kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тап?ыр достар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайыс ма?саты: хал?ымызды? ?асырлар бойы ?з ?рпа?ын ар-ожданы таза, адамгершілігі жетілген азамат етіп т?рбиелеуге, екі ауылды? о?ушыларыны? арасында?ы ?арым-?атынасты жа?сарту, бір-бірімен тіл табысу м?дениетін ?алыптастыру, о?ушыларды? ?ртістік ?абілетін, досшылды?ын дамыту.

Білімділік: о?ушыларды? ?ткен та?ырыптар бойынша ал?ан білімдерін тияна?тау, ж?йелеу, жалпылау, бекіту.

Дамытушылы?: П?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, ?зара к?мектесу, топпен ж?мыс істей білу ?абілеттерін дамыту. Шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру.

Т?рбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапша?ды??а, тияна?тылы??а баулу, а?паратты? м?дениетке т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Плакат, маркер.

Сайыс кезе?дері:

  1. Таныстыру
  2. «С?ра? жауап»
  3. «С?з тап?ан?а»
  4. «Викториналы? с?ра?тар»
  5. «Сиамды? егіздер
  6. «Кім жылдам, ?рі тап?ыр!»
  7. «Полиглот»
  8. «?нерпаз болса?»
  9. ?орытынды

Барысы:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тап?ыр достар» »

Сайыс тақырыбы: «Тапқыр достар»

Сайыс мақсаты: халқымыздың ғасырлар бойы өз ұрпағын ар-ожданы таза, адамгершілігі жетілген азамат етіп тәрбиелеуге, екі ауылдың оқушыларының арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-бірімен тіл табысу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың әртістік қабілетін, досшылдығын дамыту.



Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Плакат, маркер.



Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. «Сұрақ жауап»

  3. «Сөз тапқанға»

  4. «Викториналық сұрақтар»

  5. «Сиамдық егіздер

  6. «Кім жылдам, әрі тапқыр!»

  7. «Полиглот»

  8. «Өнерпаз болсаң»

  9. Қорытынды

Барысы:

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз

Ұстаз және оқушы атты

Сайысты біз бастаймыз

  • Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіздер!

  • Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған үш топты қол соғып қарсы алайық.

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін «Барыс», «Қайсар» және «Жалын» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екенб – дей отыра келесі кезеңді бастайық.

№2. Келесі байқау «Сұрақ жауап?»

  1. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? /10/

  2. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? /3/

  3. Қазақ тілінде неше септік бар? /7/

  4. Мақалды аяқтандар. Мектеп - кеме, білім - .... /теңіз/

  5. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? /Ы.Алтынсарин/

  6. Қазақстанның бас қаласы. /Астана/

  7. Қазақстанның мемлекеттік тілі. /қазақ тілі/

  8. Қазақстан неше мемлекетпен шекаралас? /51

  9. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл/
    1О.«Мен, сен, ол» есімдіктің қай түріне жатады? /жіктеу/
    11 .Етістіктің неше шағы бар? /3/

12.Алматыдағы мемлекеттік опера жэне балет театры кімнің атында? /Абай

ІЗ.Жіктік жалғаудың неше жағы бар? /3/

Н.Қазақ халқының белгілі әншісі Күлаш /Байсейітова/

15.Мүсылманша жыл басы /22 наурыз/

16. Бурабай көлі қай облыста? /Солтүстік Қазақстан/ 17. Қыста ауа райы қандай болады? /суық/

18. Жылқы, түйе, сиыр, қой-ешкі бір сөзбен қалай аталады? /төрт түлік/ 19.Бие сүтінен не әзірлейді? /қымыз/

20.Түйе сүтінен не әзірлейді? /шұбат/

21.Айранды ненің сүтінен әзірлейді? /сиыр/

22.«Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? /Ш.Айманов/ 23.«Көксерек» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? /Құрмаш/

24.Бір жылда неше жыл мезгілі бар? /4/

25.Бір жылда неше күн бар? /365/

26.Қазақтар бала туғанда қандай той жасайды? /шілдехана/ 27.Қарағандыда қай ұшқышқа ескерткіш орнатылған? /Н.Әбдіров/ 28.Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл толды?

29.«Мүғалім» сөзінің синонимі /¥стаз/

30.«Үлкен» сөзінің антонимі /кішкентай/



№3. Келесі байқау «Сөз тапқанға»

Мұнда әр ойыншы бір-бірден әріп таңдап алады, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

1 топқа сұрақтар:

1. Интернет не үшін керек?

