Сабақтың тақырыбы: Cуреттің үзінділерін ерекшелеу (Сурет бөліктерімен жұмыс істеу).
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, Үзіндіні көшіруге, жылжытуға, көбейтуге және жою әрекеттері туралы түсінік беру.
а) білімділік:
1. біліми белсенділік пен ұқыптылыққа баулу.
2. алған теориялық білімдерді практикада игеру.
ә) тәрбиелік:
1. Оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Техникалық шеберлікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық:
логикалық ойлау қабілетін дамыту.
өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: теориялық – практикалық
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері
Керекті құрал-жабдықтар:
экраны бар графопроектор, тақта, бор, оқу-құралдар, таратпа материалдар, компьютер т.б.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақтүсіндіру
ІҮ. Практикалық жұмыс.
Ү. Қорытындылау бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. /оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару /
А) жобалау в) оқу, кітап с) сурет, сурет салу* д) музыка, ән салу
2. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
а) кішкене төртбұрыштардан в) нүктелерден* с) сызықтардан
д) символдардан
3. Paint программасын қалай іске қосамыз?
А) Бастау – Барлық программалар – Стандарттық - Paint*
В) Бастау – Стандарттық - Paint
С) Менің құжаттарым – Менің суреттерім – Paint
Д) Жұмыс үстелі – Қоржын – Paint.
4. Негізгі түсті өзгерту үшін не істеу керек?
А) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау.
В) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетінде Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау.
С) тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту*
Д) Esc пернесін басу
5. Қандай команданы орындап, палитрада жаң түс құруға болады?
А) Түстер тобы (Палитра) – Түстерді өзгерту (Изменить палитру)*
В) Сурет – Түстерді қайтару
С) Саймандар – Түспен толтырыу
Д) Файл – Құру
6. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2* в) 1 с) 0 д) 4
7. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt b) Ctrl c) Shift* d) Delete
8. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті* в) Қарапайым және күрделі
С) Стандарттық және стандарттық емес д) жұмсақ және қатты
9. Жай-күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат*
С) Файлдың аты Д) файлдың көлемі
10. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламыз ба?
А) сызуға болады в) Болмайды*
с) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
д) Адамның мүкіндігіне байланысты
б) қорытындылау: компьютер автоматты түрде кімнің қанша пайыз орындағанын бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабақ (15 мин).
Суреттің бөлінген бөлігін үзінді деп атаймыз.Үзіндіні мына құралдармен бөліп алуға болады:
Бөліп алу батырмасы (кнопка Выделение) арқылы төртбұрышты үзіндіні таңдау.
Кез келген аймақты бөліп алу (кнопка Выделение произвольной области).
Бұл батырма арқылы кез келген күрделі аймақты бөліп алуға болады. Жоғарыдағы екі батырманың бірімен объектіні бөліп алғаннан кейін, төмендегі амалдарды орындауға болады:
Үзіндіні көшіру немесе жылжыту үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен Правка менюінің Вырезать немесе Копировать командасының бірін пайдалану керек. Вырезать командасын таңдағанда Paint бағдарламасы үзіндіні суреттен алып (жойылады) алмасу буферіне орналастырады. Ал егер Копировать командасы орындалса, онда сурет өзгермейді және алмасу буферіне орналасады. Суретті алмасу буферінен орналастырған кезде ол терезенің сол жақ жоғарғы шетіне орналасады. Содан соң оны қажетті жерге апарып қоюға болады.
Үзіндіні көшіру үшін жасалатын әрекеттер.
Үзіндіні жылжыту үшін жасалатын әрекеттер.
1. Выделение Үзіндіні бөліп алу.
1. Выделение Үзіндіні белгілеу
2. Правка-Копировать (Көшіру)
2. Правка-Вырезать (Қиып алу)
3. Правка –Вставить (Кірістіру)
3. Правка –Вставить (Кірістіру)
4. Керекті жерге апару
4. Керекті жерге апару
Үзіндіні көшіру
1-тәсіл – суретті бөліп алып, Ctrl пернесін басып жылжытамыз – жеке көшірмесін аламыз.
Үзіндіні көбейту
2-тәсіл -суретті бөліп алып, Shift батырмасының көмегімен қажетті орынға жылжытып, оның ізі бар көшірмесін аламыз.
Үзіндіні өшіру(жою)
Үзіндіні бірнеше әдіспен өшіруге болады.
Үзіндіні , бөліп алу
Правка - Очистить выделение командасын орындаймыз немесе Deleteпернесін басамыз.
Правка – Вырезать командасын орындағанда үзінді алмасу буферіне орналасады.
Рисунок – Очистить командасы орындалса, онда экраннан тек үзінді ғана емес, экраннан барлық сурет өшеді.
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру.
Отразить/Повернуть командасының көмегімен бөлініп алынған үзіндіні тік (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) осьтеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.
Бұл операцияларды қандай да бір суретпен жүргізу үшін мына әрекеттер орындалады:
Қажетті үзінді белгіленіп алынады.
Рисунок-Отразить/Повернуть командасын орындайды. Экранға Отразить/Повернуть командасының диалогтік терезесі шығады.
Суретті кері бұру үшін Отразить слева направо опциясына белгі қойып ОК –ді шертеді. Сонда сурет горизонталь оське қатысты кері бұрылады.
Отразить сверху вниз опциясына белгі қойып, ОК-ді шертсеңдер сурет төңкеріліп түседі.
Повернуть на угол опциясына маусты шертіп, 90 градусты таңдасаңдар, сурет 90 градусқа бұрылады.
Үзіндіні еңкейту мен созу.
Растянуть/Наклонить командасы арқылы үзіндіні созуға және горизонталь немесе вертикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.
Ол үшін:
Қажетті үзінді белгіленіп алынады.
Рисунок-Растянуть/Налонить командасын орындайды. Экранға Растянуть/Наклонить командасының диалогтік терезесі шығады.
Бұл терезеден қажетті әрекетті таңдаңдар.По горизонтали немесе по вертикали өрісіне, пернетақтадан қажетті градус санын енгізіп, ОК-ді басыңдар. Енгізілген градус бойынша еңкею орындалады.
Практикалық жұмыс.
Айтылған сабақ бойынша оқушыларға әртүрлі практикалық жұмыстар (Суреттерді жинастыр, Тосын сый) қапшықтарынан беріледі.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Шарды жарып сұраққа жауап береді.
1. Үзінді дегеніміз не?
2. Үзіндіні қандай құралдармен бөліп алуға болады? ,
3. Үзінділерге қандай амалдар қолдануға болады? (Алмасу буферіне қиып алуға,көшіруге, жылжытуға,көбейтуге, пішімін өзгертуге,қисайтуға,айналдыруға немесе кері аударуға, түсін өзгертуге,өшіруге).
4. Сурет үзіндісін көшіру үшін қандай әрекет орындалады? (Правка-Копировать/ Правка –Вставить)
5. Сурет үзіндісін жылжыту үшін: (Правка-Вырезать/ Правка –Вставить)
6. Үзіндіні көбейту дегеніміз не және ол қалай орындалады? (Shift батырмасының көмегімен)
7. Үзіндіні өшіру әдістерін атап шық т.б. (Правка - Очистить выделение, Delete, Правка – Вырезать, Рисунок – Очистить)
V.Оқушылардың жұмысы бағаланады.
V
Барлык
салынатын заттарды озимиз саламыз
І. Үйге тапсырма: §16.Үзінділермен жүргізілетін әрекеттертақырыбын оқып, компьютерде сурет салып жаттығу. Графикалық редактор тақырыбына ребус, кроссворд құрастырып келу.