Просмотр содержимого документа
«Компьютерді? пайдасы мен зияны ?ылыми жоба»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
«Қаратоғай орта» КММ
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Бағыты: Жаратылыстану-математика
Секциясы: Информатика
Тақырыбы:
Компьютердің пайдасы мен зияны.
Орындаған: Мұқанова Ділназ 6-сынып оқушысы
Жетекшісі: Информатика пәнінің мұғалімі
Қалалбекова Аида
2016 – 2017 оқу жылы
Жоспар.
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Компьютер және оқушы.
Компьютердің пайдасы
Компьютердің зияны.
Компьютерде дұрыс отыру кеңесі.
Қорытынды.
Ұсыныс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Аңдау хат
Зерттеу мақсаты: Компьютер оқушы өміріне қаншалықты керекті құрал
болсада, соншалықты зиян екендігін ашып айту.
Зерттеу болжамы: Компьютердің пайдасы мен зиянын салыстыру
Зерттеу кезеңдері:
Тақырыпты таңдау;
Ғылыми жоба жетекшісінен кеңес алу арқылы таңдалған тақырыпты талдау;
Ғылыми жетекші ұсынған және автордың өз тарпынан таңдалған әдебиеттерді талдау;
Эксперимент жасау;
Ғылыми жобаны қорғау.
Зерттеу әдісі: мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу арқылы,
оқушылардың компьютерге қаншалықты тәуелді екендігін
талдау және зерделеу, іс-тәжірибеде қолдану.
Зерттеу жаңалығы: Жылдан жылға Қазақстан жалпыға танымал ірі
аймақтық елге айналып келеді. Болашақта, бәсекеге
қабілетті білімді , дені сау құрдастарым,аға әпкелерім,
іні-қарындастарым өсуіне үлес қосу.
Кіріспе
Менің ғылыми жобамның негізгі мақсаты – Компьютер оқушы өміріне қаншалықты керекті құрал болсада, соншалықты зиян екендігін ашып айту. Менің ғылыми жобам негізгі үш бөлімнен тұрады.
Кіріспе.Ол бір тараудан тұрады: «Компьютердің шығу тарихы» жайында. Екінші бөлімінде компьютердің пайдасы мен зияны жөнінде, ал үшінші бөлімінде оқушыларға кеңес.
Негізгі бөлім.
Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефон, ноутбук немесе планшет, үйде компьютер бары белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.
Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін нәрселерді есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.
Көптің пікіріне сүйенсек, осы аталған құралдар неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы компьютермен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы компьютермен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны күндіз-түні пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.
Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары – бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефоны, планшет арқылы агентте отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе, біздің болашағымыз сол бір заттарға тәуелі болып бара жатқандай. Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан қалса компьютерді, телефонды, ноутбукты немесе планшетті несиеге әпереді. Сонда бұл кімге пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол баланың мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден, менмендікке әкеледі.
Енді біз осы тақырыпты талдап көрейік. Бұл кейбір балаларға жаңалық болып көрінбеуі мүмкін, бірақ мұнда көптеген тың идеялар бар. Мен төменде келтірілетін тақырыптарды бұрындары жазылған газеттерде, интернет жүйесінен жинақтадым, сондай-ақ өзіміз қосқан үлесімізде жоқ емес.
Әрине белгілі болғандай қазіргі замандық ғылыми-техникалық революция микрокомпьютерлер мен дербес компьютердің пайда болуынан басталды. Олар барлық жерде қолданылады.Ғалымдар лабораториясында, мекемелерде, оқу орындарында, дүкендерде, әрбір үйде және т.б. Дербес компьютер адамзатқа телевизор және теледидар сияқты өте қажет.
Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керекті мәліметті алуға, қиын чертежді немесе есеп-қисапты жасауға болады.
Дербес компьютерлерді бірнеше миллион адамдардың еңбектерін жеңілдетті, шығармашылық емес жұмыстардан босатты. Олар адамға жұмыста да, үйде де компьютерлердің жарыққа шығуы, кітаптардың жарыққа шығуы сияқты үлкен мәнге ие болды.
Компьютер , әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. Ата-анасының сөзіне құлақ аспай, балалармен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын балалар қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шетелдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті. Баланың дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады. Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге оқитын балалар дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, адамдармен қарым-қатынас жасаудан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен елдерде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.
Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, керекті мәліметтермен қамтамасыз еткен компьютер біздің ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күн ұзағы жұмыстан шаршап келген ата-ана баласына мән бермей, бала ата-анаға қарауға шамасы келмейді. Осылайша, ата-анамен баланың ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге көшкен түрі бар.1-сурет
2-сурет. Ежелгі ғалымдарының жазбаларында болашақта әрбір үйді өзінің еркіне бағындыратын жалғыз көзді құбыжықтың пайда болатындығы туралы мәтін бар. Ол жалғыз көзді құбыжықтың теледидар немесе компьютер екендігін қазір бәріміз көріп, біліп отырмыз. Компьютерді дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін компьютер керек емес-ау дейсің. Ендігі бір мәселе – компьютерге тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, сол көк жәжікті қызықтайтындар да кездеседі. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютер ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Адамның бойындағы адами ізгі қасиеттерінен айырып, бір-бірінен алшақтатып бара жатқан жалғыз көзді құбыжықтың залалы қазір көріп, естіп жүргендерімізбен бітпесе керек. Яғни, ол біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырататын сияқты.
Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.
Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.
Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.
Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды. Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.
Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.
Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.
Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.
Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыпса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар компьютермен дос болып, өзіне серік іздейді.
Қорытынды: Компьютерге көп отырған баланың.
Айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу);
Өз міндеттерін ұмытып, көп уақытын компьютермен өткізеді;
Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:
Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;
Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;
Компьютерде көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;
Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін.
Мен өз жұмысыма қосымша дерек ретінде мектеп оқушыларының быразына сауалнама жургізген болатынмын. Сауалнама (3 - сурет) мынадай үлгідегі сұрақтармен берілді.
Сіз бос уақытыңызда немен айналысасыз?
__________________________________
Үй жұмысын орындаған кезде компьютерді қолданасызба?
Сондықтан да, компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын. Компьютерде жұмыс істеу үшiн 14 кеңес.
1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз.
2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз.
3. Монитор мен сiздiң көздерiңiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек.
4. Жоғарғы бөлiгi сiздiң көзiңiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiрiңiз.
5. Сiзге терезе немесе жарық сәулелері кедергі жасамайтындай етiп монитор күйiн келтiрiңiз.
6. Егер бұл жарықтың дұрыс түсуіне мүмкiндiк бермесе, мониторды 10-20 градусқа артқа қисайтыңыз.
7. Биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.
8. 10 градусқа пернетақтаны артқа қисайтыңыз. Сонда сiздiң қолдарыңыз жинақы болады.
9. Реттелетiн кресло немесе орындықты қолданыңыз.
10. Өз көздерiңе демалыс беру үшін,түкпiрдегі объектілерге көзқарасты мезгіл-мезгіл шоғырландыра берiңiз.
11. Әлсiн-әлсiн креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық етiн асықпай тартыңыз.
12. Монитор тiкелей сiздің алдыңызда болуы керек. Бұл бастың тұрақты бұрылыстарына мүмкiндiк бередi.
13. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, деңеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды , пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз.
Балаларға компьютердің пайдасы мен зиянын түсіндіре отырып, компьютердің адам өмірінде алатын орны туралы кең мағлұматтар алу. Оқушыларды ізденпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұжымда жұмыс жасай білуге үйрету. Жұмысты тиянақты аяқтай білуге,қорытынды жасай білуге жетелеу.
Аннотация
Дать разъяснения детям о пользе и вере компьютера, дать полную информацию о том, какое место в жизни человека занимают компьютерные технологии. Научить детей тому как работать в обществе с людьми, привить такие качества, как организованность, научить правильно распределять время и расставлять приоритеты, равить в них творчество.
Annotation.
Profit and the computer, with clarification of harm of life of the computer and children the place of convergence. Training in collective to create in organization of operation of pupils, and the nobility exact to finish operation, to lead the nobility the inference.
Күршім ауданы, Қаратоғай орта мектебінің
6 – сынып оқушысы Мұқанова Ділназдың
«Компьютердің пайдасы мен зияны» атты ғылыми зерттеу жобасына
ПІКІР
6 сынып оқушысы Мұқанова Ділназдың «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында жазылған ғылыми жобасы бірнеше тараулардан тұрады. Бұл жұмыста алға қойылған мақсат – Компьютер оқушы өміріне қаншалықты керекті құрал болсада, соншалықты зиян екендігін ашып айту Қазіргі таңда қоғамды ақпараттандыру үрдісі күннен – күнге қарқынды дамып келеді. Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол - өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Сол себепті компьютерде жұмыс істеу үшін оқушының 14 кеңесін алып жүруді қолдаймын.