2. Компьютер қашан пайда болды?

3. Компьютердің бағасы қанша?

4. Компьютер не үшін қажет?


2 топқа сұрақтар

5. Кітапханадан қандай кітап алдың?

6. Ноутбук сатып алғың келе ме?

7. Компьютер алдында қалай отыру керек?

8. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?


2 топқа сұрақтар

9. Интерактивті тақтада жұмыс істей аласың ба?

10. Вирусты қалай жояды?

11.Интернеттен не іздейсің?

12. Агентте кімге хат жазасың?


№ 4. Келесі тур «Викторина» сұрақ – жауап. ( Әр жұп сұрақтарын алып, жауап береді)

Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығыңәр пәннен беретін мұғалімсіңдер.Балалар сендерге мынандай сұрақ.


№ 1

а) Құрлықтағы ең ірі жануар ? (піл)

б) Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балала сендемен жағаласып сөйлесіп отыр делік.Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан-жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балағада тисіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?

№ 2

а) Кіп – кішкентай не керек

Күші бірақ керемет ( Құмырсқа )

б) Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорады шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біеуі сіз берген тапсырмаңызды жоғатып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.

№ 3

а) Бет – аузыңнан сүйеді

Сүйген жері күйеді ( аяз )

б) Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беіп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсапымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.


Бұл проблемалық ситуациядан щыға алдыңдар балалар.Балалаларсендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдер ме?


5 № Келесі байқау «Сиамдық егіздер» деп аталады.

Дене мүшелері бір – біріне қосылып туылған егіздерді «сйамдық егіздер» дейміз.Енді сіздер осындай егіздер болып біздің тапсырмамызды орындайсыздар. Біреуіңіздің бос оң қолына қайшы беріледі, екіншіңізге қағаз беріледі. Сіздер осы қағаздан жұлдызша қиюларыңыз керек. Басқа қолдарыңызбен көмек бермейсіздер. Кәне, бастайық! (ойын ойналады).



№6. Келесі байқау «Кім жылдам, әрі тапқыр»

Тақтада « Шығармашылық» сөзі беріледі. 1 минутта қай топ көп мағыналы сөз құрайтынын байқау.



№7. Келеси байқау «Полиглот». Мұнда сіздерге жұмбақтар қойылады, соның жауабын тауып, орысша,ағылшынша аударасыздар!


1. Білімнің жолбасшысы

Шәкірттің қолбасшысы ( мұғалім – учитель – teacher )

2. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп кішкентай күн көзін ( шам – лампочка – lamp )

3. Жұқа тақтай бөлшегі

Ұзындықтың өлшемі (сызғыш – линейка – ruller )

4. Төрт қырлы өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ ( бор – мель – chalk )

5. Үй ішін аралап, түнде көп жортады,

Қаптарды тесіп, мысықтан қорқады

( тышқан – мышь – mouse )

6. Қағазды басып шығару құрылғысы? (баспа – принтер – print)

7. Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен адао

Жазып алам көшіріп,

Сүртемін сосын өшіріп ( тақта – доска - )

8. От ауызды, орақ тілді (ауыз – рот – mout )

9. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?

(он екі, двенадцать, twelve)

12. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)

  1. Жақтаулар арқылы шектеледі

  2. Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.

  3. (терезе,окно, windows)

  4. Латынның тісіндру, баяндау, мәләмет деген ұғымдарды

білдіретін сөзі. (Ақпарат-Информация-Informatio)

  1. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы.

(Пернетақта-клавиатура-Keyboard)

  1. Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар? (Жүз бір-сто один-One hundred one)

  2. Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек. (тышқан-мышка-mouse)






№8. Келесі байқау «Өнерпаз болсаң»

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.


№9 Қорытынды

Ал, кәнекей, жұптар!» байқауының барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске береміз.


Женістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір – күрес жеткіземе мұратына.

Жеңбедім, жеңілмедім, деп ренжімеген.

Қатысу да 1 жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.





Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.


Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.





































№12 І.Қабылов атындағы орта мектеп














Тақырыбы: «Ұстаз және оқушы» сайыс















Қызылорда,2012






\\\\


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Тап?ыр достар»

Автор: Аманжулова Акгул Жеткеншековна

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181691


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства