль, Си, Бейсик секілді жоғары дәре- желі программалау тілдері осы кезеңде пайда болды. Программалау ісі білім беру мекемелерінде кеңінен оқытыла бастады. Алғашқы мәлімет- тер базасы, жасанды интеллект жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері т.б. пайда болды. IV кезең (1980 жылдан бері қарай) Өткен ғасырдың 70-жылдары мини-ЭЕМ-дер жедел дами бастады. Бұл ком- пьютерлер үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі шағын және бағасы арзан болатын. 1971 жылы американдық Intel фирмасы өзінің микропроцес- сорды ойлап тапқанын мәлімдеді. Микропроцессор — бір пластинада миллиондаған электронды схемаларды өзара байланыстыратын үлкен интегралды схемалардан жасалды. Микропроцессор компьютерлердің жылдамдығын секундына бірнеше миллиард операцияға дейін арттыр- ды. Микропроцессорды енгізу-шығару, сыртқы есте сақтау құрылғы- ларымен байланыстырудың нәтижесінде компьютерлердің жаңа түрі – микро-ЭЕМ-дер дүниеге келді. Үлкен интегралды схемалармен немесе микропроцессормен жұмыс жасайтын қазіргі компьютерлер ЭЕМ-дердің IV кезеңіне жатады. Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі — дербес компьютерлер болып есептеледі.Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты.Қазіргі дербес компьютерлер дис- плей, жүйелік блок, пернетақта секілді көптеген құрылғылардын тұрады және алғашқы пайда болған дербес компьютерлерге мүлдем ұқсамайды десе де болады.Қазіргі дербес компьютерлердің жұмыс істеу жылдамды- ғы да осыдан отыз жыл бұрынғы компьютерлермен салыстырғанда мың- даған есе артты. Егер 1977 жылы пайда болған Apple-2 компьютеріндегі микропроцессордың тактілік жиілігі 1 МГц болса (1 МГц – секундына 1 миллион операция орындайды деген сөз) қазіргі компьютерлерде қолда- нылатын Pentium-4 микропроцессорларының тактілік жиілігі 3,4 ГГц-ке дейін жетеді. Қазіргі компьютерлердің программалық жабдықтамалары қолданушыларға программалау тілдерін білмей-ақ олармен (компьютер- лермен) жеңіл қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұны Windows, Macintosh OS секілді танымал операциялық жүйелердің пайда болуымен байланыстыруға болады. Қазір әлемде дербес компьютерлердің жылына миллиондаған данасы сатылады. V-кезең V кезеңнің ЭЕМ деп жақын болашақта пайда болатын компьютерлерді айтуға болады. Ғалымдар болашақтың компьютерлері бүгінгі компьютерлермен салыстырғанда әлдеқайда қуатты, қолданыста ыңғайлы және интеллектуалдық қабілеті өте жоғары болады деп болжамдайды. Бұл компьютерлерге барлық мәліметті қазіргідей пернетақтамен емес, дауыстап командалар беру арқылы енгізіп, олардың адам секілді машиналық «көру», «есту», «иіс сезу» қабілеті болады деп болжамдалуда.

Компьютердің негізгі құрылысы

Компьютер немесе ЭЕМ (электронды есептеуіш мешина) –ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған әмбебап техникалық құрал. «Әмбе- бап» сөзі компьютердің әр – түрлі ақпаратты өңдеу, сақтау және жеткізу сияқты көптеген мақсаттарды қолданылатындығын және адамның кез келген саладағы қызметінде пайданылатындығын білдіреді. Кітап пен журналдарды баспадан шығаруға дайындау кезінде, ғылыми және инжи- нерлік есептеулер жүргізілгенде, кино мен теледидарда арнайы әсер жа- сау үшін және басқа да көптеген жағдайларда компьютердің көмегіне

жүгінбеу мүмкін емес. Кейбір мамандықтар қызметі толығымен ком - пьютермен байланысты. Компьютердің осы принциптер бойынша жұмыс істеу мәні былыйша орындалады:



Ішкі жады

Процессор





Кеңарна (Магистраль)



Енгізу құрылғылары

Пернетақта, Тышқан, Джойстик, Трекбол, Сканер, Мирофон, Сандық камера, ТV-микрофон



Шығару құрылғылары



Монитор, Принтер, Плоттер, Акустикалық жүйе





Сыртқы жад құрылғылары

Дискілер, Дискжетектер, Картридждер, Стримерлер





Байланыс құрылғылары



Модемдер, Порттар, Кеңейтілім тақташалары Желілік кон- центраторлар Шиналар менкабельдер

Компьютердің ұйымдастыру схемесы

Процессор. Процессор (немесе микропроцессор) – бұл компьютердің негізгі бөлігі «миы».

Монитор. Компьютердің мониторы – бұл мәтіндік графикалық ақпа- ратты компьютер экранына шығаратын құрылғы.

Пернетақта. Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады.

Тышқан. Компьютерлерге ақпаратты енгізудің тағы бір құрылғысы болып табылатын «Тышқан».

Сканер. Сканер қағаздағы кескінді түсіріп, монитор экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Принтер.Принтер – ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
А?парат ж?не а?паратты? процесстер туралы т?сініктер.

Автор: Базарбаева Сулушаш Кулмурат?ызы

Дата: 20.04.2015

Номер свидетельства: 203485


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства