kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?здік-информатик-2016

Нажмите, чтобы узнать подробности

?здік информатик-2015 сыныптан тыс іс шара ретінде ?ткізуге болады. 5 ж?не 6-шы сыныптар арасында ?ткізуге ?олайлы жасал?ан. Кіші сынып о?ушыларына арнал?ан с?ра?тар бар.Мен ?з саба?ымда к?птеген н?тижеге жете алдым.Саба? ша?ын 25 минут?а ?йымдастырыл?ан.................................................

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?здік-информатик-2016»

«Ынталы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















«ҮЗДІК ИНФОРМАТИК - 2015»

интеллектуалды сайысы













Өткізген: Котербаева А.М.

Сыныптар: 5 ,6-сыныптар













2015-2016 оқу жылы


«ҮЗДІК ИНФОРМАТИК - 2015»

интеллектуалды сайысы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, таратпа материал, компьютер.

Жоспары :

І кезең. «Таныстыру» сайысы (Топты және төс белгіні таныстыру)

ІІ кезең. «Құпия жәшік» сайысы (топтық сұрақ – жауап)

ІІІ кезең. «Венгр» сөзжұмбағы

ІV кезең. «Кім жылдам» сайысы

Vкезең. «Бәйге» топбасшылар сайысы

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Жүргізуші:

Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,

Достарым отырсыңба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып 5, 6 – сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Үздік информатик - 2015» атты шарамызға қош келдіңіздер! Осындай екпінді ду қол шапалақпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.

Алдарыңызда 5,6 сынып оқушыларынан құралған топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.




Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстыра, - дей отырып ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.


Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» сайысын бастаймыз.Сайыскерлер өз топтарының төсбелгілерін және өздерін таныстырады. (2-3 минут уақыт беріледі). І кезеңдың соңында «Таныстыру» сайысының қорытындысын әділ-қазылар алқасы баяндайды. Әрбір топтың жинаған ұпай қорын білейік.

«Таныстыру» сайысының ұпай сандарын білсек ІІ кезеңымызды бастайық.

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

ІІ бөлім «Құпия жәшік» сайысы. Бұл бөлімде сайыскерлерге жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  • ...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда (Ақпарат)

  • Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (Компьютерлік вирус)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  • Бір немесе бірнеше файлдарды сығу, ретімен қаттауға арналған файл.(Архив)

  • Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады?(алгоритм)

  • Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  • 1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз. (Герман Холлерит)

  • ... – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдық алгоритм)

Осылай ІІ бөлімд аяқтай келе қазылар алқасынан бөлім бойынша ұпай қорын анықтасақ.

Жүргізуші:

ІІІкезең. «Венгр» сөзжұмбағы деп аталады. Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.


м

т

п

л

о

т

т

н

о

м

и

ы

п

р

р

т

е

и

д

е

к

ш

н

и

е

е

р

о

м

м

р

қ

а

н

т

р

н

н

и

т

о

н

т

с

ө

з

е

т

р

о

п

н

и

б

а

й

т

т

е

з

р

м

в

п

и

к

м

е

р

е

о

ә

и

а

р

с

о

ү

а

ф

ц

т

р

и

х

е

д

я

й

л

е

і

у

в

ж

л

и

я

и

ц

с

н

с

д

а

ь

ф

и

к

а

с

о

р

а

б

о

н

е

н

т


Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын, - дей келесі кезең «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 5 ұпайдан.

  1. Экранныңбетіндеоныңтұрағы

Қашанболсынжыпылықтаптұрады. (меңзер)

  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

  1. Биологиядабұл паразит,

Көзге зорға көрінер,

Информатикада өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер (бит)

  1. Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

  1. Батырмасын басасың,

Қажетті файлды ашасың. (тінтуір)

  1. Жануарға ұқсасатым бар,
    Бағдар көрсетер затым бар.
    Кілемше үстінде тұрамын,
    Ең қажетті құралмын... (тышқан)

V кезең. «Бәйге» топбасшылар сайысы. Бұл кезеңде әр топтың топ басшыларына тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.

Ең жоғарғы ұпай-5.

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.

2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Принтер арқылы суреттің кез келген бөліктерін ерекшелеймін. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын.



Құлаққап арқылы дайындаған суретімді алдын ала қарап, тексеріп аламын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын.

Жауабы:

  1. Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы.

  2. Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды.

  3. Тінтуір арқылы суреттің кез-келген бөліктерін ерекшелейміз.

  4. Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады.

  5. Құлаққап –әуен тыңдау үшін арналған құрал.

  6. Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.


Компьютер - сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабардың.

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманның


Үздік информатик” интеллектуалды сайысы өз мәресіне жетті.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?здік-информатик-2016

Автор: Котербаева Айгерим Муратовна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 317919


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства