MS Access- те кестелер құрмас бұрын ДБ-сын жасалады. ДБ-сын жасаудың екі түрін қарастырайық. Бос деректер қоймасын құрып алып, оған кестелерді, пішімдерді, есептерді, және басқа да объектілерді қосуға болады. Екінші түрі шебердің, яғни MS Access ұсынған ДБ-сын қолдануға болады. «На моем компьютере» екі рет түртсек төмендегі терезе шығады.
Осы терезеде «Новая база данных» белгісіне барып 2 рет шертсек, немесе экранның оң жағынан «Новая база данных» екі түртіп «Файл новой базы данных» терезесіне көшеміз
Файл аты өрісіне ДБ-на «Мойынқұм кітапханасы» деп ат беріп «Создать» түрту керек.
Яғни біз Мойынқұм кітапханасы деген атпен жаңа ДБ-сын құрдық.
Енді кесте құруға жеке-жеке тоқталайық
MS Access –те кестелер құрудың үш түрі бар:
1)Кесте шеберімен
2)Конструктор көмегімен
3)берілгендерді енгізу арқылы.
Кесте шебері арқылы құру
ДБ-сы терезесінен Кесте шеберін екі рет шерткен кезде төмендегі диалогты терезе көрінеді. Жасайтын кестемізге үлгіден таңдаймыз, кестенің өрістерін таңдай отыра жаңа таблицаға толтырамыз
Өріс үлгісіндегі аттарын өзімізге керегінше өзгерте аламыз. Мысалы суретте «Отчество»-ның орнына «аты» деген сөз енгізуге әрекет етудеміз. Ол үшін Отчество сөзін жаңа кесте жаққа апардық, сосын «переименовать поле» өрісіне шерттік. Сол кездегі шыққан терезешенің «Имя поля» өрісіне аты деген сөзді енгізіп «ок»-ді түртеміз.
Осылайша қалауымызша кестенің бағандарын жасап аламыз да кестені сақтаймыз.
Нәтижесінде төмендегідей кесте аламыз.
№1 тапсырма
Деректер базасын жасау
командасын орындаңдар.
Шыққан «Новая база данных» терезесінде файл аты өрісіне « Информатик» деп создать командасын түртіңдер.
ДБ-сының жасалғанына көз жеткізіңдер.
-бір өріс жылжыту, Қандай да бір өрістің атын өзгерту керек болса, оны Поля новой таблицы тізіміне апарып, Переименовать поле командасын түртіңдер, шыққан диалогтік терезедегі Имя поля өрісіне кестеңіздің бағанына беретін жаңа атыңызды енгізіңіз да «ок»-ді түртіңіз. Жаңа кестенің өрістерінің өзгеріп жазылып жатқанына көз жеткізіңіз. Далее командасын орындаңыз. Создание таблицы терезесінде кестеге ат беріп сақтаңыз. Келесі кестеде кестелер шебері құрылған және құрылатын кестелер арасында байланыс орнатуды ұсынады. Құрылатын байланыстар ақпаратты тізім ретінде беріледі.Байланысты түзету үшін тізімнің сәйкес қатарын таңдап Связи батырмасын басыңыз. Дайын кестені уақытқа қарай 3-5 жолын толтырыңыз. " width="640"
№2 тапсырма .
Шебер арқылы кесте құру.
Жасалған ДБ-сы терезесінде Кесте шеберін екі рет шертіңдер.
«Создание таблиц» терезесінде Образцы таблиц тізімінде кестелердің біреуін таңдаңыз,бұл жағдайда таңдап алынған кестенің өрістері Образцы поля тізімінде пайда болады. Осы тізімнен қажетті өрістерді мына ( -бір өріс жылжыту,
Қандай да бір өрістің атын өзгерту керек болса, оны Поля новой таблицы тізіміне апарып, Переименовать поле командасын түртіңдер, шыққан диалогтік терезедегі Имя поля өрісіне кестеңіздің бағанына беретін жаңа атыңызды енгізіңіз да «ок»-ді түртіңіз. Жаңа кестенің өрістерінің өзгеріп жазылып жатқанына көз жеткізіңіз. Далее командасын орындаңыз.
Создание таблицы терезесінде кестеге ат беріп сақтаңыз.
Келесі кестеде кестелер шебері құрылған және құрылатын кестелер арасында байланыс орнатуды ұсынады. Құрылатын байланыстар ақпаратты тізім ретінде беріледі.Байланысты түзету үшін тізімнің сәйкес қатарын таңдап Связи батырмасын басыңыз.
Дайын кестені уақытқа қарай 3-5 жолын толтырыңыз.
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы : Шебердің көмегімен негізгі кестелерді құру.
Сергіту сәті.
Компьютер құрылғылары.
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны 107
пернетақта
Жануарға ұқсас аты бар,
Бағдар көрсетер заты бар.
Кілемше үстінде тұрады.
Ең қажет құрылғы.
тінтүір
Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек.
монитор
Ақпараттарды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады.
принтер
Мини -тест
1. Microsoft Access деген не?
А) мәліметтер базасын қолданушыға арналған программа.
В) компьютер мен адамның өзара сұхбаттасы құралы.
С) мәтіндік редактор.
Д) амалдық жүйе.
2. Microsoft Access қандай программалық жасақтамаға жатады?
А) жүйелік.
В) қоданбалы.
С) қызметтік.
Д) оқытушылық.
3. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері.
А) кесте.
В) қалып.
С) сұраныс.
Д) есеп.
4. Кесте құруды неден бастаған дұрыс.
А) макетін беруден.
В) өрістерін енгізуден.
С) мәліметтерді енгізуден.
Д) жазбаларды енгізуден.
5. Microsoft Access мәліметтер базасының қандай терезесінде орнатылған байланыс параметрлері беріледі?
А) Мәліметтер схемасы терезесінде.
В) Байланыс терезесінде.
С) Бас терезесінде.
Д) Мәліметтер базасы терезесінде.
Дұрыс жауаптары
№
1
Жауабы
А
2
3
В
А
4
5
В
А
УІ . Үйге тапсырма беру.
Microsoft Access-те кесте құру, кесте аралық байланыс.