kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жергілікті желі параметрлерін баптау. Интернетте мекен-жайды пайдалану.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жергілікті желі параметрлерін баптау. Интернетте мекен-жайды пайдалану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жергілікті желі параметрлерін баптау. Интернетте мекен-жайды пайдалану.»

Сынып: 11 «Ә» Пән атауы: информатика

Пән мұғалімі: Бұзауова А.Ә.

Күні: 29.11.2016ж

Тақырыбы:

Жергілікті желі параметрлерін баптау. Интернетте мекен-жайды пайдалану.


Сабақ мақсаты

Әртүрлі танымдық тапсырмалар орындау арқылы, жергілікті желі параметрлерін баптау, интернетте мекен-жайды пайдалану тақырыбының негізгі ұғымдарын түсіну, талдау арқылы тақырыпты меңгеру.


Күтілетін нәтиже:

-жергілікті желі параметрлерін баптау, интернетте мекен-жайды пайдалану тақырыбының негізгі ұғымдарын түсінеді;

-интернет арқылы ақпаратты іздеуде қолданылатын сайттармен танысады;

-өмірде тиімді қолдана алуға дағдыланады.


Сабақтың түрі

Жаңа сабақ


Білім беру технологиясы

Топтық және жұптық жұмыстарға арналған

Сабақтың білім беру формасы

Сыни тұрғыдан ойлау

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер

Insert әдісі, топтық шығармашылық жұмыс

Көрнекіліктер

Презентация, интерактивті тақта, таратпа карточкалары, таймер


Сабақ барысы

Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру

( 2 мин)


1. Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа дайындау;

2. Топқа бөлу: «Серігінді тап»

Жұлдыз, сақина, шина жергілікті желінің үш топологиясының суреттерін оқушыларға ұсынылады, оқушылар 3 топ құруы қажет.


1. Оқушылар оқу құралдарын дайындайды.

2. Оқушылар суреттері ұқсас оқушылармен бірігіп 3 топқа бөлінеді.


Қызығушылықты ояту (6 мин)

3.«Даналық ағашы» оқушылар сұрақтар алып, жауап берулері қажет. (өткен тақырыпты қайталау).


4.Оқушыларға ребус ұсыну, тақырыпты анықтату.


3.«Даналық ағашынан» сұрақтар алып, жауап береді.


4.Ребус, жұмбақтарды шешу арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.

Мағынаны ажырату

( 20 мин)







5.Insert әдісін қолдана отырып, оқулықпен жұмыс жасайды, топ ішінде түсіну, талдау жұмыстары жүргізіледі.





6. Топтарға бағытталған тапсырмалар:

I-топ. Жұлдыз (постер)

II-топ. Сақина (постер)

III-топ. Шина (постер), берілген тапсырманы топ мүшелері орындауы тиіс. Оқушылар өз топтарын қорғап шығу керек.

1-топ

Топологияның үш негізгі  типі бар:

«Жұлдызша»-топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалгастырылған. Мұндай желідегі  екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай  топологияның негізгі жетістігі мынады: компьютерлер мен концентратор арасындғы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі  жұмыс істей береді.

«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

2-топ

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағышардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құрған (міндетті  түрде шеңбер емес) желі  тұйықталған. Мұндай  сақинада бір нүктеден қозғау алған  деректер ақыр аяғында желінің  басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

 «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені  желінің  бір жері  істен шықса, бүкіл тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы  бір осал жері –деректер біреулердің  желілік  компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты  бөгде  ұстап қалуына мүмкіндік береді.

3-топ

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік коспьютерлер «шинаға» тікелей қосылады.

«Шина»  топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің  бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің  деректері әр  желілік компьютерден өтеді. 

Бұл тапсырмада оқушылар 3 топтан бір адамнан шығып өздеріне берілген «Желі топологиялары» бойынша Флипчарттағы суретке  қарап басқа топтарға түсінгендерін жеткізеді


5.Тақырыпты оқи отырып, білімдерін жетілдіреді, топ ішінде талдай отырып, бір-біріне түсіндіреді.



6. I, II, III -топ аталған тақырыпта постер әзірлейді. (теориялық ақпарат береді)


Топтар теориялық білімді, практикамен ұштастырады. Таныстырылымда эссе жазу,синквейн әдісі қолданылады.

Топтар бір-бірін формативті бағалайды.

«10 баллдық жүйе»

«бутерброд»

«смайлк» арқылы бағалау


Ойтолғаныс

( 10 мин)


7.Тақырып бойынша карточкадағы таратылған суреттерді топтастыру.







8.Практикалық жұмыс

Оқушылар практикалық жұмысты орындамас бұрын сынып жұпқа бөлінеді

1.Жұп тапсырмасы

Желі арқылы кез келген құжатты 2 компьютерге жібер.

2.Жұп тапсырмасы

Желі арқылы №4 компьютердің менің құжатым қалтасынан кез келген құжатты аш.

3.Жұп тапсырмасы

Құттықтау қағазын желі арқылы баспадан шығар

4.Жұп тапсырмасы

Желі арқылы «Ұлы Отан соғысына 70 жыл» тақырыбына сәйкес jpg форматтағы суретті баспадан шығар

5.Жұп тапсырмасы

№3 компьютердегі жұппен бірлесіп 3 беттік презентация құр?

6.Жұп тапсырмасы

№1 компьютердегі менің құжатым қапшығындағы 7 мамыр Ұландар меркесіне арналған құттықтауды өзгерт.

7. Топтастыра отырып, іздестіру сайттарын, броузерлерді, чат қызметі бар бағдарламаларды естеріне сақтайды.


8. Әр оқушы өз жұптарын тауып компьютерлерге берілген практикалық тапсырмаларын орындайды. Орындап болған соң қорғайды.





.


Бағалау (2 мин)

9.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы.

9.Топ басшысының бағасын ескере отырып, мұғалімнің суммативті бағасы

Үйге тапсырма

(2 мин)

10. Жергілікті желі параметрлерін баптау. Интернетте мекен-жайды пайдалану.

10.Дәптерлеріне негізгі мағлұматтарды түсіру, интернеттен қосымша ақпарат іздестіру, тақырыпты мазмұндау.

Рефлексия ( 3 мин)

11. Берілген кестелерге сабақ бойынша өз ойларын жазады.

11.

Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?

 

 

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жергілікті желі параметрлерін баптау. Интернетте мекен-жайды пайдалану.

Автор: Бузауова Айгерим Абдралиевна

Дата: 20.09.2018

Номер свидетельства: 478294


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства