Просмотр содержимого документа
«?лгерімі т?мен о?ушылармен ж?мыс »
Қарасу орта мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі:
Құстаубаева Бақыт Ерболатқызы
"Егер бала бұзақы болса, онда оған
бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі"
А.С.Макаренко.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Мақсаты:
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.
Міндеттері:
1. Әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.
2. Мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып,жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату.
3. Үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық–педагогикалық көмек көрсету.
Негізгі принцип:
Нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым – қатынас орнату.
Болжамдап отырған нәтиже:
Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға
Психологгар мен педагогтардың зерттеулері бойынша баланың оқуына үш фактор себепші болады екен.
Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.
Екіншіден, балалардың мінез- құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы.
Нашар үлгермеушілермен жұмыстағы және тұлғалық әдіс.
Бақылау картасы. Жұмысқа жаппай сұрауды қосу. Топтарда жұмыс істеу, дайындық кеңестері, білімді түзету сабақтары, тірек конспектілері, пәндер бойынша жаднамалар, карточкалар
1. Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру.
2. Оқу мативтерін, қызығуын қалыптастыру.
Үй тапсырмасын орындамағанда,сабақтан қалғанда, т.б. Жұмыс үздіксіз жүреді.
1. жеке және топтық кеңестер.
2. Үй тапсырмасын орындауға көмектесу.
3. Үйірмелерге қатысу.
1. Жеке тұлғалық әдіс.
2. Мәдениетті орта туғызу.
Ата –аналарға педагогикалық көмек көрсету. Үлгермеушіліктің себептерін анықтау
1.Үйірмелерге, жорықтарға, өзін –өзі басқаруға тарту.
2.Сынып сағаттарын өткізу.
Оқушылардың түрін және үлгермеу себептерін анықтау.
Ата –аналарға талаптарды түсіндіру. Ата – аналарды педагогикалық сауаттандыру. Түзету жұмыстары. Жеке жұмыстар.
1.Бұл пән оқушыға қиындық туғызады.
2.Пән қызықтырмайды.
3.Мұғалім пәнге қызықтыра алмайды.
4.Оқулықтағы мағлұматты түсінбейді.
5.Үй тапсырмасын үнемі орындамайды.
6.Есепті шығара алмайды.
7.Оқулықпен жұмыс істеуді білмейді.
8.Сабаққа зейін қоя алмайды.
9.Үйде қадағаланбайды.
10.Сабақтан көп қалады.
Үлгерімі төмен балаларды болдырмау үшін әсіресе бастауыш
сыныптарда ата – анамен және ұстазбен шәкірт арасында
тартыс тумауы қажет."Егер бала бұзақы болса, онда оған
бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі"
деген А.С.Макаренко.
Олай болса мұғалім,
біріншіден,терең білімді, жауапкершілікті жете түсінетін,
сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы,
тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар
сабаққа зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді.
Екіншіден,оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен
шәлкем-шалыстығының себебін анықтап көз жеткізіп
алып барып, шара мен жазаны соған лайықтап қолдану керек.