Сабақ: №19 | Мектеп: Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп |
Пәні: информатика |
Күні: 26.01.2018 | Мұғалімнің аты-жөні: Сатыбалдиева Г. |
Сынып: 9 «А», «Ә», «Б» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: | Жолдық шамалармен жұмыс |
Сабақ негізделген оқу мақсаты | Жолдық шамалармен жұмыс істеуді және оларға қолданылатын функциялармен таныстыру |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
Жолдық шамалармен жұмыс істеуді және оларға қолданылатын функциялармен танысады. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
Жолдық шамалардың жазылуын, қолдану жолдарын, стандартты функциялардың қызметтерін біледі |
Кейбір оқушылар: |
Жолдық шамаларды дұрыс сипаттап, стандартты функцияларды программаларда қолдана алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Жолдық шамалардың түрлерін ажырата алады |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
stiring,length, copy, delete, concat, insert, pos, str, val, chr |
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: 1.Жолдық шама деген не? 2.Жолдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді? 3.Бір жолдық айнымалыға қанша символ жазуға болады? 4.Жолдық шаманың ұзындығы деген не? 5.Жолдық шаманың ұзындығын қалай анықтаймыз? 6.Жолдық шамаларға қолданылатын амалдар қандай? |
Талқылауға арналған тармақтар: |
Жолдық шамаларға қолданылатын қандай стандартты функцияларды білесіңдер? |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Жол, шама сөзінің үш тілде аталуын білу |
Алдыңғы тақырып | Символдық жолдар |
Жоспар |
Жоспарлаған Уақыт 40 минут | Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
Басталуы 5 мин Өткенді қайталау | Ұйымдастыру. Өткен тақырыпты қайталау үшін төмендегі сұрақтар қойылады 1.Символдық шама деген не? 2.Символдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді? 3. Символдық мәліметтерді енгізудің қандай ерекшеліктері бар? 4.Паскальда «бос орын» қандай рөл атқарады? | Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері |
Ортасы 10 минут практикалық жұмыс 15 минут | Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз « Символдар бойынша жолдарды өңдеу». COPY( ST,POZ,N ):String; ST сөз тіркесінің POZ нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N- символ көшіріліп алынады. UPCASE( C:CHAR ): CHAR; латын алфавитінің кіші әріптерін бас әріптерге ауыстырады. DELETE( Var S:String; N, M:Integer); S-мәтіннің,N-таңбасынан бастап,М- таңбасын өшіреді. INSERT( S1,S2,Poz ); S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап N символды өшіреді де, нәтижені S мәні ретінде жазады. Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады. Оқушыларға практикалық тапсырманы орындауға беремін. Мысалдардың шешуін тап Мысал 1. var s1, s2, s3: string; s1: = ' Бірлігі жоқ ел тозады'; s2:= 'бірлігі күшті ел озады’; s3:=s1+’’+s2; s3мәні неге тең болады? __Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.__
Мысал 2. s1:='12345'; s2:= 'Қанағаттандырарлық’; k1:=Length(s1); k2:=Length(s2). Шешімі: kl=___5______, k2=___18______.
Мысал 3. s1:='паровоз'; s2:='123456'; s3:=copy(s1, 5, 3); writeln(s3); writeln(copy(s2, 3, 2)); Шешуі: ________воз 34_____________
Мысал 4. Программа үзіндісі: s:='стандарт'; delete(s, 4, 3); writeln(s); Шешуі: __________старт_______________________________ | Оқулық, маркерлер, плакаттар, стикерлер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта Оқулық, дәптер, компьютер |
Сабақты қорытындылау 5мин | Тест сұрақтарын беру | Үлестірмелер, жұмыс, дәптері |
Аяқталуы 5 минут | Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау. Үйге тапсырма: §16 Бүгінгі сабағыма «Бір сөзбен» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады. *Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт, *Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану. | Жиынтық бағалау парағы Оқулық, күнделік Үлестірме қағаздар |
Қосымша ақпарат: Информатика 9-сынып Арман-пв баспасы, авторы Сапарғалиева Б.Қ, Масалимова Н.Е 2013 жыл |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
| | |
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағамдау. Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін. |