kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

12 ЖЫЛДЫ? БІЛІМ БЕРУ ЖА?ДАЙЫНДА БОЛАША? БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІ? ИНФОРМАТИКА П?НІ М??АЛІМДЕРІНІ? К?СІБИ ??ЗЫРЕТТІЛІГІН ?АЛЫПТАСТЫРУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі кезде ?лемде 12-жылды? мектепке есептелген жалпы орта білімні? белгілі бір халы?аралы?  стандарты  пайда  болды. Орта мектепте 12 жыл о?ыту А?Ш, Канада, Жапония,  Швеция, Францияда ?абылдан?ан, Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда 13 жыл, Голландияда 14 жыл о?ытады. Бізді? елімізде негізгі о?у п?ндерінен мазм?ны бойынша  ??сас ба?дарламалар 10-11 жылда о?ытылады, б?л о?ушылар?а ж?ктемені? артуын тудырады, оларды? о?уыны? сапасын т?мендетеді, денсаулы?тарына кері ?сер етеді. Со??ы 15 жылда негізгі мектеп о?ушыларыны? о?у ж?ктемесі бір жарым есе ?сті, мамандар мектеп о?ушыларыны? 10 пайызыны? ?ана дені сау екенін мойындайды.

Отанды? мектепті реформалауды? міндеті 1-2 ?осымша о?у жылын ?осу емес. ХХІ ?асыр мектебі о?ушылардан тез ?згеретін ?мір жа?дайына бейімделетін, жеке ж?не отбасы ?мірінде, болаша? к?сіби ?рекетінде ?зін шы?армашылы? т?р?ыдан дамыту?а м?мкіндік жасайтын радикальды ?згерістерді талап етеді. Мектеп біліміні? ма?саттарын ?згертуді? негізгі тенденциялары о?ушы т?л?асын оны? ?з ішкі потенциалы ж?не адамзатты? ?здік м?дени-тарихи ж?не технологиялы? жетістіктерімен с?йкестендіре отырып дамыту м?селелерін ал?аш?ы кезекке ?ою болып табылады.

12 жылды? білім беру жа?дайында?ы білім сапасы – білім н?тижесіні? мемлекет, ?о?ам мен т?л?аны? с?ранысына сай келуіне  ты?ыз байланысты. Елді? ?леуметтік-экономикалы? дамуы жа?дайында жергілікті ?о?амны? с?ранысы, о?ушы с?ранысы мен мемлекетті? ?згермелі тапсырысын талдау ар?ылы білімні? жа?а жоспарлан?ан н?тижелерін аны?тау?а м?мкіндік береді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«12 ЖЫЛДЫ? БІЛІМ БЕРУ ЖА?ДАЙЫНДА БОЛАША? БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІ? ИНФОРМАТИКА П?НІ М??АЛІМДЕРІНІ? К?СІБИ ??ЗЫРЕТТІЛІГІН ?АЛЫПТАСТЫРУ »

ӘЖК



12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА болашақ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ИНФОРМАТИКА пәні МҰҒАЛІМДЕРІНің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру



Бекенова Анаргүл Сағындыққызы

т.ғ.м., БҚМУ аға оқытушысы


Бекенова Сандуғаш Сағындыққызы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің информатика пәні оқытушысы


Қазіргі кезде әлемде 12-жылдық мектепке есептелген жалпы орта білімнің белгілі бір халықаралық стандарты пайда болды. Орта мектепте 12 жыл оқыту АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда қабылданған, Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда 13 жыл, Голландияда 14 жыл оқытады. Біздің елімізде негізгі оқу пәндерінен мазмұны бойынша ұқсас бағдарламалар 10-11 жылда оқытылады, бұл оқушыларға жүктеменің артуын тудырады, олардың оқуының сапасын төмендетеді, денсаулықтарына кері әсер етеді. Соңғы 15 жылда негізгі мектеп оқушыларының оқу жүктемесі бір жарым есе өсті, мамандар мектеп оқушыларының 10 пайызының ғана дені сау екенін мойындайды.

Отандық мектепті реформалаудың міндеті 1-2 қосымша оқу жылын қосу емес. ХХІ ғасыр мектебі оқушылардан тез өзгеретін өмір жағдайына бейімделетін, жеке және отбасы өмірінде, болашақ кәсіби әрекетінде өзін шығармашылық тұрғыдан дамытуға мүмкіндік жасайтын радикальды өзгерістерді талап етеді. Мектеп білімінің мақсаттарын өзгертудің негізгі тенденциялары оқушы тұлғасын оның өз ішкі потенциалы және адамзаттың үздік мәдени-тарихи және технологиялық жетістіктерімен сәйкестендіре отырып дамыту мәселелерін алғашқы кезекке қою болып табылады.

12 жылдық білім беру жағдайындағы білім сапасы – білім нәтижесінің мемлекет, қоғам мен тұлғаның сұранысына сай келуіне тығыз байланысты. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында жергілікті қоғамның сұранысы, оқушы сұранысы мен мемлекеттің өзгермелі тапсырысын талдау арқылы білімнің жаңа жоспарланған нәтижелерін анықтауға мүмкіндік береді.

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Бастауыш мектеп жасы – баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері – олардың айналадағы өміріне: адамдарға, оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.

Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл бөлуі керек.

Бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

Осыны ескере отырып, 12 жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп, ерекше көрсетілді. Мұндағы мақсат – психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл - оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайы мен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

12 жылдық білім берудің өзіндік бір ерекшелігі - ерте жастан информатика пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі. Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан-жақты болуына шынайы әлем жағдайында тәрбиеленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар осы өзгерістерді іске асыру жолында жалпы педагогтар қауымының психологиялық – педагогикалық жаңаруы көзделеді.

Қазір еліміздегі жалпы білім беретін көптеген мектептерінің бастауыш сыныптарында информатика пәнін оқыту сынақ-тәжірибеден өтуде. Эксперимент сыныптарда дәріс берген экспериментатор-педагогтар 12 жылдық білім берудегі бастауыш саты жүйесін толық меңгеріп, осы жүйенің оқушыға тиімді және тиімсіз жақтарын саралай отырып, өз ұсыныстары мен пікірлерін енгізді. 12 жылдық эксперимент сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде. Білім мазмұнын жаңартудағы бұл үрдіс барша педагог қауымға, сондай-ақ ата-анаға да үлкен жауапкершілік жүктейді.

Информатика пәні биылғы оқу жылында 5-сыныптан бастап оқытыла бастады. Бұл болашақта оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімділігін әлі де практика жүзінде дәлелдей түсері анық. Себебі кез келген мектеп жасына дейінгі баланың танып - білуге, оқуға қатысты қызығушылығының өте жоғары болатыны белгілі. Ал психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен. Сондықтан балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық технологиялардың негізіне, ақпараттық сауаттылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:

  • ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;

  • интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық - жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;

  • оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.

Қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:

  • Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;

  • Ойды логикалық түрде дамыту;

  • Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;

  • Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Жоғары сыныпта информатиканы оқыту жеке бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл жеке пән ретінде ғана емес, басқа негізгі пәндерді қолдаушы пән ретінде жүргені тиімді. Өйткені, компьютерді үйрену кезіндегі мәтін теру, қате түзету, сурет салу, есептің немесе әрекеттің алгоритмін құру сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі бейнелеу және математика пәндерімен сабақтастырылады.

12 жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі құндылықтарымен, сенімдерімен өз оқушыларының шығармашылық потенциалын дамытудағы инновациялық қызмет қабілеттілігін өздігінен жетілдіруге білікті маманды талап етеді.

Осындай білікті мамандарды дайындауда Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж оқытушылары да өз үлестерін қосуда. Қазіргі кезде еңбек нарығындағы адамның бәсекеге қабілеттілігі оның жаңа технологияларды меңгеруімен, өзгермелі еңбек нарығына бейімделуімен анықталады.

Болашақ маманды жеке тұлға, құзыретті маман ретінде қалыптастыруда өзін-өзі басқару, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктердің маңызы зор. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда, білім берудің жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуде педагогикалық технологияларға сүйену керек.

Болашақ бастауыш мектептің информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі – бұл түлектің әрекеттегі сапалық жеке қабілеттері. Ол түлектің келесі мүмкіндіктері мен біліктіліктерін қамтиды: жоғары кәсіби деңгейде өз бетімен ақпаратты іздеу, жинау, талдау, көрсету, тасымалдау, объектілер мен үрдістерді, соның ішінде өз жеке әрекеттерін және ұжымның жұмысын модельдеу және жобалау.

Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда келесі жағдайлар жасалуы тиіс:

  • оқытушылардың ақпараттық құзыреттілігін көтеру, кадрлар құрамын жаңарту;

  • оқу орнын ақпараттық коммуникациялық технология құралдарымен сапалы түрде техникалық қамтамасыз ету;

  • басқаруға жаңа ақпараттық технологиялар мен жүйелерді енгізу;

  • оқу үрдісінде жаңа программалық жабдықтарды пайдалану;

  • ғылыми және оқу ақпараттарын алу көздерін барынша кеңейту.

