kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Мәзiр, құралдар тақтасы және сызғыш.мәтiндердi теру ережесi 7 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсат: Оқушылардың WordPad   мәтіндік редакторының мәзірімен, құралдар тақтасымен таныстыру. Мәтінді теру ережелерін ұғындыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Мәзiр, құралдар тақтасы және сызғыш.мәтiндердi теру ережесi 7 сынып»



Пән Информатика сынып 7 «А»

Тақырып: Мәзiр, құралдар тақтасы және сызғыш.мәтiндердi теру ережесi

Мақсат: Оқушылардың WordPad мәтіндік редакторының мәзірімен, құралдар тақтасымен таныстыру. Мәтінді теру ережелерін ұғындыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және мәтіндік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер


Сабақ барысы

1)Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

2)Үй тапсырмасын тексеру Тест

3)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы,меню жолы,құрал-саймандар тақтасы,

пішімдеу тақтасы,сызғы,жұмыс аймағы.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік – жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad программасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

Терезеде орналасқан екінші тақта – бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.

Мәтінді енгізу және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:

Enter - жаңа жолға көшу

Shift - бас әріптерді теру

СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу

Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру

Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

Мәтінді пішімдеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған. Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.

Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)





4) Жаңа тақырыпты бекіту

Тапсырмалар мен сұрақтар:

WordPad. мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

WordPad. мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

WordPad.мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

WordPad. мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

5)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтері туралы жалпы мағлұмат беру.

6) Үйге тапсырма § 5.1, 146-149 бет.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: Мәзiр, құралдар тақтасы және сызғыш.мәтiндердi теру ережесi 7 сынып

Автор: Мусаева Асем Имангажиевна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419245


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства