Просмотр содержимого документа
«М?тінні? ?зіндісін ерекшелеу »
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Жұмыстарды өз бетімен жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Практикалық сабақ Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер,оқулық,жұмыс дәптері Сабақтың өту барысы: 1.Оқушыларды ұйымдастыру 2.Өткен материалды қайталау 3.Жаңа тақырыпты түсіндіру 4.Тапсырмаларды орындау 5.Сергіту сәті 6.Мақал-мәтелдер 7.Жұмбақтарды шешу 5.Сабақты бекіту 6.Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Мәтіндік редактор дегеніміз не?
Мәтіндік редактордың көмегімен кез келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады.
. Бас әріпті қалай енгіземіз?
Shift пернесін басып тұрып енгіземіз.
Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
Бос орын қай кезде қойылады?
Enter пернесін қай кезде басуымыз керек?
Enter пернесін абзацтың соңында басады.
Мәтін элементтерін атаңдар?.
Мәтіннің негізгі элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.
Дефис қалай қойылады?
Дефис бос орынсыз қойылады
Ұзын сызықша (тире) қай кезде қойылады?
Ұзын сызықша алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады.
Мәтінді қалай сақтаймыз?
Мәтіндік құжатты сақтау үшін Файл---- Сохранить как командасын орындаймыз?
мәтіннің астын сызады .
- қаріптерді жуандатады
қаріптерді қисайтады (мұндай қаріп курсив деп аталады);
Тұтас жолды ерекшелеу. Тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын бір рет шерту арқылы орындалады.
2.Тұтас абзацты ерекшелеу. Тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын екі рет шерту арқылы орындалады
3.Тұтас мәтінді ерекшелеу. Тышқанның сол жақ батырмасымен жолдың басын үш рет шерту арқылы орындалады.
мәтін қаріптерінің түрлі-түсті түстерге бояу белгісі
мәтінді сол жақ шегініс бойынша түзеу белгісі
мәтінді парақтың ортасы бойынша түзеу белгісі
мәтінді оң жақ шегініс бойынша түзеу белгісі
маркеленген тізім белгісі
Абзацтардағы шегіністер:
Мәтін қызыл жолдан басталады:
Табуляцияға мысал:
2.Компьютерде практикалық жұмыс орындау.
тапсырма
1.Өлеңді теріңдер
2.Өлеңнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар,әріптің мөлшерін 13-ке өзгертіңдер?
Өлең керек
Сая болып жаныңа емен,терек
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа,өлең керек!
Арғы атасы ақынның жырдан туған,
Жыр жолында жанында қылған құрбан.
Жырлар тұнған хандардың сарайында
Жыр айтылған бесікте құлдар тұрған.
( М.Мақатаев)
2.тапсырма
Мәтінді теріңдер және безендіріңдер. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.
Мәтінді теріңдер және безендіріңдер. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.
Мәтінді теріңдер және безендіріңдер. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.
Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.
Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.
Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.
Адамдар заман талабына сай ақпаратты сақтаудың жаңа тәсілдерін ойлап тапты:магниттік таспалар,лазерлік дискілер.Олар тек мәтіндерді ғана емес,жанды дауысты,музыка мен жылжитын кескіндерді де сақтауға мүмкіндік береді.
Ақпарат сақталатын құрылғылар ақпарат тасығыштар деп аталады
3-Тапсырма
1.Табуляция амалын орындау арқылы жаз:
Ит – тойған жеріне, Ерді намыс өлтіреді,
Ер туған жеріне. Қоянды қамыс өлтіреді.
3-тапсырма
Осы құжатты өзіңнің атынды жазып сақта.
Сергіту Сәті
1-топ: «Internet» 1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
2. Байт биттен құралады
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада
2 - топқа: «Windows XP» 1. Білмесең, «анықтама»- дан сұра
2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы
3. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды
4. Компьютер тіршілік көзі
5. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады
Жұмбақтар
1 . Білмейсің өлі, тірісін, Қолыңа алсаң әпсәтте, Бітер жылдам бар ісің.
( тышқан)
2. Бар нәрсеге жетік Миы күшті тетік Ол арқылы сөйлесіп Кетесің шетелге де өтіп
(компьютер)
Әдетте үнсіз тұрамын Белгі берсең ұғамын Жазуы бар қағаздың Құралы боп шығамын
(принтер )
4. Компьютердің айнасы Бағдарыңды таңдашы Сурет, сөзін көрсетіп Тиер саған пайдасы