4. Дискет,CD-ROM,таймер, винчестер, магниттік таспа.
5. Сканер,таймер, пернетақта, джойстик, тінтуір.
6.Торкөз, қызыл, жасыл, көк.
7. Бос орын,компьютер,Esc, Enter, BackSpace.
8. «Файл», «Формат»,«Бояу»,«Сервис», «Справка».
9.0,5; 1, 1234; 867598; 0; 111.
10.Вирус, синус, косинус, тангенс.
11.Сантиметр, килобайт, бит, мегабайт.
12. Нүкте,Shift, үтір, қоснүкте.
Графикалық диктант.
Егер тұжырым дұрыс болса, оқушылар__белгісін қояды.
Егер дұрыс болмаса∩белгісін қояды.
1. Санау жүйесі дегеніміз – сандардың аталуы мен жазылу тәсілі.
2. Компьютерде сақталатын ақпарат үштік санау жүйесінде беріледі.
3. Екілік жүйеде 11+1 =12
4. Бірнеше позициялық санау жүйесі бар және олар бір-бірінен алфавитпен ерекшеленеді.
5. 16-лық санау жүйесінде F 15 санын бейнелеуде қолданылады.
6. Римдік санды жазу тәсілі – позициялық санау жүйесі.
7. Екілік санау жүйесінде: бір бір + бір = бір нөл нөл.
Жауабы: __∩∩__ __∩__
«Кім жылдам» ?
Мына сөздерден мағынасы бар сөздер құра.
1. Ақпараттандыру
2. Хабарландыру
3. Пернетақта
22.01.10
Word –тың графикалық мүмкіндіктері
Білімділік:Оқушыларды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кәсіпке бейімдеу, меңгерген материалдарын қолдануға дағдыландыру.
Дамытушылық:Оқушының іскерлігі мен бейімін, шығармашылығын, ізденісін қалыптастыру, ЕТ кабинетінде қауіпсіздік сақтау ережелерін естен шығармауға дағдыландыру.
Тәрбиелік:Оқушының пәнге деген қызығушылығын, отан сүйгіштігін ояту, еңбекқорлыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Word– та сызықтарды, тұйықаймақтарды (толтырылған немесе іші бос), ішіне текст орналасқан төртбұрыштарды салуға болады.
Сурет салатын элементтермен тек редактордың парақ беттерін белгілеу режимінде ғана жұмыс істеуге болады. Word программасы сурет салу тәртібін енгізісімен осы режимге автоматты түрде ауысады .
Түзу сызық салу–Word графиктік редакторының ең қарапайым мүмкіндігі. Ол үшін экранның төменгі жағындағы Сурет салу саймандар панеліндегі түзу сызық бейнесі тұрған батырманы сырт еткізсе жеткілікті.
Сызық салып алған соң, оның төңірегіндегі тышқанды екі рет шертсеңіз, экранға «Салынған обьект» деген сұхбат терезесі шығады. Енді сызық параметрлерін, яғни оның сызылу стилін (тұтас немесе пунктирлі), түсін, қалыңдығын таңдап алуға болады.
Дөңгелектер менэллипстердіде төмендегі саймандар панелінің көмегімен салуға болады. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы сырт еткізіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы әрекеттерді орындау кезінде эллипс центрі де жылжытылып отырады. Оны бір нүктеге бекітіп алу үшін салу батырмасында Ctrl пернесін басып ұстап тұрса болғаны.
Төртбұрыштытұрғызу үшіналдымен оның бейнесі тұрған батырманы сырт еткізіп, содан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып тіктөртбұрышты толық етіп салу керек.Ctrlпернесінің көмегімен төртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал квадрат салу үшін, оны салу барысындаShiftпернесін басулы күйде үстап тұру қажет.
Доға.Бұл батырманың көмегімен шеңберлер ман эллипстер доғаларын сала аламыз. Оны салу барысындаShiftпернесін жібермей ұстап тұрсақ, 450-ті шеңбер секторын тұрғызуға болады. Сондай-ақ Ctrl пернесін басып, шеңбер немесе эллипс центрін бір орынға бекітіп те алу мүмкіндігі бар.
Кез келген көпбұрыш оның бейнесі салынған батырма көмегімен салынады. Курсорды көпбұрыштың бір төбесіне оррналастырып алып, сол жақ батырманы жібермей ұстап тұру арқылы көпбұрыштың бір қабырғасын саламыз. Көпбұрыштың келесі төбесін анықтау үшін тышқанды сырт еткізіп, одан ары келесі қабырғаны салуға болады. Shift пернесі көпбұрыш қабырғасының горизонтпен жасайтын бұрышын тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Соңғы қабырғаны өшіріп қайта сызу үшін backspace пернесін қолдануға болады. Соңғы төбені алғашқы төбемен дәл түсіру үшін Esc пернесін басу керек, сонда олар автоматты түрде бір нүктеге түседі.
Кез келген бір суретті салып алған соң, тағы да мынадай мүмкіндіктерді қолдануға болады.
Сурет салу панеліндегі сызықтың түсі батырмасы көмегімен контурлық сызықтың тұтастығы мен түсін өзгерту;
Тұйық сызықпен қоршалған фигураның ішкі аумағын бояу үшін Толтыру түсі (Цвет заполнения) батырмасын пайдалануға;
Ұсынылған нұсқалар (шаблондар) арқылы тұйық аймақты белгілі бір өрнекпен толтыру мүмкіндігі де бар.