kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шо? ж?лдыздар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайысты? ма?саты: Саба?тан тыс ?діс-т?сілдерді ?олдана отырып 9-сынып о?ушыларыны? информатика п?ніненбілімдері мен ойлау ?абілеттерін аны?тау.

Сайыс барысында компьютерлік м?мкіндіктерді к?рсете білу. О?ушыларды? ?ызы?ушылы?тарын, іздену, ?здігінен о?ып білу ??штарлы?тарын  ?алыптастыру

?азіргі а?паратты? м?мкіншіліктер мен ??рыл?ыларды  заман талабына сай  ?штастыра к?рсету.

К?рнекі ??ралдар: интерактивті та?та, интернет, электронды камералы? байланыс,  т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шо? ж?лдыздар »

"Темір жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Оразбекова Күлайшаның сабақтан тыс өткізілген 8 сыныптар арасындағы информатиктер сайысы жоспары

Тақырыбы:

Сайыстың мақсаты: Сабақтан тыс әдіс-тәсілдерді қолдана отырып 9-сынып оқушыларының информатика пәніненбілімдері мен ойлау қабілеттерін анықтау.

Сайыс барысында компьютерлік мүмкіндіктерді көрсете білу. Оқушылардың қызығушылықтарын, іздену, өздігінен оқып білу құштарлықтарын қалыптастыру

Қазіргі ақпараттық мүмкіншіліктер мен құрылғыларды заман талабына сай ұштастыра көрсету.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта , интернет, электронды камералық байланыс, т.б.

Сайыстың барысы:

І Ұйымдастыру. Сайыстың қатысушыларымен, қазылар алқасымен танысу. Техникалық дайындау жүргізу. Сайыстың шарттарымен таныстыру. Сайысты жргізушінің көмегімен сәлемдесе отырып бастау.

Жүргізуші: Сайыстың тур кезеңдері.

1-тур: Іріктеу. “Сәлем – сөздің атасы”

2-тур: “Не? Қайда? Қашан?”

3-тур: “Аукцион”

4-тур: Кім тапқыр?

5-тур: “Болашақ программисттер”

6-тур. “Кім жылдам?”

7- тур. Капитандар сайысы

Сәлем – сөздің атасы” Іріктеу. Топтардың құрамын анықтау. Сайысқа қатысушы оқушы жасырылған конверттер бойынша интернетке немесе компьютерге байланысты құрылғыларды анықтап қай топтың қатысушысы екенін анықтап алады.Мысалы: «модем» сөзін алған оқушы интернет тобының қатысушысы болып анықталады. Интернет және компьютер топтары өз араларынан топ басшысын сайлайды. Алғашқы тапсырмаға осы жасырылған сөздің мағынасын ашу тапсырмасы беріледі. Таныстыру қызықты немесе өлең, импровизациялық түрде де болуы мүмкін.





1-тур

Өнер қуған информатик жастармыз

Есебіңді шапшаң шешіп тастармыз

Тобымыз өңшең алғыр, қырандар,

Ерен қуған оқымысты бастармыз- деп екі топтың танысуы.

ИНТЕРНЕТ тобы КОМПЬЮТЕР тобы

  • АГЕНТ

  • ЖЕЛІ

  • МОДЕМ

  • САЙТ

  • E-MAIL

  • МОНИТОР

  • ВИНЧЕСТЕР

  • КОЛОНКА

  • СКАНЕР

  • ТРЕКБОЛ

2-тур “Не? Қайда? Қашан?”

Сайыстың шарты: сайысқа қатысушылар барынша ұтымды, жылдам, дұрыс жауап берулері керек. Сұрақтар бейнелік, қашықтықпен байланысу және әуезді түрде беріледі.

1сұрақ. Бейне сұрақ. Адамның екі өкпесі болса соның бір бөлігі екіншісінен көлемі жағынан кішілеу неліктен? Жауабы:жүректің орналасуына байланысты.

2сұрақ. Музыкалық сұрақ. «Менің Қазақстаным» әнінің авторлары мен шығу тарихын айтып беріңіздер.

3 сұрақ.бейне сұрақ. Ең үлкен кемеден ең алғашқы рет «sos» дабылы берілді. Қай мұхиттан, қандай кемеден берілгенін атаңыздар.

4 сұрақ.Қара жәшік сұрақ. Қара жәшік тегі затты табыңыз. Ол заттың көмегімен алғашқы санау құралы пайда болса қазіргі кезде адам өмірінде құрылыс саласында да пайдаланылады. Ол табиғаттың бір денесі.

5сұрақ. бейне сұрақ. Ең алғашқы дыбыссыз кино саласының шебер адамын ата.

