Просмотр содержимого документа
«Калькулятор ба?дарламасы »
Калькулятор бағдарламасы – сандық ақпараттармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows-тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, логикалық арифметика амалдарын орындауға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.
Жүйеде калькулятор екі түрге бөлінеді:Қарапайым(кәдімгі) жәнеИнженерлік.
Пуск
Все программы
Стандартные
Калькулятор
сур.1. Қарапайым. сур.2. Инженерлік .
Калькулятордың негізгі пернелерінің мәні.
Backspace – соңғы цифрды өшіру
СЕ – индикация өрісінде жазылған санды өшіреді
С – барлық ендірілген ақпаратты өшіреді
/ - енгізілген мәнді бөледі
* - енгізілген мәнді көбейтеді
+ - қосу
Азайту
= - орындалған амалдың нәтижесін шығарады.
Sqrt – квадрат түбірді есептейді
% - санның процентін табады
1/х – экрандағы санның кері мәнін есептейді
МС – жадтағы мәндерді өшіреді
MR – жадтағы мәндерді индикаторға көшіреді
MS - индикатордағы мәнді жадқа жазады
M+ - санды жадтағы мәндерге қосады.
Пернетақтаның сандық блогынан сандарды енгізу үшінNumLockпернесін басамыз.Калькулятордыңкейбір нәтижелерді сақтауға арналған ішкі жады бар. Егер жадта нөлден өзге бір сан (мән) болса, онда индикатордың астында, сол жақ терезешеде М әрпі пайда болады. Ал егер жадқа жаңа мән енгізсе, онда алдыңғы мән өшеді.