Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі
Көрнекі құралдар: компьютер
Сабақтың барысы мен мазмұны
Ұйымдастыру кезеңі
а) ұйымдастыру кезеңі
б) үй тапсырмасын сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң баларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру
Microsoft Excel бағдарламасы туралы түсінік
Microsoft Excel – электрондық кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді және тіпті Web – беттерді дайындау үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel - дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар жолдар, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады.
Excel терезесінің негізгі элементтері:
Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.
Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.
Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.
Формула жолы - ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.
Форматтау тақтасы – форматтау комндаларына арналған батырмаларды қамтиды.
Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.
Бағандар тақырыбы – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.
Қалып-күйлер жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды.
Шиыру жолақтары - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.
Бағаналар, жолдар, жұмыс парағы
Қатар – бұл логикалық тізбелер құратын ұяшықтардың тізбегі. Автотолтыру қызметінің көмегімен
Excel-де сандар, күндер, даталар, тоқсандар тізімін дайындауға болады.
Тоқсандар, айлар,апталар, күндер тізімін енгізу үшін:
Ұяшыққа қатардың бірінші элементін енгізіңдер де Enter -ді басыңдар немесе формула жолындағы енгізу батырмасы бойынша шертіңдер.
Маустың көрсеткішін басқарушы элементке орналастырыңдар да оны сол жақ төменгі бұрышынан сүйреп тасыңдар.
Тізімге кіретін барлық ұяшықтар сұрғылт жақтаумен қоршалған болады, ауқымның соңғы ұяшығында
қалып қойған мән сары тікбұрышта көрсетілетін болады (8.4 сурет).
Пайда болған Прогрессия сұқбаттық терезесінде (8.6 сурет) Автотолтыруды таңдаңдар;
ОК -ді шертіп, қатарды дайындауды аяқтаңдар.
Ұяшықтарды форматтау – бұл олардың сыртқы безендірілуі, сонымен қатар олардың ішіндегі бар мәліметтердің форматын түзету. Ұяшықтарды форматтау үшін:
Керекті ұяшықты ерекшелеу;
Форматтау аспаптар тақтасының батырмаларын пайдалану немесе Формат→Ұяшықтар (Формат → Ячейки) менюі командасын іске қосу.
Екінші тәсілді қарастыралық. Бұл тәсіл келесі қазыналарды қамтитын Ұяшықтар форматы(Формат ячеек) сұқбаттық терезесін шақырады:
Сан – ұяшықтардың мәліметтер форматын өзгертуге мүмкіндік береді (8.7 сурет)
Туралау – ұяшықтағы мәліметтер қалай тураланатынын тағайындайды (8.8 сурет)
Қаріп – қаріп параметрін тағайындайды (8.9 сурет)
Шекара – ұяшықтар шекарасының параметрін тағайындайды (8.10 сурет)
8.10 сурет. Шекара қазынасы
Түр – ұяшықтарға құюды тағайындайды (8.11 сурет)
Қорғаныс - ұяшықтардың қорғанысын тағайындайды (8.12 сурет)
4. Жаңа материалды бекіту
Ол үшін студенттерге жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
5. Сабақты қорыту
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
6. Үй тапсырмасын беру: Қ-1 11-19 бет.
Әдебиеттер: В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»
«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер. 2001 ж. OC Windows 98, 2000, XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии» «Всемирная паутина WWW» Питер. 2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы информатики и вычислительной техники»
10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.
В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.