6 сұрақ.полиглот сұрақ. Тікелей аударылған информатикаға байланысты сөздердің орысша және ағылшын тілінде айтылуын табыңыздар.Ағылшын тілінен аударғанда “қуанышты таяқ” мағынасына ие компьютердің құрылғысы.

(Радостная палка- Джойстик)


7сұрақ. полиглот сұрақ. “Амперқұм” деп ағылшын тілінен тікелей аударылатын пернетақтадағы пернені атаңыз.

(& - символы амперсанд (sand - англ. "песок").)

8 сұрақ.полиглот сұрақ. Ағылшын тілінен аударғанда “майда-жұмсақ” мағынасына ие компьютер шығарушы фирманы атаңыз.

Майкрософт- Microsoft


9сұрақ. бейне сұрақ. . Программалауда бағдарламаның қандай объектісі ағылшын тілінен аударғанда тұрақты деп аударылады?Константа- const

10 сұрақ.бейне сұрақ. Күн жүйесіндегі алып планета Юпитердің қазақша атауы? (Есекқырған )

3-тур: “Аукцион” Жүргізушінің сайыс шартымен таныстыруы:

Топтардың бір-біріне сұрақ қоюы. Екі топ мүшелері бір-біріне информатика бойынша сұрақтарын ұпаймен бағалай отырып ортаға салады. Дұрыс жауап берген топ өз есебіне ұпай салса, сұрақты берген топтан сонша ұпайы шегеріледі, яғни топ мүшелері сұрақтың неғұрлым күрделі болуына мүдделі болады.

4-тур: Кім тапқыр? Берілген сөз бойынша сөз құрау. Екі топтан бір-бір оқушы шығып, жасырылған сөзден неғұрлым көп сөз құрастыру керек. Тақтадағы ақ параққа маркермен жазып соңында сөздердің көптігіне қарап ұпай саны беріледі.Турға 2 минут уақыт беріледі. (Перфокарта)

5-тур: “Болашақ программисттер”

Логикалық сұрақтар.

  • Жеке тұлғаның ойлау, есептеу, есте сақтау, заман талабына сай болып өсуін қалыптастырады. Сұраққа жылдам жауап беру керек. Барлық цифрлардың көбейтіндісі неге тең?

  • Ағашта 10 торғай бар еді, 9 торғайдан өзгесі ұшып кетсе, неше торғай қалады?

  • Партаның бір бұрышын аралап тастасақ парта неше бұрышты фигура болады?

  • Қараңғы бөлмеде ең бірінші шырақты жағасыз ба, әлде май шамды жағасыз ба?

  • Күн мен түн немен аяқталады?

  • Жаңбырлы күні қоян қандай бұтаның астында отыр?

  • Қандай пілдің тұмсығы жоқ?

  • Түйеқұс өзін құспын деп айта алады ма?

  • Қала мен даланың ортасында не орналасады?

  • Қандай жолмен жүруге болмайды?

6-тур. “Кім жылдам?”

Информатикалық есептерді шешу.

1.

ROUND (17,96) қандай нәтиже береді?

2.

ИНФОРМАТИКА сөзінде қанша бит бар?

3. арифметикалық өрнегін алгоритмдік тілде дұрыс жазылуын көрсет:

4.

1011+1010 екілік санының қосындысы есептеңіз :

5.

Құжатта 1024 әріп, 50 тыныс белгісі және 200 пробел бар. Осы

құжаттағы ақпарат көлемі қандай?

6.

Егер X=7, Y=9, Z=15, R=430,02 болса, онда Write (‘X=’,X); операторының жұмыс нәтижесін көрсет:

Жауаптары: (18),(88), ((x + 3*y) / (5*x*y) ),(10101),(1Кбайт 250 байт),

( X =7;)

7- тур. Капитандар сайысы

Топ басшыларына берілетін тапсырма. Турбо сайттағы электронды тестке жауап беру. Әрбір сайыстың барысында топтың ұпай сандарын әділ қазылар бағалап отырады. Сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.































Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы

«Темір» жалпы орта мектебі.

















Тақырыбы: «Шоқжұлдыздар» зияткерлік сайысы.

пәні: информатика

сыныбы: 9-сынып

пән мұғалімі: Оразбекова К. Тәшімбет Д.

Электронды пошта: kulya.1973@mail.ru dinara-t@mail.ru

Мекен-жайы: Темір ауылы.


















2010-2011 оқу жылы











АГЕНТ

ЖЕЛІ

МОДЕМ

САЙТ

E-MAIL

МОНИТОР

КОЛОНКА

СКАНЕР

ТРЕКБ








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Шо? ж?лдыздар

Автор: Оразбекова К?лайша

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174824


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства