Слайдты безендіру үшін дайын түс схемаларын пайдалануға болады. Түс схемасы фонды, мәтінді немесе жеке жолдарды, көлеңкені, мәтін тақырыптарын, құюларды, екпіндер мен гиперсілтемелерді түстерпен ерекшелеу кезінде пайдаланылатын сегіз түстен тұрады. Таныстырылымның түс схемасы безендірудің қолданылған үлгісінде беріледі.
- Мәтін тақырыбы мен негізгі мәтінге пайдаланылған түс.
- Фонға, құю мен көлеңкеге пайдаланылған түс.
- Маркер сияқты гиперсілтемеге, құюлар мен екпінге пайдаланылған түс.
Слайдтың түс схемасын қарап шығу үшін оны ерекшелеңдер, ал содан кейін Слайд дизайны – Түс схемалары тапсырмалары аймағы экранында бейнелеңдер (10.5 сурет). Ағымдағы слайдтың түс схемасы ерекшеленген ретінде тапсырмалар аймағында бейнеленетін болады.
Безендіру үлгісі үнсіз келісім бойынша берілген түс схемасын, сонымен қатар осы үлгі үшін арнайы алынған таңдауға қосымша тұс схемаларын қамтиды. Үнсіз келісім бойынша тағайындалған «бос» үлгісінің де түс схемалары бар болады.