Осы мақсатта келесі әдістерді қолдану шарт:

  • өз мамандығы бойынша жоғары деңгейде теориялық және практикалық білім алу;

  • ақпараттық коммуникациялық технологияны теориялық және практикалық меңгеру;

  • түрлі бағыттағы программалық жабдықтарды меңгеру;

  • оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың тиімділігін игерту, оны өз тәжірибесінде қолдану;

  • ақпараттық коммуникациялық технологияның жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту әдіснамасын өзгерту, ақпараттық коммуникациялық технологияны сабақтарда, ғылыми-зерттеулерде, оқушылардың өзіндік жұмыстарында қолдану;

  • оқу және зерттеу әрекеттерінде локальді және әлемдік ақпараттық желілердің телекоммуникациялары мен ресурстарын құру және пайдалану;

  • коммуникативті әрекетті теориялық және практикалық игеру;

  • тереңдетілген тілдік дайындық;

  • ұжымдық әрекеттерді модельдеуде ақпараттық коммуникациялық технологияны, жаңа құралдарды пайдалану, т.с.с.

Информатика ғылымының негізгі объектісі – ақпарат болғандықтан болашақ бастауыш мектептің информатика пәні мұғалімдерінің бойында ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы ерекше. Әмбебап ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың ақпараттық құзыреттілігінің жобалық, коммуникативтік, ұйымдастыру компоненттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялардың программалық құралдарын ақпараттық модельді өңдеу құралы ретінде қарау қажет. Мәтіндік, кестелік процессорлар, электрондық презентациялар, графикалық редакторлар, мәліметтер қорын басқару жүйелерін пайдалана білу студенттердің ақпараттық құзыреттілігін арттыра түседі.

«Оқытушы - оқушы» өзара іс-әрекетінің моделін қарастырсақ, оқытушы кеңес береді, ынталандырады, бақылайды, ал оқушы таңдайды, адамдармен қарым-қатынас жүйесін жасақтайды, бағалайды.

Болашақ мамандардың өмір бойы оқуға, ізденуге дағдылануы, жаңа материалдар, техника мен технологияларды іздеуі, өз білімін жетілдіруі, қосымша білім алуы үшін ақпараттық құзыреттілігі болуы тиіс. Ақпараттық орта жасақтау арқылы оқушының ақпараттар ағынымен тиімді жұмыстануына қол жеткіземіз. Ақпараттық орта жасақтау үшін компьютерлік сауаттылық, материалдық-техникалық база (Интернет желісіне қосылған компьютер класы, видеопроектор, интерактивті тақта т.б.), программалық жабдықтау (бақылау және тесттік программалар; жаттықтырғыш программалар; информациялық-анықтамалық жүйе-мәліметтер қоры; модельдеуші программалар; электрондық оқулықтар; мультимедиалық программалар), оқу-әдістемелік қамту (программалық және аппараттық жабдықтармен жұмыс жасау әдістемесі) болуы тиіс.

Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруда келесі бағыттардың қажеттілігі аса басым:

  • Компьютерді білімді бақылау құралы ретінде пайдалану;

  • жаңа материалды түсіндіруде иллюстративті құрал ретінде мультимедиа-технологиялар;

  • компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы лабораториялық практикум;

  • өз бетімен білім жетілдіруде дербес компьютерді қолдану.

Оқытушы жұмысында білімді бақылау үшін тақырыптық тесттер қолданылады. Жаңа ақпараттық технологиялар оқу материалын иллюстрациялау кезінде пайдаланылады. (мысалы, анимацияланған слайд-фильмдер). Бұл қажет жағдайда меңгерілетін процесті динамикалық түрде (дыбыстық және видеофрагменттерді) демонстрациялауға мүмкіндік береді.

Соңғы кезде зерттеушілер, оқытушылар дербес компьютерге әртүрлі процестерді модельдеу құралы ретінде назар аудара бастады. Компьютер көмегімен физикалық құбылыстарды, химиялық реакцияларды, өндірістік немесе экономикалық процестерді басқаруды т.б. модельдеуге болады. Әрине, егер шын мәнінде нақты тәжірибе жасау мүмкіндігі бар болса, компьютерлік модельдеуді қолданып керегі жоқ. Ал, модельдеуде мультимедиа-технологиялардың маңызы зор.

Жаңа компьютерлік мультимедиа оқулықтары тек жеке педагогикалық мәселелерді шешетін құрал қызметін ғана атқармайды, сонымен бірге дидактика мен әдістеменің дамуына ықпал етеді, сол арқылы оқытудың жаңа прогрессивті формаларын құруға мүмкіндік жасайды.

Жаңа уақыт жаңа шарттар және жаңа мәселелер қояды. Олардың ішінде әлдеқайда маңыздысы педагогтар мен оқушылар үшін білім ресурстарымен қамтамасыз ету және оқу материалын өз бетімен өңдеуге тиімді жағдайлар туғызу болып табылады. Осыған сәйкес Интернет-технологиялардың маңызы зор. Бұл технологияны қолдану өз бетімен білім алу тиімділігін әлдеқайда арттырады. Оқушы Интернет және электронды почта арқылы тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар алатын жағдайда қашықтан оқыту маңыздылығы артуда. Бұл бірінші кезекте, цифрлық (электронды) түрде жазылған ақпаратпен жұмыс істеуде қажетті мәліметті автоматты түрде табу мүмкіндігінің болуына байланысты. Электронды түрге көптеген әлемге белгілі энциклопедиялар мен сөздіктер аударылған, көптеген электронды оқулықтар мен кітаптар бар. Оқушы Интернет және электронды почта арқылы тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар алатын жағдайда қашықтан оқыту маңыздылығы артуда.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) оқу-тәрбие процесіне ендіруде келесі жұмыстарды жүргізуге болады:

  • оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері мен алғышарттарын зерттеу;

  • электрондық-әдістемелік жүйе, электрондық оқулықтар, оқыту бағдарламаларын жасақтау, сынақтан өткізу және оқу-тәрбие процесіне енгізу;

  • электрондық, аудио- және видеоматериалдардың банкін (қорын) толықтыру.

Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың қабілеттеріне қарай жұмыстандырған жөн. АКТ пайдалану арқылы дәстүрлі кластық-сабақтық жүйеден басқа жобалау жұмыстарын да ұйымдастыруға болады.

АКТ пайдаланып мынадай жұмыс орындарын ұйымдастыруға болады:

  • Мультимедиялық презентация өткізуге жұмыс орнын жасақтау;
  • Интернеттен ақпарат алуға арналған жұмыс орны;
  • Мәтінмен жұмыс жасауға арналған жұмыс орны;
  • Компьютерде шығармашылық жұмыстар орындауға арналған жұмыс орны.

Шығармашылық шеберханалар ұйымдастыруға болады:

  • Зерттеу жүргізуге арналған жұмыс орны;
  • Аудиоақпарат енгізуге арналған жұмыс орны;
  • Видеоақпарат енгізуге арналған жұмыс орны;
  • Бейнелеу өнеріне арналған жұмыс орны;
  • Музыкалық өнерге арналған жұмыс орны;
  • Мультипликация студиясы.

Пәндер бойынша теориялық білім негізінде коммуникациялық және проблеманы шешу қабілеттерін жетілдіру болашақ маманның кәсіби деңгейін көтеріп, білім беруге бағытталған жаңа жол – кәсіби құзыреттілікке жеткізері сөзсіз.

12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруде талап ететін мәселе. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде оқу-тәрбие үрдісін жоғары сапалы деңгейге көтеру, Ел патриотын, азаматты тәрбиелеу, өскелең ұрпақпен жұмыс істеуде оқыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибелерін табандылықпен меңгеріп, ғылым жаңалықтарын мұқият қадағалау, өмір ағымы, заман талабына сай келу - негізгі міндетіміз. Еліміздің болашағы - жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізе білейік!


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының жобасы

  2. «12 жылдық білім» журналдары

  3. «Бастауыш мектеп» журналдары

  4. 1-4 сынып информатика байқау оқулықтары

  5. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі», Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.

  6. «Метология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации образования» (доктроская диссертация), Курманалина Ш.Х., г.Алматы, 2002 год.

  7. «Новые педагогические и информационные технологии в системе образования», Е.С. Полат – М.: Аcademia, 2000, 171 б.

  8. «Система внедрения информационных технологии в организацию обучения школьным предметам в школе-гимназии», С.М. Иванова, Материалы 4-го международного форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ», 2006.

  9. «Подготовка учителей начальных классов к преподаванию информатики младшим школьникам», О.В.Синявина, Информатика и образование, 2006, №7, 122 б.

  10. «Информатика бастауыш мектепте» ОӘК, С.С.Бекенова, Орал, 2010

Тіркеу түрі:


Аты-жөні (толығымен): Бекенова Анаргүл Сағындыққызы

Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы: т.ғ.м., БҚМУ аға оқытушысы

Мекеме атауы, бөлімшесі: БҚМУ, физика және математика факультеті

Мекен-жайы, телефон, e-mail: Орал қаласы, Гринько көшесі, 25

Мақала атауы: 12 жылдық білім беру жағдайында болашақ бастауыш мектептің информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

Секция: Бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың қазіргі жағдайы және перспективалары

Техникалық құралдардың қажеттілігі: мультимедиалық проектор, интерактивті тақта, компьютер



Аты-жөні (толығымен): Бекенова Сандуғаш Сағындыққызы

Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы: Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің информатика пәні оқытушысы

Мекеме атауы, бөлімшесі: Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Мекен-жайы, телефон, e-mail: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 40, 31-пәтер

Мақала атауы: 12 жылдық білім беру жағдайында болашақ бастауыш мектептің информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

Секция: Бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың қазіргі жағдайы және перспективалары

Техникалық құралдардың қажеттілігі: мультимедиалық проектор, интерактивті тақта, компьютер




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Бекенова Сандугаш Сагиндиковна

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 156760


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства