kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстану ба?ытында?ы 10-сыныпта?ы "Анимация" та?ырыбында?ы ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л жаратылыстану ба?ытында?ы 10 сыныптар?а арнал?ан "Анимация" та?ырыбына  Блум таксаномиясымен жасал?ан, жа?а педагогикалы? технологияларды кіріктіріп жазыл?ан саба? жоспары. Саба?та жа?а педагогикалы? технологиялар пайдаланылады. Оны? ішінде: Джигсо, "Серіктес са?аты" топ?а б?лу жатты?уы, Инь мен Янь стратегиясы, де?гейлік тапсырмалар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«жаратылыстану ба?ытында?ы 10-сыныпта?ы "Анимация" та?ырыбында?ы ашы? саба? »



Тақырыбы: Объектілерді енгізу, анимация, мультимедиа.

Күтілетін нәтиже:


Білім

•Қазіргі замандағы қарқынды дамып келе жатқан анимация және мультимедиа ұғымдарымен жалпы танысады

Түсінік

•Мультимедиа құрамына мысал келтіреді.

•Мультимедиа технологиясын түсіндіреді

•Алғашқы анимацияның түсіндірмесін береді


Қолданыс

•Мультимедиа құралдары мен ақпараттық дәстүрлі тасушылардың байланысын анықтайды

•Тәжірибе жүзінде құлаққаптың параметрлерін тексеру үшін алған білімін пайдаланады

Анализ

•Белгілі бір қозғалысты анимация түрінде суреттейді, анимация сатыларын айырып таниды

Синтез

•Тәжірибе жүзінде әр түрлі жағдайдағы анимацияларды жобалайды


Баға

•Анимация ұғымын тәжірибе жүзінде негіздейді және толықтай түйіндейді

Сабақ құрылымы:


І. Ақпарат алмасу (3 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (35 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (5 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (2 мин.).

Сабақ типі: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру

Оқыту әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, талдау, практикада қолдану

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:


• Оқушыларға жаңа материалды бекіту үшін сабақ соңында теориялық талдау жүргізу

Негізгі ұғымдар мен терминдер: Анимация, мультимедиа

Оқушыда дағды қалыптастыру:


• Оқушылар жаңа сабақ тақырыбын ықыласпен тыңдауы қажет етіледі және сабақ соңында қажет сұрақтарын мұғалімнен сұрап алулары - маңызды

Көздері:


1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компютерлік техника. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002.

2. Анимация, мультимедия. Сайт: volnakz.com

3. Практикум по лабораторным работам по курсу «Информатика»: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.

Оқушы жетістігін бағалау:


• Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.

Үй тапсырмасы:


• Жаңа тақырып слайдын қайталап үйде қарап, түсіну және деңгейлік тапсырмалар кезіндегі жауап бере алмаған тапсырмаларды үйден аяқтап келу

САБАҚ БЛОКТАРЫ



cooler «Серіктес сағаты» топқа бөліну жаттығуы. Күтілетін нәтижесі:Қатысушылар осы оптарға бөліну ойынымен танысады. Қатысушылар бір- бірімен араласып белгі берілген кезде (қоңырау шылдыры) жанына келген қатысушымен бірігіп сағаттың 12 тіліне бір- бірінің аттарын жазады, белгі берілген кезде қатысушылар қайта араласады да келесі белгімен тағы жұптасып бір-бірінің aттарын сағаттың 2 тіліне жазады. Ойын сөйтіп ойыншылар 5 адамның атын сағаттарына жазғанша жалғасады. Қатысушы сағат суретіне бір адамның атын екі реет жазбауы керек


і. аҚПАРАТ алмасу

«Джигсо» әдісі

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы








Тақырып жоспары:

  1. Мультимедиа түсінігі

  2. Мультимедиа құрамы

  3. Мультимедиа технологиясы

  4. Анимация

  5. Анимация технологиясы

  6. Ең алғашқы анимациялар

Слайдтар:


4-слайд Мультимедиа түсінігі

Мультимедиа – дыбыс, графика, анимация (қимыл – қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық мәліметтер алу мүмкіндігін беретін арнайы жабдық.


5-слайд


6-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Мультимедиалық мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін компьютер 16 разрядты SVGA мониторымен, MIDI форматын қолдайтын 16 разрядты дыбыстық тақшамен және компакт дискіні оқуға арналған CD – ROM дискіжетегімен жабдықталуы қажет. Жұмыс барысындағы жағдайларға қарай мұнан басқа да көптеген компоненттерді орнатуға болады.


7-слайд


8-слайд Мультимедия технологиясы 

Музыкалык компазициялар бірнеше категориялар бойынша –орындаушыға байланысты, альбомға және музыкалық бағыттарға қарай сұрыпталып шығады. Windows Media арқылы WAV және MP3 форматтарындағы музыкалық композициялардан басқа кез келген аудио- CD-лерді де тыңдауға болады. Ол үшін CD –немесе DVD-ROM жетегіне музыкалық компакт-дискіні қондырып, ойнатуышты іске қосып, сазды тыңдауға болады. 


9-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы-интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі.

Интерактивтілік(үздіксіз әрекеттілік) пайдаланушыға болып жатқан оқиғаларға белсенді қатысуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, интерактивті оқытушы программада пайдаланушышың қалауы бойынша қажетті тарауды шығаруына, өтілген тарауды қайталап оқуға және т.т. болады. Егер жүйе пайдаланушы енгізген кейбір деректерге, сұратуларға және т.т. орай жауап қатса, өзара әрекеттестіктің жоғарырақ деңгейі қамтамасыздадырылады. Интерактивтілік түсіндіру еркіндігімен тікелей байланысты.


10-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек.

Дыбыстық тақшаға динамик жалғанады (дыбысты компьютердің құрамындағы динамикпен тыңдау мүмкіндігі шектеулі).

Дыбысты жазу үшін микрофон, тыңдау үшін құлаққап (наушник) болуы қажет. Егер компьютерде дыбыстық тақша орнатылған болса, ол Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін бірден жұмыс істейді.


11-слайд Мультимедиа (жалғасы)

Құлаққаптың параметрлерін тексеру немесе қайта орнату үшін Бас меню:

Баптау – Басқару тақтасы қатарларын таңдап, ашылған терезедегі Мультимедиа шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз. Аудио, Видео, MIDI, CD, Қосымша деген төрт астарлы беттен тұратын Мультимедиа қасиеттері: сұхбат терезесі ашылады.

12-слайд Анимация

Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.

Мультимедиа жүйесінде — қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.


13-слайд Серпімді доптың анимациясы 6 түрлі кескіннен тұрады.

Анимация секундына 10 түрлі доптың кескіні қозғалады


11-слайд Анимация (жалғасы)

Ең бірінші анимация проекті (1877)


12-слайд Анимация (жалғасы)
Феликс және мысық (Felix the Cat) 1919 ж.



іі. алғашқы бекіту


«Инь мен Янь» әдісі 5 минут стикер жабыстыру (2 топқа екеуінің біреуін жазады) ортақ қаситеін бірге табамыз

Сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Мультимедиа түсінігі

Анимация

Мультимедиа және Анимация технологиясы








Қорытынды:___________________________________________________________



ііі. құзырлылық қалыптастыру


Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Мультимедиа деген не?

Мультимедиа – дыбыс, графика, анимация (қимыл – қозғалыс), көріністік фрагменттерді және мәтіндерді қатар пайдалана отырып динамикалық түрдегі бейнелер мен дыбыстық мәліметтер алу мүмкіндігін беретін арнайы жабдық.

  1. Оның құрамына қандай мысалдар жатқызуға болады?

  • Презентациялар және көрмелер

  • 2D, 3D визуализация және анимация

  • Бейне ролик түсірілімі

  • Монтаж, бейне әсерлер, дыбыстандыру және т.б.

  • Жеке программаланған жабдықтар

  • Корпоративтік үйретуші және маркетингілік мәліметтер

  • CD, DVD-дегі интерактивті презентацилар

  1. Мультимедиа технологиясы туралы не білесің?

Музыкалык компазициялар бірнеше категориялар бойынша –орындаушыға байланысты, альбомға және музыкалық бағыттарға қарай сұрыпталып шығады.

  1. Дыбыстық фрагменттерді жазу және оқу үшін, компьютерде не орнатылуы керек?

Компьютерде дыбыстық тақша орнатылуы керек.

  1. Анимацияға қысқаша түсінік бер.

Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.

  1. Алғашқы анимациялар жайында не білесіңдер?

Ең бірінші анимация проекті (1877)

Феликс және мысық (Felix the Cat) 1919 ж.

  1. Windows Media арқылы қандай форматтағы музыканы тыңдауға болады?

WAV және MP3 форматтарындағы музыкалық композициялардан басқа кез келген аудио- CD-лерді де тыңдауға болады.


ІІ деңгей тапсырмасы

  1. Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы неде?

Интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі.

  1. Қолдарыңдағы құлаққаптарыңның параметрлерін тексеріңдер және ол үшін не істейтіндеріңді баяндаңдар.



ІІІ деңгей тапсырмасы

  1. Өз беттеріңше ақ қағазға дирижердың қозғалысының анимациясын жасаңдар.

іV. шығармашылық әрекет


Топтық жұмыс.

1-топ: Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып көркемді илюстративті құттықтау анимациясын жаса.

2-топ: Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып көркемді илюстративті жарнама анимациясын жаса.

3-топ: Microsoft Power Point бағдарламасын пайдалана отырып көркемді илюстративті ертегі анимациясын жаса.


V. бағамдау-бағалау


Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
жаратылыстану ба?ытында?ы 10-сыныпта?ы "Анимация" та?ырыбында?ы ашы? саба?

Автор: Мухатаева Элеонора Жетібай?ызы

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185103


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства